Ќараѓанды Мемлекеттік Медицина Академиясы



бет1/2
Дата05.10.2022
өлшемі43 Kb.
#41418
  1   2

Ф КГМА 1-8-21/02
МУ «Организация методической
работы в соответствии
с ГОСО 2006 года» от 04.07.2007 г


Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы
Анатомия кафедрасы


ДӘРІС


Тақырыбы:Тірек - қимыл аппараттарының жалпы анатомиясы. Сүйек мүше ретінде. Сүйектің құрылысы және дамуы.Қаңқаның дамуына және құрылысына әлеуметтік және биологиялық факторлардың әсері. Толық бас қаңқасының анатомиясы және топографиясы. Бас қаңқасының дамуы. Адам бас қаңқасы құрылысының жастық, жыныстық және типтік ерекшеліктері.
Пәні: Анатомия - 1
Мамандығы: 051301 « Жалпы медицина»
Курс: І
Уақыт (ұзақтығы): 1 сағат

Қарағанды 2011


Тақырыбы: Тірек - қимыл аппараттарының жалпы анатомиясы. Сүйек мүше ретінде. Сүйектің құрылысы және дамуы.Қаңқаның дамуына және құрылысына әлеуметтік және биологиялық факторлардың әсері. Толық бас қаңқасының анатомиясы және топографиясы. Бас қаңқасының дамуы. Адам бас қаңқасы құрылысының жастық, жыныстық және типтік ерекшеліктері.


Мақсаты: Студенттерді тірек-қимыл аппаратының жалпы анатомиясымен, оның құрамды бөлімдерімен, олардың құрылысы мен қызметтерімен, сүйектердің жіктелуімен, қаңқаның дамуы мен құрылысына әлеуметтік және биологиялық факторлардың әсерімен және адам бас сүйегі құрылысының ерекшеліктерімен таныстыру.
Дәріс жоспары: 1. Тірек –қимыл аппараты және оның құрамды бөлімдері
туралы түсінік.
2. Сүйектердің дамуы,құрылысы және химиялық құрамы.
3.М.Г Привес бойынша сүйектердің түрлері
4. Бас сүйектің дамуы: филогенезі, онтогенезі, жасқа
байланысты ерекшеліктері.
Сүйектік жүйе не механикалық, не биологиялық маңызы басым бірқатар қызмет атқарады. Механикалық маңызы басым қызметтерін қарастырайық. Алғашқыда пайда болғанда , қатты қаңқа организмді сыртқы ортаның қауыпті әсерлерінен қорғау қызметін атқарады. Омыртқаларда ішкі қаңқаның дамуымен бірге, ол әуелі жұмсақ ұлпаларға тірек және қолдау болады. Тіректік қызмет қаңқаға жұмсақ ұлпалар мен мүшелердің бекуі арқылы іске асатын болса, қозғалыстық қызметі бұлшық еттер арқылы қозғалысқа келетін буындар арқылы байланысқан, ұзын және қысқа рычагтар түріндегі сүйектердің құрылысына байланысты.
Сүйек жүйесінің биологиялық қызметі қаңқаның зат алмасуға әсіресе минералдық алмасуға қатысуына байланысты.Қаңқа минералдық тұздардың –фосфордың, кальцийдің және темірдің депосы болып саналады.Одан басқа, қаңқа ішінде сүйек майы болғандықтан қан жасау қызметін де атқарады.
Қаңқаның дамуы. қаңқаның дамуының 3 сатысы ретінде онтогенез процессінде де қайталанады:1 – дәнекер ұлпалық( жарғақтық);2- шеміршектік;3- сүйектік. Дамудың осы 3 сатысын барлық сүйектер дерлік өтеді де олар екіншілей сүйектер деп аталады. Бас қаңқасының күмбезінің сүйектері, беттің көпшілік сүйектері , бұғананың бөлігі дәнекр ұлпа негізінде дамиды да, шеміршектік сатыдан өтпейді. Олар алғашқы сүйектер деп аталады.
Адам оганизмінде 200 ден астам сүйектер бар. Сырқы пішініне қарап ұзын, қысқа, жалпақ және аралас сүйектерді ажыратады.
Сүйектерді 3 принциптің негізінде ажыратқан дұрысырақ болады: пішіні ( құрылысы), қызметі және дамуы. Осы тұрғыдан М.Г Привес мынадай классификацияны ұсынады.

  1. Түтікше сүйектер

а.Ұзын б. Қысқа
2) Кеуекті сүйектер
а. Ұзын
б. Қысқа
в. Сесама сүйектер
3) Жалпақ сүйектер
4) Аралас сүйектер
Бас сүйекті құрайтың сүйектердің жиынтығы, cranium, деп аталады. Бас сүйек тек жартылай ғана қозғалыс аппаратына жатады
Бас сүйектің сүйектерінің бірқатар ерекшеліктері бар. Олар: 1)жалпақ келеді де тығыз заттық сыртқы және ішкі табақшалардан және олардың арасында орналасқан кеуекті заттан – диплоэ тұрады. Кеуекті зат диплоэлық веналар жататын диплоэлық өзектерден(каналдардан) тұрады. 2)Сыртқы табақша, тегіс, сүйек қабығымен жабылған. Бас сүйек сүйектерінің ішкі табақшасында, неорганикалық заттар көп, ал органикалық заттар аз болғандықтан нәзік және сыңғыш келеді. Бас жарақаттанғанда оның сынуы сыртқы табақшаға қарағанда жиі кездеседі. 3)Бас сүйек сүйектерінің сүйек қабығы жапсарлардың тұсында сүйектермен тығыз бірігіп кеткен де басқа жерлерде сүйектермен бос байланысқан. Сондықтан сүйек қабығының астында кеңістік пайда болады. Бұл кеңістікте ірің немесе ұйыған қан жиналуы мүмкін.
4)Бас сүйектің кейбір жерлерінде шығарушы – тесіктер болады. Олар арқылы бастың сыртқы, диплоэлық веналарын және мидың қатты қабығының веналық қойнауларын өзара байланыстыратын аттас веналар өтеді.
5)Бастың бір қатар сүйектерінің: мандай, негізгі, самай, тор тәрізді сүйектер және үстіңгі жақ – ішінде қуыстары болады да, олар ауалы (воздухонососный) сүйектер деп аталады. Ішкі табақшаларда мидың қатпарлары мен салаларына сәйкес ойыс және көтерінкі жерлер. Сондай-ақ қатты ми қабығы тамырлары мен жататын тармақталған салалары болады.
Бас сүйектің жасқа байланысты және жыныстық ерекшеліктері.
Жаңа туған нәрестенің бас қаңқасының төмендегідей ерекше белгілері бар:
1)бас сүйектің пішіні мен мөлшері, оның бөліктерінің қарым-қатынасының ересек адамдардікінен едәуір айырмашылығы бар;
2)ересек адамдарға қарағанда сүйектердің саны көп;
3)бас сүйектің төбесі мен табанының арасында жарқақты дәнекер ұлпа мен шеміршектің едәуір қабаты байқалады.
Жаңа туғандардың бас қаңқасының алдынан қарағанда ми сауытының едәуір дамығанын байқауға болады . Бас сүйектің беті белгілі қысқа және жалпақ, онда көз ұясы шарасы жақсы дамыған. Оның себебі – көз алмасы мен оның көмекші апараты жақсы дамып, сәулелі қоздыруларды қабылдауға дайындалған..
Ауалы қойнаудың бастамасы бар және ұялы өсіндісі жоқ жоғарғы жақтың көлемі кшшкентай, осыған орай мұрын қуысы мен жұтқыншақтың мұрындық бөлігінің қуысы тар саңылау түрінде болады.
Ересектерде тұтас бір сүйек түріндегі сүйектер жаңа туғандарда жекелеген бөліктерден тұрады. Бұл ерекшеліктерді бас қаңқасының туу жолының пішініне бейімделуімен ғана емес, сондай-ақ даму тарихын қайталаумен де түсіндіруге болады.
Жекелеген сүйектердің және олардың бөліктерінің арасында жарғақ дәнекер ұлпаның, енбектер, - деп аталатын, қалың қабаты болады. Сыртынан олар терімен және бастың апоневрозымен (жалпақ сіңірімен) жабылған, ал бас қаңасының іш жағынан оған мидың қатты қабығы жанасып жатады. Енбектердің тұсына мимен қбықтардың артерияларының соғуы байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет