Араб әліпбиі негізіндегі қазақ жазуы


» әріптерін қысқартып жазу мәселесіне көбірек назар аударылғанын байқаймыз. Кезінде А.Байтұрсынұлы: «ы»– «



бет6/6
Дата02.04.2023
өлшемі358,55 Kb.
#78485
1   2   3   4   5   6
» әріптерін қысқартып жазу мәселесіне көбірек назар аударылғанын байқаймыз. Кезінде А.Байтұрсынұлы: «ы»– «жаны, малы, тары» деген сөздерде «н, л, р» дың соңынан естілетін дыбыс белгісі. Сөздің басында, ортасында қысқа һәм көмескі естіліп, бар жоғы еленбейтін орындарда жазбаймыз. Мысалы, «қын, қыр, жылым, қырын» деген сөздердің ішіндегі «ы»-ның барлығы сезіледі, хатта сезілмейді деп айтуға болады. Бұл сөздерді «ы»-ны жазғанда да, жазбағанда да осылай оқимыз. Жазбағанда оқуымызға кемшілігі болмаса, оны жазуға да қажет жоқ. «Қаны, жаны, малы» деген сөздерде «ы»-ны жазбай, солай оқи алмаймыз, сөздің аяғында «ы»-ны жазу қажет»,деп, «ы» әрпі бас буында, барша бітеу буында жазылмайды, ал ашық буында қалмай жазылады деген ұстанымда болды. Ал Қ.Жұбанов та өз кезегінде А.Байтұрсынұлының көзқарастарын одан әрі дамыта жалғап, оны ғылыми тұрғыда жүйелей түседі. Ол қазақ жазуы мен әліпбиіне өзгеріс енгізу туралы жазған жобасында жазу барысында нағыз қажеттігі болмаған жағдайда қысаң «ы» дауысты дыбысын таңбаламау арқылы оның қолданысын шектеу керектігі туралы ережелер ұсынады: а) кейінгі буында дауысты «а, о, е, і» дыбыстары келсе, сөз басындағы ашық буында «ы» дауысты дыбысын таңбаламау (бұрынғы жылан, жылау, білек, піризма, т.б. сөздерді жлан, жлау, блек, призма деп жазу); Ал кейінгі буында да «ы» дауысты дыбысы келетін болса, алғашқы буындағы «ы» дыбысын түсірмеу: жырт, былт, қырқ, сырқ, зырқ, зығр;б) барлық тұйық және бітеу буындарда: балқ, серт, бөрк, қрман, брде, жұмс; в) жазуда «ы» әрпінің жоқтығы барлық ашық буындарда басқа мағынада оқылмаса: асра (асыра) , aзрақ (азырақ), жағна (жағына), бақла (бақыла),батрақ (батырақ), алнады(алынады); г) сөз мағынасына әсер етпесе, сөз басындағы «р, у, і, ы» алдында жазылмауы: рурод, ұру – бить (рұу емес), рет(ірет емес), ал ірет-мал терісін сыпырту (рет емес);Қ.Жұбановтың «ы, і» дыбыстарына қатысты айтылған осындай ұстанымдарының кейбірі қазіргі қазақ жазуында ескерілген. Мысалы, сөз басындағы «р» дыбысынан кейін «ы, і» дауыстыларынан басқа дауыстылар келсе, сөз басындағы «ы, і» әріптері жазылмайды (рақмет, рұқсат, рас, ру, рет, рең),ал «р» дыбысынан кейін «ы, і» қысаң дауыстылары келсе, олар сөз басында да жазылады (ырыс, ырық, ырым, ырыл, ірі, іріткі, ірілік).Сонымен біргетек ілу, іліну, ілесу, ілім сияқты сөздерден басқа «л»-дан келетін сөздерде сөз басында «ы, і» таңбаланбауы да Қ.Жұбанов ұстанымдарынан бастау алады. Сөздің мағынасына әсер етпейтін тұстарда «ы», «і» дыбыстарын таңбаламауды кезінде академик І.Кеңесбаев та айтқан болатын. Бұл ойды ғалым Қ.Аманжолов та қолдаған болса, ғалым М.Балақаев «ы», «і» дыбыстары естілген жердің бәрінде жазылуы тиіс деген көзқараста болған екен.
Қазіргі таңда қысаң дауыстылардың ешбір естілмейтін тұстарда да үстемелеп жазылып, сөздің айтылымын қиындататын тұстарының емлесіне ерекше назар аударып жүрген ғалымдардың бірі С.Бизақов «сөз құрамында басы артық дыбысты үстемелеп жазу тіліміздің орфографиялық нормасы үшін де, орфоэпия заңдылығының қалыптасуы үшін де қолайлы емес, өйткені басы артық әріппен тілдің табиғи әуезділігінің берекесін кетіруіміз мүмкін», сондықтан «сөз тұлғасын үстеме дыбыстардан аршып, өзінің табиғи дұрыс дыбысталуын сақтау – тіліміздің бүгіні мен ертеңіне жанашырлық білдіргендік» деп, қазіргі емле ережелері тілдің табиғи айтылымына сай емес екендігін айтады. Ғалым табиғи дұрыс айтылуы «аул» болғанымен, «ауыл» деп буын санын өсіріп жазғанға көз үйреніп, дағдыға айналып, қалыптасып кеткенін, «аулы-ауылы», «даусы-дауысы», «қарны-қарыны», «ойны-ойыны» деген секілді біраз сөздің екі нұсқасы да әдеби тілдің нормасына жатқызылуы сауаттылықты кері кетіретінін, дұрыс еместігін айтады. Егер қазір осы қысаң дауыстыларды барынша қысқартып жазуға көшсек, онда тіліміздегі дыбыстар тіркесі заңдылықтары мен сөзіміздің өзіндік үндесіміне сай келе ме? Қазіргі жаһандану заманында бірнеше тілде сөйлеп жүрген жастарымыз қазақ сөзінің үйлесімін бұзып сөйлеп кетпесіне кім кепіл болады. Сөздің айтылымын ескермей, жазылымы бойынша айтуға, көзіне көрсетіп қойған дыбысты дұрыс айтпай, тілді бұзып сөйлеуге бейімделіп бара жатқан жаһандану кезеңінде қысаң дыбыстарды жазу экономиясына салып жіберсек қалай болар екен!?. Қазақ тілін жақсы меңгерген ортада қысаң дыбыстар айтылуы мүмкін де, ал қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде өзге ұлттар да оқитынын ескерсек, олардың сөзімізді ұлттық үйлесіміне сай айтуына қиындық туғызбас па екен деген ой бар. Жазу емлесінде бұдан да басқа шешімін күткен мәселелер бар екендігін білеміз. Мысалы, «ә» әрпінің жазылу емлесінде «бәйшешек-байшешек», «әбіржу-абыржу», «әжім-ажым» варианттарының әдеби қалпына байланысты пікір таласып жатады. Жазу емлемізді дұрыстау барысында сөзіміздің әуезділігін, тіліміздің әсем ырғақпен айтылуын қамтамасыз етудің бір жолы ретінде ерін үндестігіне де назар аудару керек деген мәселеге ғалымдар әр түрлі пікір айтып отыр. Демек, қазақ жазуын жаңғырту үшін әліпби мен емлені тең ұстау керек, себебі әліпбиді өзгертіп, ал емле баяғы қалпында қалса-ештеңе өзгермейді. Қорыта айтқанда, қазіргі кезде, әліпби құрамындағы дыбыстар мен жазу емлесіне қатысты мәселелерді өзара байланыста қарастырып, екі тізгінді тең ұстап, тіліміздің пайдасына ортақ ұтымды шешім қабылдайтын сәт келді.


2-тапсырма. 1941 жылғы емле сөздігінен алынған төмендегі орфограммалардың себебін түсіндіріңіз. Алааяқ, алакөлеңке, ахрет, аяқкиім, боссөз, бытраңқы, жалахор, біркүні, жапрақ, жандік, жыйлыс, жыйырма, махлұқ, мұқыят , мағна, тәбиғат, хажет, хата, уйқтау, өкмет, қаблет, хұрмет, хауіп.
Қазіргі орфограммадан өзгеше мына сөздер біріктіріліп жазылды: алааяқ, алакөлеңке, антатқан, антұрған, асықжілік, ататек, атсалысу, атшаптырым, атышулы, атқора, ауажайылу, ауылшаруашылық, ахрет, ахуал, ашішек, аяқкиім, аяқтұзақ, бақайқулық, бейнетхор, бейпілауыз, белкүрек, белорақ, боссөз, бытра, бытраңқы, біркүні, бірнəрсе, бұрнағыкүн, дарқан, дастарқан, диқан, емізік (еміздік емес), етбетінен (етпетінен емес), жалахор, жандік, жапрақ (жапырақ емес), жетіата, жыйлыс (жиналыс емес), жыйырма, кеңпейіл, күретамыр, көжеқатық, көзбайлау, махлұқ, мағна, мұраб, мұқыят, мұғаллім, нахақ3, суд (сот емес), тəбиғат, тəбиғи, хажет, хата, хатер, хауіп, хиял, хиянат, хұдды, хұрмет, ішкиім, қаблет, ғібрат, ұйқтау, өкмет
Жалпы, 1938ж., 1939ж., 1940ж. ұсынылған әліпби жобаларын-
да қосар [u] дыбысын бір таңбамен беру ұсынылып, ол қолдау
тапқанмен, u әрпінің емлесі айқындалып, шешіле қоймаған еді.
Мысалы, М.Балақаев 1940 ж. орфографияда тек 4 параграфта “что и пишется во всех словах как мягкий гласный, в других слу-чаях (13 параграф) – буква и пишется для обозначения звуков ый (йық, иса), в третьих случаях, правда без специального пун-кта правил и употребляется для обозначения звуков [і] [й] (ки, жи)” делінгенін айтады. Сондықтан и әрпінің емлесін жүйелеуді ұсынады. Мысалы, жіңішке сингармотембрде бір әріппен (ки); жуан сингармотембрде екі таңбамен берілді (қый). Жалпы, Кирил-қазақ әліпбиінің қабылдану, емле ережелерін жетілдіру тарихына барсақ, жазуды қазақ тілі табиғатының тұрғысынан (М. Балақаев) және орыс тілі табиғатына жақындатып, бағындырып жазу тұрғысынан ұсынатын (С. Аманжолов) екі бағыттың болғанын көреміз.
Емле мәселелері. М.Балақаев қазақ орфографиясының 40ж. қиындықтары ретінде мыналарды көрсетті: күрделі сөздер емлесі, и, ы, і әріптерінің емлесі, қ-х әріптерінің емлесі, ә әрпінің жазылуы, термин сөздердің қосымшалануы, жалпы есімдерінің жазылуы.
М.Балақаев біріккен сөзге бір зат, бір ұғымның мағынасын беретін сөз деп анықтама берілген соң ауажайылу, басқатыру сияқты тіркестердің де бірге жазылып кеткенін, ал аяқ киім, темір жол анықталғыш-анықтағыш қатынастағы сөз екенін айтады. Кісі аттарының фонетикалық принциппен жазылуы уәжді деп табады, сондай-ақ жарыя – жәрия – жария, қайтып кәйтіп деген сөздердің әдеби вариантын анықтау емле сөздігінің құзырына тиеді дейді.
Ғалым һ әрпін х-мен беруге, қ, ғ фонемаларын г, к әріптерімен таңбалауға болады деген ұсыныс айтты. Ал ог, уг, к-ға аяқталған сөздерге жіңішке қосымша жалғауды (полктік, педагогке) екі сыңардан құралған біріккен сөздер жігіндегі қ/ғ, к/г алмасуын таңбалауды ұсынады. Біріккен сөздердің емлесін орыс тіліндегі баламасының жазылуына қарап анықтаудың қателігін айтады. Және қазақ әліпби жүйесінің тәртібіне, оны қабылдаған үкімет қаулысына наразылығын білдіреді. Ғылым академиясының Тіл, әдебиет институтында (1952 III) осы ұсыныстар талқыланған жиналыс қаулысы әліпбиден һ әрпін алып тастауды, әліпби тәртібін өзгертуді, ый, ій, ұу, үу қосарын и, у таңбаларымен беруді қабылдайды.
Бірақ С. Аманжолов керісінше, қазақ әліпбиін өзгерту “қазақ тілі дыбыс-тарына арналған әріптердің керексізі бар ма”, “алфавит сиқын бұзып тұрғаны жоқ па”; “орыс әріптері толық қолданылып жүр ме” деген бағытта жүруі керек дейді. Автордың ойынша, ә әрпінің қызметін я әрпі де атқара алады (Куляш, сіря, Жамиля); к, г-ге аяқталған термин сөздерге соңғы буынның жуандығына байланысты жуан қосымша жалғау, біріккен сөздерді кіріктіріп жазбау ақкөңіл, асырасілтеу сияқты сөздерді бірге жазу уәжді.
Сондай-ақ С. Аманжолов әліпби тәртібін өзгертуге қарсы болды. Ғалым әріп ретін өзгерту алфавиттің қосалқы
– нөмірлеу
– қызметіне кедергі болады деді.
Және қосар дыбыстарды бір таңбамен беру морфологиялық принципке сай емес, сөздің айтылуы мен жазылуын алшақтады. к, г-ге біткен орыс сөздеріне жіңішке қосымша жалғау орыс тіліндегі сөздердің айтылуын бұзады деді. Осы екі бағыттың соңғысының ұсынысы ескеріліп һ әрпі әліпбиде қалдырылсын деген пікір, бірінші буыннан басқа буынға ә әрпін жазбау, орыс тілінен енген сөздердің соңғы буынына қарап қосымша жалғау сияқты пікірлер тұрақтана бастайды.
3-тапсырма. «Кирилл әліпбиінің қазақ тілі фонологиясына әсері» атты эссе жазыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет