Қарақалпақстан республикасы нөкіс мемлекеттік педагогикалық институты бастауыш тәлім факультеті бастауыш тәлім тәлім бағдарының



бет1/3
Дата02.05.2023
өлшемі0,59 Mb.
#88889
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
АБЫЛАЕВА АЙЖАМАЛ



ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ОРТА АРНАУЛЫ БІЛІМДЕНДІРУ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҚАЛПАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
НӨКІС МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

БАСТАУЫШ ТӘЛІМ ФАКУЛЬТЕТІ
БАСТАУЫШ ТӘЛІМ ТӘЛІМ БАҒДАРЫНЫҢ
3-И КУРС СТУДЕНТІ
АБЛАЕВА АЙЖАМАЛДЫҢ
"АНА ТІЛІН ОҚЫТУ МЕТОДИКАСЫ "ПӘНІНЕН
КУРС ЖҰМЫСЫ
ТАҚЫРЫП: САУАТ АШУҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖАЗУ САБАҚТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІСІ: С.ТӘЖБЕНОВА

НӨКІС – 2023

Тақырып: Сауат ашуға дайындық жазу сабақтарын ұйымдастыру
I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Сауат ашу кезеңінде жазу жұмыстарына қойылатын талаптар.
2. Жазу сабағынның жоспары.
3. Байланыстырып жазуды қалыптастыру жолдары.
4. Сауат ашу кезеңінде жазу сабақтарында емле бойынша жұмыс алып бару үшін дайындық
III.Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Жазуға үйрету барысында оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру Жазба тілді дамыту маңызды, әрі күрделі мәселе. Жазба сөз ауыз сөзге қарағанда өзгеше психологиялық негізі бар, айырықша тіл функциясы. Ол өте қиын, саналы, әдейі бір мақсатпен жұмсалатын тіл формасы.


Осы уақытқа шейін жазбаша тілді меңгерудің, яғни оқушының жазу дағдысын қалыптастырудың бастауышта үш кезеңі (элементтік кезең, әріптік кезең, әріптерді жалғастырып жазу кезеңі) бары, сол кезеңдерге қойылатын талаптарды орындауға төселдіру қажеттілігі және мұның бәрі өте күрделі процес болып табылады. Жазу дағдысының бастамасы әріптің әрбір бөлігін (таяқша, дөңгелек, қосу сызықтары) сызып, жүргізу арқылы жаттықтырылады. Бұл кезеңде бала басымен, бүкіл денесімен жоғары көтеріліп, төмен еңкейіп, екі жағына қисайып, неше түрлі қозғалыстар жасайды.
Алайда мұғалім тиімді жаттығулар ұйымдастырса, көп ұзамай, бірте-бірте бастапқы қозғалыстарын. 1.Әріптердің негізгі элементтерінің және сөз ішіндегі әріптердің бір-бірімен қашықтығы біркелкі болуы.2.Әріптердің биіктігі біркелкі болып шығуы.3.Сопақша және жарты сопақша құрсау түріндегі әріп элеметтерінің, сондай-ақ қисық түзу сызықтан құралатын әріп элементтерінің бір-бірімен кілт жалғастырылмай, бірте-бірте созылыңқырап барып, жіңішкеріп жалғастырылуы.4.Әріптердің кескіні қабылданған үлгіге сәйкес дұрыс жазылуы.5Сөздерді жазғанда әріптердің дұрыс жалғастырылуы. Оқу мен жазу дағдыларын қалпына келтіруге фонематикалық есту қабілеті мен сөйлеу тілінің дамуымен қатар, көру түйсігі және кеңістікті бағдарлауы, қимылы, жазуға үйрету кезінде, ең алдымен, қолдың ұсақ бұлшық еттерінің қимылдары дамуының маңызы бар.Оқу мен жазу дыбыстық талдау, жинақтау әдісі арқылы жүргізілетіні баршаға мәлім. Сондықтан, ең бірінші талап – балалардың дыбыс есту қабілетін дамытып, тіліміздегі түрлі дыбыстарды ажырата білуге, дыбыстық талдауға үйрету.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет