Сауат ашу кезеңінде жазу жұмыстарына қойылатын талаптар. -Әріптердің негізгі элементтерінің және сөз ішіндегі әріптердің бір-бірімен қашықтығы біркелкі болуы.
-Әріптердің биіктігі біркелкі болып шығуы.
-Сопақша және жарты сопақша құрсау түріндегі әріп элеметтерінің, сондай-ақ қисық түзу сызықтан құралатын әріп элементтерінің бір-бірімен кілт жалғастырылмай, бірте-бірте созылыңқырап барып, жіңішкеріп жалғастырылуы.
-Әріптердің кескіні қабылданған үлгіге сәйкес дұрыс жазылуы.
-Сөздерді жазғанда әріптердің дұрыс жалғастырылуы.
Оқушылар жазу ережесін сақтап отырғанда ғана дұрыс жазуға үйрене алады. Жазуға негізінен мынадай талаптар қойылады:а)әріпті дүрыс жазу, дәптердің көлденең сызығынан ауытқымау;о)әріптердің элементтерін жазғанда ұзынды-қысқалы етпей, тегіс, бірдей жазу;б) әріптердің бірін оңға, бірін солға қисайтпай, барлық әріпті бірдей, оңға қарай, сәл келбете (45) жазу;в) әріптердің, сондай-ақ сөздердің арасындағы қашықтыкты бір қалыпты сақтап (сөздер бір-бірінен м әрпінің келеміндей қашықтықта болуға тиіс) отыру;г)бірте-бірте жазу карқынын тездете түсу.
Бұл талаптар бастауыш мектептің барлык сыныптарында да жазу жұмысының барысында орындалып отыруға тиіс.Жазу барысында орындалуға тиіс ережелерді мұғалім балаларға оларды жазуға үйретуден бұрын көрсетіп, түсіндіреді: мысалы, екі аяқ тік бырыш қалыпта бүгіліп немесе жазылыңқырап еденге (столдың көргішіне) тіреліп тұрсын; жазғанда көкіректі столға тақап тіремей, столдың шетінен 3см қашық ұстап түзу отыру керек. Екі иық кеудемен бірдей, түзу тұруға тиіс. Жазғанда оқушы тым еңкейіп, столға көкірегін тіреп отырса, дәптерге көзі тым жақындап, жақыннан көруге үйреніп кетіп, бірте-бірте сәл алыстағыны көре алмайтын болады. Дәптерге жарық сол жақтан түсіп, қолы жазуды көлеңкелемейтін болсын. Екі қол шынтаққа дейін стол үстіне қойылсын. Дәптерді сол қолмен ұстап, жазу төмен түскен сайын жоғары жылжытып отыру керек. Қолдың қалам ұстаған жері көкіректің дәл орта тұсында болу керек. Дәптер де оқушының көкірегінің дәл орта тұсында жатсын. Әйтпесе басты оңға я солға қисату немесе дәптерге көздің қиығымен қарауға тура келеді.
Қанеті болдырмау үшін жүргізілетін жұмыс түрлері Оқушылар жазу жұмыстарында қате жібермеу үшін өздіктерінен жұмыс жасауға тиіс. Осы тұрғыдан олар өздері қате жіберген сөздерін дәптерлеріне жазады, оны жою жолында жұмыс жасайды. Оқушы мұғалімнің басшылығымен сөздерді жазып қоюға ғана емес, сонымен.. қатар өздерінің қателерін жою үшін өздіктерінен жұмыс жасауға да үйренуге тиіс. Біршама уақыт өткеннен кейін мұғалім сыныппен жұмыс жасау кезінде немесе бір оқушыдан сабақ сұрау кезінде керекті сөзді жазғызады, қалай жазылып тұрғанын талдатады. Мұндай жұмыс балалардың белсенділігін арттырады. Біраз уақыт өткеннен кейін (тоқсан аяғында, жарты жылдықтың аяғында) оқушылардың жұмыстарына толық талдау жасайды. Кейбір оқушыларға тән қателері теріп жазады, осының нәтижесінде әрбір оқушының және бүкіл сыныптың үлгерімі жөнінде тұтас карта жасалады. Мұғалім балалардың қате жіберу мотивін анықтайды:
1) оқушы ережені білмегендіктен (кезінде түсінбеген немесе ұмытып қалған) жіберген бе?
2) ережені біледі, бірақ оны жазуда дұрыс қолдана алмаған, яғни ережені жазуда қолдану дағдысы қалыптаспаған.
3) ережелерді араластырып шатастырады.
4) жазып отырғанының мағынасына (не жазып отырғанының өзіне түсінбейді) түсінбей, зейін қоймай, механикалық түрде әрекет етеді.
5) кейбір дыбыстарды қате естиді немесе өзі қате айтады да, өзін-өзі бақылай алмайды.
6) асығыс, ұқыпсыз орындау салдарынан қатені байқамайды т.с.с. –себептерін анықтағаннан кейін соған сәйкес, қосымша жұмыс ұйымдастырады.
Оқушылардың жұмыстарында кеткен қателіктерді түзету жолдары да алуан түрлі. Қателерді қай кезде түзету керек? Егер жұмыс шағын болса, сол табанда түзету керек. Мысалы, ескерту, түсіндірме диктанттары, көшіріп жазу жаттығуларын сол сабақтың үстінде-ақ түзетуге болады. Ал бақылау диктанты, мазмұндама, шығармадағы қателер соңынан түзетіледі. Қате түзетуде жазу жұмыстарына талдау жасаудың пайдасы зор. Талдау барысында мұғалім балаларға әуелі дәптерлерін таратып бермейді, өйткені олар өз дәптерлеріне қарап алаң болады да, мұғалімді тыңдамайды, ұжымдық жұмысқа қатыспайды. Жұмыс осы оқушылардың көпшілігіне тән қателерден басталады. Мұғалім өзі (немесе тақтаға шақырылған оқушы) балардың көбі қате жіберген сөзді немесе сөйлемді тақтаға жазады, оны қалай жазу керектігі, неге олай жазатынымыз анықталады, ережесі еске түсіріледі. Мұндай жалпы сыныпқа тән қателер онша көп болмайды, сондықтан оларды талдауға бір сабақ жеткілікті. Егер уақыт қалса, оқушылар ол сөзге сөйлем құрап, дәптерлеріне жазып алады. Екінші сабақта жеке оқушылардың жіберген қателіктері талданады. Осы мақсатпен балалардың дәптерлері таратылып беріледі. Олар мұғалімнің түзеткен қателіктерін табады, оны жұмыстың соңғы жағына теріп, көшіреді, қосып сөйлем құрастырады т.б. Қатемен жұмыс тек бақылау диктантына байланысты ғана жүргізіліп қоймайды, сонымен қатар басқа сабақта да жүргізіледі. Балалардың жұмыстарындағы қателерді мұғалім түрлі жолдармен түзетеді:
1) қате жазылған сөз сызылып, үстінгі жағына сөздің дұрысы тұтас жазылады;
2) қате жазылған әріп немесе сөздің асты сызылады;
3) қате жазылған әріп немесе сөздің асты сызылады, тұсына ескерту жазылады (керекті әріптің я сөздің дұрысы немесе соны еске түсірерліктей сөз көрсетіледі, немесе тиісті сұрау қойылады, кітаптан тиісті параграф ережесі көрсетіледі т.б.);
4) қате әріптің астын сызып қояды, ешқандай ескерту берілмейді.
Жазуға үйретудің мақсаты, міндеті, принциптері жазу пәнінде әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың оқушы бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы болуға тиіс. Мектепке алғашқы келген күнней бастап баланың жазуына жете көңіл бөлмеу көп жағдайда оның өз ісіне салдыр – салақ қарауына, жауапкершілікті сезінбеуіне әкеп соғады. Таза, әдемі жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін оятып, мінез – құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке, тыңғылыққа, ұқыптылыққа үйретеді. Бірақ бұл үрдіс баяу қалыптасады.Мұндай мақсатқа жету көптеген талаптарды орындаумен тікелей байланысты. міндеті әріпті жаза білуге үйрету емес, оның әрбір элементтерін дұрыс сақтауға, дәптерге қалай болса, солай жазбай, оңға қарай біркелкі көлбеу жаза,оның жазуға машықтандыру міндеті де тұр.Осы талаптарды орындау негізінде оқушының көркем жазу дағдысы қалыптасады. жазуға үйренудің принциптері жалпы дидактикалық принциптерге сүйенеді.Көрнекілік принципі жазуға, әсіресе көркемжазуға үйренудің негізі Яғни, сабақта түрлі таблицалар тақтаға, оқушылардың дәптерлеріне т.б. жазуды сабақта пайдалану.Көрнекілік принципін алғаш зерттеп, оған мәнді үлес қосқан Я.А. Коменский, К.Д.Ушинский т.б.Қайталау принципі бойынша жаттығулар жазу арқылы жазу дағдылары автоматтандырылады. Барлық дағдылар жаттығу жасау барысында жалдам орындалады немесе беки түседі.Бірақ барлық жаттығуларды орындау барысында дағдылар қалыптаса бермейді.Орындалатын жаттығуда көзделген мақсатқа сай іс - әрекеттер жасалыну тиіс.Қарапайымнан күрделіге қарай жүру принципі немесе бірте – бірте күрделену.Мәселен, 6 жасар бала әріп элементтерін әріпті, содан кейін сөз жаза бастайды. Бірақ біз олардан бір сөзді үзіліссіз жазуын талап ете алмаймыз.Бұл 6 жасар балаға қиындықтуындайдыОнайдан қиынға қарай жүру әріптің формасымен жұмыс істеу барысында қалыптасады. Әріптерді бірнеше топқа бөліп қарастырамыз. Бірінші топқа – жазылуы оңай әріптер кірсе, екінші топқа қиын әріптер жатады.Әріптерді бұлай топтау арқылы жазу гигиеналық принцип болып табылады.
Жазуға үйрету кезінде істелетін алғашқы жұмыстар. Жазуға үйретуден бұрын бірнеше рет дайындық жаттығулар жүргізіп, балалардың қолын қимылға, көзін шамалауға үйрету керек болады. Дайындық кезеңінде балаларды жазу сабағына қажет материалдармен және жазу аспаптарымен таныстыру, партаға қалай отыру, дәптерді қалай қою, қаламды қалай ұстау ережелерімен таныстыру, саусақтарды қимылдатуға бүгуге, жазуға жаттықтыру, білекті қимылдатуға жаттықтандыру керек. Әріп элементтерінің, әріп кескіндерін дұрыс меңгеріп, жазу әдістеріне төселе бастаған кезде балалар бірте-бірте қолды жүргізіңкіреп, такт бойынша жазуға үйретеді1.Оқушыларды дұрыс жазуға үйрету барысында мұғалім мыналарға көңіл бөлуге тиіс. Материалдың тәртіппен өтіліп жазуға берілетінін алдын ала таңдылады. Каллиграфиялық жағынан дұрыс жазу үлгілерін мұғалім тақтаға, оқушылардың дәптеріне жазып көрсетіп отырады. Балалардың дәптерлері күн сайын қаралып, тексеріліп, кемшіліктері, оны қалай түзету жолы көрсетіліп отырылады. Айына бір рет болса да байқау жұмысы жүргізіледі. оқушыларды сауатты жазуға үйрету үшін ескерілетін жағдайларды топтап көрсететін болсақ, олар төмендегідей:
Мұғалім жазылатын сөздің немесе сөйлемнің мағынасын, мәнін оқушының түсінетіндігіне әбден көзі жеткеннен кейін барып жаздыруға тиіс (оқушы кейде мағынасына жете түсінбегендіктен қате жібереді).2. Сөзді дұрыс айтуға, ұқыпты жазуға, жазғандарына ой жүгіртуге бағыт беріп, қатемен жұмыс ұйымдастырады.3. Үнемі талдау жасау, түбірлес сөздер табу, сөз тіркестері арқылы сөйлем құрастыру, ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру – мұның барлығы оқушының ойлауын арттырып, материалды меңгеруге жағдай жасайды. 4. Дыбыстық талдау, сөз құрамына жаттығу, сөз табының қызметі, синтаксистік талдаулар іске асырылып, сөйлеуге үйрету жұмыстарымен байланыстырыла жүргізіледі. Арнаулы орфографиялық жаттығулар (көшіру), (диктант) тіл дамыту жаттығуларымен (мазмұндама, шығарма) кезек жүргізіледі.5.Сөздік жұмысы үздіксіз жүргізіліп отырылады. Әрбір оқушының жазудан әлсіз жақтары болады (кейбір сөздерден қате жіберу т.б.). Мұғалім ондай балалармен сөздік жұмысын жеке жүргізеді.6. Сауатты жазу дағдысын қалыптастырудың маңызды шарттарының бірі – орфографиялық қате, сөйлеу қателерін болдырмау үшін алдын ала синтездеу, талдау жұмысы.7. Белгілі бір жағдайға дағдылану біраз уақыт жаттығуды қажет ететіні сияқты, сауатты жазуға жаттығу дағдысы да көп қайталауды, жаттығуды талап етеді. Сондықтан өтілгеніне біраз уақыт болған материалдарды жүйелі түрде еске түсіріп отыру пайдалы.
Жазу сабағынның жоспары. Жазу сабағы шамамен мынадай жоспар бойынша жүргізіледі:
1.Жазғанда партаға қалай отыру ережелерін балаларға ескертіп, өзі аралап көріп, дұрыс отырмағандарын дұрыстап отырғызады.
2.Сабақтың мақсатын, алда тұрған міндеттерді көрсетіп, мұғалім жаттығуды, әріп элементтерін, сөзді, фразаны тақтаға жазады, оқушылар мұғалімнің қолының қалай қимылдау жайын қарап, бақылап отырады.
3.Мұғалім оқушылардың алда тұрған міндеттерді қаншалықты ұққан-ұқпағандарын анықтап алып, жазуға кіріседі.
4.Мұғалім партаны аралап жүріп, жазу процессін бақылайды.
5.Жазу аяқталғаннан кейін оқушылардың кемшіліктері мен жіберген қателері айтылады, түзетіледі, жақсы жазғандары жарияланады.
Жазу сабағы. 1. Оқушылардың жазуға дайындығын тексеру (дұрыс отыру, қалам ұстау, дәптер қою т.б.).. Мұғалім бір сөйлем айтады, оқушылар оны қыйталайды.. Сөйлем сөзге, буынға, дыбысқа талданады.. Сөйлемді мұғалім тақтаға жазады, оны оқушыларға оқытады, содан кейін бұл сөйлемді жауып қояды.. Оқушылар сөйлемдерді дәптерлеріне жазады.. Тақтадағы сөйлем ашылады да, оқушылар өздері жазғандарын тақтадағымен салыстырады, тексереді.. Осылайша екінші, үшінші сөйлемдер жазылады.. Оқушылар жазған үш сөйлемін түтас оқиды.
Соңғы элементтері түрлі имек сызықтарға аяқталған топтағы әріптерді өзара дұрыс байланыстырып жазуға оқушыларды төселдіру үшін төмендегі тәрізді графикалық даярлық жаттығуларын жүргізген жөн. Д, д әріптің емлесі.
Мұғалім түсіндіреді: «кіші д әріпін әр түрлі жазамыз, оның сөздің басында немес ортасында келетініне байланысты. Сөздің басында жоғарыдан солға қарай жазамыз, а әріпі сияқты:
Алдыңғы әріппен байланысса әріпті төменнен бастап жазамыз.Кіші у әрібі сияқты, д әрібін жазғанда да имекті жазу қиынға түседі. Қатені түзеу үшін имектің қандай болатындығын айту керек немес мынадай жаттығуларды беруге болады:Үлкен д әрібінің формасы күрделі. Сондықтан оның жазылуын түсіндіргенде формасына назар аударылады. Әріпті Д әрібінің бірінші элементі сияқты жоғарыдан бастаймыз. Төменгі жағынан кішкене имек жасап, төменгі сызыққа тигізіп жоғарыға қарай дөңгелектейміз. Алдыңғы әріппен үзіліссіз байланысады.
З, з әріптерінің жазылу емлесі.
Кіші з әріпін жазу қиынға соғады. Себебі, әріптің формасында өзіндік ерекшелігі бар. Сондықтан оның оны жазуды түсіндірген жөн: «жұмыс жолының үстіңгі сызығынан сәл төмен жерден бастаймыз, сызықты дөңгелектей келе ж.ж. төменгі сызығына жеткізбей имекті жасай бастаймыз. Имек төменгі сызықтан асып, қайыра келгенде қиылысады» Әріпті жазғанда жұмыс ерекше назар аудару керек. Біріншібөлігі төменгі сызыққа жетпей дөңгелектейді, екінші бөлігі төменгі сызықта қиылысады.
И, и дыбыстарың жазылу емлесі.
Әуелі, баспа түрін немес тақтаға жазылғанәріп үлгілері көрсетіледі. Салыстыра келіп екі әріптің жазылу айырмашылығы формасы мен көлемінде екені түсіндіріледі.
Мұғалім тқтаға кіші и әріпін түсіндіре отырып жазады: и әріпі үзіліссіз жазылады. Жоғарғы жағынан сызықтан өзімізге қарай тіке,төменгі сызыққа сәл жеткізбей оңға қарай имектеу қылып, екінші элементімен қосылатын жерге дейін жоғарға апарамыз. Сызықты жоғары қарай қазғалтқан кезде оңға қарай қиғаштау етіп жазамыз. Бірінші элементті аяқтасақ қаламсапты дәптерден алмай, яғни үзіліссіз екіншіэлементті жазамыз. Екінші элементті бұрынғы жазғандай етіп төменгі жағын сәл имектеу етіп бірінші элементпен екінші элемент арасында бұрыш қалатындай, сызықты жұмыс жолының дәл ортасына дейін апарамыз.
У әріпі бірде дауысты, бірде дауыссыз болады. Кіші у әрпін жазуға оқушылар біршама дайын болады. Алғашқы элементі и әріпінің бірінші элементі болса, екінші элементі дайындық кезінде жазылған элемент. Бірақ бұған қарамастан үзіліссіз жазу кезінде айтарлықтай қиындық туады.Кіші у әрпінің жазылуын түсіндіре отырып, мұғалім и әрпінің жазылу кезіндегі оқушылардың білім тәжірибесіне сүйенеді: «Бавлалар бірінші элементті байқасақ, и әріпінің элементі сияқты. Ал екінші элементі бізге бұрыннан таныс.
Бірінші элементті қолды дәптерден алмай үзіліссіз жазып, имек сызықты екінші элементін жазамыз.Екінші элементін жазуда не маңызды? Сызық тік болу керек? Өзіңе қарай жазғанда біркелкі сыза отырып, солға қарай имек жасаймыз. Міндетті түрде жұмыс жолының төменгі сызығымен қиылысу қажет».
Мұғалім ц әрібі қай әріпке ұқсайтынын сұрайды. И әрібінен қандай айырмашылығы бар? Ц әрібі и әрібі сияқты жазылады, бірақ оның имекшесі бар. Имекшесі у әрібінің имекшесі сияқты жазылады, бірақ кішілеу келеді.
Дөңгелек элементтерді жазуға байланысты жүргізілетін жұмыс түрлеріне мысал келтіріңіз Жазу барысында қозғалыс элементі суретін салуға сәйкес келе бермейді. Мәселен, дөңгелек элементі бар әріптер. Бұлардың негізгі элементі дөңгелек. Бірақ дөңгелек түгелмен тек о, ө, ю әріптерінде жазылады. Ал я, д, ф әріптері сөздің басында келсе дөңгелекше аяқталмай екінші элемент жазылады.
Ф әріпінде екі дөңгелекше бар. Бірақ, екінші дөңгелекше біріншісіне қарағанда тіпті басқаша жазылады (біріншісі сағат тілімен, екіншісі сағат тіліне қарсы). Екіншісі ортанғы элементке қосқанда ғана дөңгелекше болады. Дөңгеленген элементтерге аяқталған әріптер сөздегі өзінен кейінгі әріптермен жалғас сызықтар арқылы байланысады. Жалғас сызығы бұл топтағы барлық бас әріптердің және кіші б әріпінің төменгі жағынан қойылады. Бұл топтағы қалған кіші әріптер келесі әріптермен үстіне жүргізілген жалғас сызықтар арқылы байланысады. Мұндай дөңгелеген кіші әріптер өзінен соң келген әріптерімен тек төменгі жағынан жүргізілген жалғас сызықтар арқылы байланысады
Байланыстырып жазуды қалыптастыру жолдары. Жазу дағдыларын игеру үшін оқушы әрбір дыбыс таңбаларың жазылу формасын, олардың бір – бірімен қалай жалғанатынын, жазу кезіндегі гигиеналық талаптарды, әсіресе, жазу жылдамдығы артқан кезде де жазу айқындығын сақтауды меңгеруі шарт. Бұл шарттардың барлығы да балалар бойында жазу кезінде нақты, тұрақты дағдыларды қалыптастыру және оны дамыту барысында жүзеге асады. Байланыстырып жазуды қалыптастыру үшін мұғалім мына төмендегілерді ескеруге тиіс:
а) қолжазба әріптерінің биіктігі мен ені 2:1 қатысына сай болу керек (үш негізгі элементтентұратын ж, м, т,ф, ш, щ, ы, ю әріптерінен басқасы).
ә) жазу оң жаққа қарай 65° көлбеу болуға тиіс, әріптер мен әріп элементтерінің көлбеулігі бірдей болу керек.
б) дөңгелек немесе жартылай дөңгелек элементтері бар әріптерді сөз ішінде басқа әріптермен байланыстырудың негізгі екі әдісі бар: үстіңгі және астыңғы
Қазақ тілі жазуының түп тамыры V-VIII ғғ. көне түркілер қолданған руникалық әлiпби екендігі белгілі, ал VIII ғасырдан бастап ислам дінімен бірге енген араб әліпбиі қолданылды.
XX-ғасырда қазақ тілі өзінің әліпбиін үш рет өзгертті. 1912 жылы қазақтың ұлы ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің дыбыстық жүйесін айқындап, құрамында 28 әрпі бар араб графикасы негізінде жаңа әліпби жасап, төте жазу ережесін анықтады. Бұл әліпбиді біздің елде 1929 жылға дейін пайдаланды, басқа елдерде (мысалы, Ауғаныстанда, Иранда, Қытайда, Пакистанда) тұратын қазақтар осы күнге дейін пайдаланады.
1929 жылы қазақ жазуы 29 әрпі бар латын графикасы негізіндегі әліпбиге көшті. Көшу кезінде қазақ тіліне жаңа [хы] дыбысы қосылды, ол латынның h әріпімен белгіленді.
1940 жылы 42 әріптік кирилл графикасы негізіндегі әліпбиге ауыстырылды. Бұл әліпбиде орыс тілінің 33 әріпіне қазақ тілінің ерекше 9 дыбысын таңбалау үшін кириллицадан тыс ә,ғ,қ,ң,ө,ұ,ү,һ әріптерін қоса салды
Соңғы реформада қазақ тілінің фонетикалық ерекшеліктері ескерілмеді: қазақ тіліне орыс тілінің дыбыстарын негізсіз кіргізді; қазақ тіліне қіргізілген дыбыстарды таңбалау үшін қазақ әліпбиіне артық в,ё,и,ц,щ,ф,э,ю,я,ь,ъ орыстың әріптері ендірілді. Қазақ қазақ тіліндегі орыстың кірме сөздерінің жазылулары мен айтылулары орыс тілінің нормасына сәйкес жүзеге асулары керек деген жаңа талаптар пайда болды. Мұндай жаңалықтарды кейбіреулер қазақ тілінің дамуы деп есептейді (Егер орыс тіліне ағылшын тілінің дыбыстарын кіргізсе және оларды таңбалау үшін орыс әліпбиіне ағылшын әріптерін ендірсе, сондай-ақ, орыс тілінде ағылшынның кірме сөздерін ағылшын тілінің нормасымен жаздырып және айттырып қойса, онда орыс тілінің қандай «дамитындығын» елестетіңізші). Қазақ тілін осылай «дамыту» арқасында оның жазылым және айтылым емле-ережерінде көптеген қайшылықтар пайда болды, тіл өзінің ішкі бірлігі мен үнділігін жоғалтып бұзыла бастады. Осы күнге дейін қазақ тіліне қатысты бір-біріне қарама-қайшы оқулықтар мен ғылыми еңбектер шығуда (1-Қосымша. Қазақ тілі оқулықтарының қайшылықтары, оларды қазақ тілінің дыбыстық әртүрлі береді).
Енді қазақ тілінде пайда болған қайшылықтардың кейбіреулерін көрсету үшін қазақ тіліне ендірілген орыс тілінің дауысты «и» және «у» дыбыстарының қолдануын қарастырайық. Олар жазуда қазақтың төл «ы», «і», «ұ», «ү» дыбыстарын ысырып тастады. Мысалы, қазіргі кездегі жазуда «и» және «у» дыбыстарына аяқталатын «ми», «би», «ту», «гу» сияқты сөздердің тәуелдік жалғауларының үшінші жағында «ми+ы», «би+i», «ту+ы», «гу+і» болады. Бұлар “Қазақ тілінде тәуелдік жалғауларының үшінші жағында дауыссыздармен аяқталатын сөздерге «ы» немесе «i» жалғауы, ал дауыстыларға аяқталатын сөздерге «сы» немесе «сі» жалғауы жалғанады” деген ережеге қайшы болады. Егер қазақ тілінде «и» және «у» дыбыстарын дауыссыздар деп есептесек, онда «ми», «би», «ту», «гу» деген сөздерде бір де буын болмайды екен. Осыдан мынадай 2 сұрақ туады: «Қазақ тілінде жалғаулар ережелері дұрыс па?», «Қазақ тілінде ешбір буынсыз сөз бола ма?». Бұл сұрақтарды тудырмау үшін, оларды қазақтың дауысты дыбыстарын қолданып былай жазу керек «мый», «бій», «тұу», «гүу»,. Сонда қазақ тілінің түбір, буын және морфема деген айтылым бірліктері бұзылмай жазылады, яғни, жоғарыдағы жалғау «мый+ы», «бій+і», «тұу+ы», «гүу+і» түрінде жалғанады. Осыдан қазақ тілінде дауысты «и» дыбысы жоқ екендігі, ал қазір у әріпімен белгіленіп жүрген дауыссыз дыбыс екендігі шығады. Соңғы дыбыс орыс тілінде жоқ, бірақ ол ағылышын тілінде бар және оны халықаралық фонетикалық әліпбиде w әріпімен таңбалайды. Орыс тіліндегі у әріпімен белгілеген дыбыстың халықаралық фонетикалық әліпбидегі таңбасы u:, яғни, қазақ тіліндегі дауыссыз у[w] дыбысы мен орыс тіліндегі дауысты у[u:] дыбысын, естілім ұқсастығына қарамай, өзара шатастыруға болмайды. Бұл “Қазақ тілінде сөз ішінде буын дауысты дыбыстан басталмайды” деген ережеге де сай келеді, яғни, жоғарыда түзетілген сөздер «мы-йы», «бі-йі», «бұ-уы», «гү- уі» түрінде буынға дұрыс бөлініп, сөздің буын құрамын бұзбайды.
Қазіргі қазақ тіліндегі осындай қайшылықтар орыс тілінің әліпбиімен қатар, оның емле-ережелерін де еріксіз қолданудан пайда болды. Сондықтан қазақ тілінің жазылым емле-ережелері (орфография) мен қатар айтылым ережелері (орфоэпия) бұзылды. Қазақша сөйлеуде орыстың акценті пайда болды, себебі көптеген терминдер орыс тілі арқылы қабылданды және кірме сөздердің жазылуы мен айтылуы орыстың орфографиясы мен орфоэпиясына сәйкес болуы керек деген талап қойылды.
1) әліппеге дейінге дайындық кезеңі;
2) әліппе кезеңі;
3) әліппеден кейінгі кезең.
Дайындық кезеңде бөбектерді бір ұжымға ұйымдастыру жұмысына баса назар аударылады. Өйткені 6—7 жасар баланың мектепке оқуға түсуімен байланысты, жаңа жағдайға, жаңа адамдарға (мұғалімге, балаларға) үйрену, олармен қарым-қатынасқа түсу балаларға басында әжептәуір салмақ түсіреді. Мұнда балалардың барлығы бірігіп, әсіресе бір-бірінен сұрап, анықтау арқылы орындайтын тапсырмалар беру оларды жақындастырады. Сонымен қатар балаларды біріктіруде ойын ерекше роль атқарады (мысалы, шеберхана ойыны).
Дайындық кезеңінде оқуға, жазуға әзірлік . Мұғалім балалардың, білім дәрежесімен танысады, қалай сөйлей алатындары, қандай өлең, тақпақтар білетіндері анықталады.
Бұл кезеңде мынандай жұмыстарға баса көңіл аударылады:
1. Балалардың сөздік қорын анықтау.
2. Балаларға ауызша қысқа-қысқа сөйлемдер құратып, өз ойларын айтып беруге дағдыландыра бастау.
3. Балалардың, тіліне, сөйлеу мәнеріне көңіл аудару; тіл мүкістіктері, кейбір дыбыстарды анық айта алмау жақтарын жою бағытында жұмыстар ұйымдастыру.
4. Мұғалімнің және жолдастарының сөзін тыңдай білуге дағдыландыра бастау.
5. Сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы ауызша түсінік беріп, сөйлемді сөзге, сөзді буынға, буынды дыбысқа жіктеуге дайындық.
6. Жазуға дайындық жұмыстары жасалады: партаға дұрыс отыру, қарындаш, қаламды дұрыс ұстау, дәптерді партаға дұрыс қою, сия сорғыш, өшіргішті пайдалану сияқты жұмыстармен қатар балалар дәптердің сызығымен таныстырылады: өздері тік, көлбеу, ирек сызықтар сызып дағдыланады. Оқушылардың қолын жазуға жаттықтыру үшін мұғалім әріп элементтеріне ұқсас фигуралар жасап, оны оқушыларға сыздырады.
Дайындық кезеңінде балалардың зейін, ерік, қиял т. б. ерекшеліктеріне баса назар аударылады; I класс оқушылары бір нәрсені зейін қойып, тыңдай алмайтыны сияқты, өз қиялдарын да бақылай алмайды. Олардың қиялы мен шындықтағы заттардың, құбылыстардың арасында айырмашылық көп болады (мысалы, балалар суретте көрсетілген заттарды атап тұрып, онда жоқ нәрселерді де қосып айтады).
Бұл кезеңде жүргізілетін жұмыстың ерекшелігінің бірі - балалардың мектепке дайындық дәрежесінің әр түрлілігі. Осыған орай, жекелеген балаларға қалай ықпал жасау жолдары мен жұмыс түрлері ойластырылады. «Партаға түзу отыр», «Қаламды дұрыс ұста» сияқты плакаттарды көрсетіп (егер мектепте жоқ болса, ондай плакаттар алдын ала дайындалуға тиіс), соған сай әңгімелер өткізіледі. Өйткені балалар отыру, жазу, қалам ұстау ережелерін бұлжытпай орындауға жаттыққанда ғана саусақтарының бұлшық еттері дұрыс дамып жетіледі.
Алғашқы сабақтарда балалардың тілі мен ойын дамыту жолында алуан түрлі жұмыстар ұйымдастырылады: әңгімелесу, көркем шығармалар оқу, ауыз әдебиет үлгілерін (жұмбақ, мақал, мәтел, жаңылтпаштар т. б.) жатқа, айту, өлеңдер жаттау, сурет, экскурсия бойынша әңгіме барысында мұғалім өзі қоятын сұрақтарын мұқият ойластырады.
Дайындық кезеңіндегі әңгіменің ерекшелігі оның қысқа (4—6 минут) болуында, әсерлілігінде, мұғалімнің сөзінің логикалық жүйелілігінде, мәнерлілігінде, тақырыбы жағынан балалардың күнделікті өміріне қабысып келуінде.
Дайындық кезеңде мектеп тәртібі, оқу құралдары мен оқу жабдықтарын пайдалану тәртібін үйретуге ерекше көңіл аударылады.
Осы айтылғандармен қатар дайындық кезеңінде кейбір әріп элементтерімен таныстырып, таңбасын жасатып үйрету де пайдалы (мысалы, «А» үш таяқшадан тұрады: екі таяқша төбелерін түйістіріп тұрады да, үшіншісі кесе көлденең тұрады т. с. с).
Кеспе әріптердің кассасын жасату және оны пайдалану жұмыстарына жаттықтыру да осы кезеңде іске асырылғаны жөн. Өйткені әріп таныту кезеңінде балаларға қойылатын талап тым көбейіп кетеді де, олар үлгіре алмай қалады
Сауат ашу кезеңінде оқушылардың үйренетін шеберліктері мен дағдыларының шеңбері. Сауат ашу кезеңінде балалардың бойында мынадай шеберлік қалыптасуға тиіс:
1) дыбыстарды орын-орнына қойып сөз құрастыру;
2) кеспе әліппе әріптерінен сөз құрау және жазу;
3) сөздердегі жуандық белгі (ъ) және жіңішкелік белгілердің, (ь) айырмашылығын ұғу;
4)қандай да болмасын тіркесіп келген дыбыстардан құралған сөздерді оқи алу;
5) әліппедегі мәтіндерді екінші рет оқығанда тыныс белгілерін сақтап оқи алу;
6) қарапайым мәтіндерді мұғалімнің сұрағы бойынша айтып беру;
7) қысқа өлеңдерді жатқа айта алу;
8) заттар туралы елеске сүйене отырып, қарапайым логикалық жаттығуларды орындай алу. Сауат ашу кезеңінде балаларда мынадай дағдылар қалыптасады:
- сөзді буындап және тұтас сөздерді дұрыс оқу;
- көлемі шағын мәтіндерді саналы, түсініп оқу;
- айтылуы мен жазылуы бірдей, кейбір сөздерді жазу;
-жазған сөздерін тексеріп отыру;
- әріптерді бір-бірімен жалғап жазу.
Сауат ашудың лингвистикалық негіздерін талдаңыз. Сауат ашу әдістемесі тілдің жазба түрі мен ауызша түрінің арасындағы айырмашылықтар мен күрделі байланыстарды бірдей ескерген жағдайда ғана нәтижелі болмақ. Тілдің орфографиясы мен орфоэпиясына қатысты алуан түрлі мәселелерді оқып меңгеру - ең алдымен тілдің дыбыстық жүйесін, ондағы жеке дыбыстардың табиғаты мен фонетикалық заңдарып жете білуді қажет етеді.Табиғи жағынан дыбыс қандай да болмасын бір дененің белгілі бір ортада теңселіп, қозғалуының нәтижесінде пайда болады да, құлаққа естіледі. Дыбыс өтетін орта — ауа кеңістігі. Ауа кеңістігінсіз ешбір дыбыстың жасалып, пайда болуы мүмкін емес.Дыбыстың жасалуында: оның ырғағы, күші, созылыңқылығы, әуені ажыратылады,Дыбыстың ырғағы белгілі бір уақыт мөлшері (әдетте 1 сек.) ішіндегі дірілдің саны; ол неғұрлым көп, жиі болса, ырғақ солғұрлым күшті болады. Ал, керісінше, дірілдің саны аз болса, ырғақ та солғындап, ӘЛСІРЕЙ береді. Адамның құлағы 1 сек. ішінде 16-дан 20000-ға дейінгі дірілдің нәтижесінде пайда болатын дыбысты қабылдап, ести алады. Дауыс құбылысы осы ырғаққа, яғни сөйлеу барысында ырғақтың өзгеруіне байланысты болады.Дыбыс күші дірілдің қарқынынан шығады. Егер дірілдің кеңдік (амплитуда — лат. amplitugo) қарқыны көбейе түссе, дыбыс күші де ұлғайып, күшейе береді. Сөйлеуде дыбыс күші екпінмен қарым-қатынасқа түседі.Дыбыс әуені дыбыс дірілінің түрлерімен ұштасады. Дірілдің ритмикалы және ритмикалы емес деп аталатын түрлері болады.Тіліміздегі дыбыстар өкпедегі ауаның сөйлеу аппараты (өкпе, көмей, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, ауыз, мұрын қуысы, тіл, таңдай тіс, ерін т. б.) арқылы шығуынан жасалады.Дыбыстарды айтуда әсіресе дауыс шымылдығы мен тіл айрықша қызмет атқарады: дауыс шымылдығының керіліп тұруынан діріл пайда болады да, үн шығады; алтілдің бірде көтеріліп, бірде төмен түсуінен, сондай-ақ оның артқы шені мен орта шенінің немеcе ұшының қимылынан әртүрлі дыбыстар жасалады. Тіл дыбыстарының артикуляциясына айрықша қатысы бар дыбыстау мүшелерінің бірі - ерін. Қазақ тілінде 38 дыбыс бар. Олар дауысты, дауыссыз болып екіге бөлінеді. Бұлайша бөлу дыбыстардың буын құрау қызметіне негізделеді. Қазақ тілінде 13 дауысты дыбыс буын құрайды да, 25 дауыссыз буын құрамайды. Дауыстылар: а,ә,о,ө,е,ы,і,ұ,ү,е,э,и,у. Дауыссыздар: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ. «У» дыбысы дауыстыдан кейін келсе, буын құрай алмай, үнді дыбыс болады. Ендеше ол бірде дауысты, бірде дауыссыз қызметін атқарады. Бұлай топтау балаларға әсіресе олардың акустикалық жақтары мен физиологиялық жақтары баса үйретілуі қажет.Сауат ашу кезеңінде балалар дыбыстарды айтуға дағдылануымен бірге олардың қалай таңбалатынымен де танысады. Дыбыстардың таңбасын білу, әріптерді үйрену – сауатты болудың алғашқы баспалдағы. Әріптерді білу арқылы жазуды меңгереді.
Оқушылардың жазуға үйрету кезіндегі физиологиялық ерекшеліктері Жазуды үйренудің бірінші кезеңінде көптеген артық қозғалыс жаасалып,энергия көп кетеді. Бала қаламсапты қатты ұстайды,беттің бұлшық еттері мен бүкіл дененің бұлшықеттеріне күш түседі.Қолдың қозғалысы жазу үрдісінің алғашқы кезінде жай қимылдайды Жазуға үйренудің алғашқы кезеңінде қолдың қозғалысы көздің бақылауымен жазылып отырады.Яғни, қолын жазу барысында қайда бағыттайды, көзін де әріпті жазу бағытымен бірге қозғалтады. Соған қарамастан оқушылар көптеген кемшіліктер жібереді. Олардың жазған әріптер формасын үлгімен салыстырсақ үлкен айырмашылық бар.Жазуға үйретуден бұрын бірнеше рет дайындық жаттығулар жүргізіп, балалардың қолын қимылға, көзін шамалауға үйрету керек болады. Дайындық кезеңінде балаларды жазу сабағына қажет материалдармен және жазу аспаптарымен таныстыру, партаға қалай отыру, дәптерді қалай қою, қаламды қалай ұстау ережелерімен таныстыру, саусақтарды қимылдатуға бүгуге, жазуға жаттықтыру, білекті қимылдатуға жаттықтыру керек. Әріп элементтерінің, әріп кескіндерін дұрыс меңгеріп, жазу әдістеріне төселе бастаған кезде балалар бірте-бірте қолды жүргізіңкіреп, такт бойынша жазуға үйренулері қажет.Қаламсапты үш саусақпен: үлкен, сұқ саусақ, бармақпен ұстаймыз. Сұқ саусақ бармақпен ортаңғы саусақтын ортасында орналасып, қаламсапты жоғары жағынан ұстап тұрады. Сұқ саусақ пен қаламсап басының арақашықтығы 1,5,2 см болу керек. Жазу барысында сұқ саусақпен сәл ғана қысып ұстау керек. Жазу жұмыс кезінде көзге көп күш түседі, өйткені әріптерді дәптер парағындағы сызықтардың арасына дәлме – дәл келтіріп жазу талап етіледі: зейінді жұмылдыру қажеттігі және қол басы бұлшық еттерінің дәл жұмыс істеуі жұмыс істеп тұрған орталықтарды ғана емес, сонымен бірге тұтас алғанда бүкіл организмді қажытады. Жазу жұмысы тез қажытпауы үшін қалам мен оның ұшын тисінше тандай білу қажет. Сонымен қатар, қолдың, қол басы мен саусақтардың дұрыс қалпын сақтау дағдыларын қалыптастыруы керек.