Араб әліпбиі негізіндегі қазақ жазуы



бет5/6
Дата02.04.2023
өлшемі358,55 Kb.
#78485
1   2   3   4   5   6
хош келдің, қат жазу хат жазу. Сол сияқты араб тілінен келіп, қазақша игерілген сөздерде ХадишаҚадиша; Хакім Кәкім, әкім, ХамитҚамитӘмит, ХорланҚорлан болып «х» мен «қ» жарыса қолданылса, қаһарман қақарман, мәшһрмәшқұр, шаһар шақар, жиһазжиқаз-жихаз болып «Һ-қ-х» дыбыстарын жарыстыра айтып келеміз. Қазіргі кезде кейбір ғалымдар қазақ тіліндегі «х» дыбысының фонемалық қызметі артып, «қ» дыбысынан арасы алшақтап, оның өз алдына сөз түзу қабілеті күшейе түсті деп көрсетеді. Оған «х» дыбысының арқасында «хат жаздым- қат болып тұр», «халық ақыны- сағаты қалық», «хал-жағдай – қалы бар екен» деген сияқты сөздердің мағыналарын ажыратуға мүмкіндік болғанын алға тартады. Ал «Һ» көмей дыбысы қазақ тілінде тек «аһ, оһ, аһылаүһіле» сияқты одағай сөздерде ғана кездеседі.
Жаңа әліпбидегі дыбыстарға қандай таңба алуды қарастырып қана қоймай, осы әріптермен болашақта қалай жазуымыз керектігі туралы емле жасаушылар тарапынан да көбірек сөз қозғалуы тиіс. Содан кейін барып емле жасаушылардың шешімдеріне сай қылып әліпбиге соңғы өзгеріс енгізу керек деп ойлаймын. Әліпби ауыстыру нәтижесінде сөздерімізді тіліміздің үндесім ерекшеліктеріне сай жазатын боламыз деп жатырмыз. Ол өзгерістер қалай болатынын да білуіміз керек. Егер емле мазмұны бұрынғысынша өзгеріссіз қалса, онда әліпби алмастырудың пайдасы сезілмей қалады. Себебі бұл адамның қызыл шапанын тастап, көк шапан кигенімен бірдей, сырты емес, мазмұны өзгеруі тиіс. Яғни, әліпбиден қалмай, емлемізде де көп өзгеріс жасауымыз қажет.
Қазақ жазуындағы ұу/үу, ый/ій қосар әріптерді бір ғана «у» мен «и» таңбалары арқылы беруді кезінде профессор Қ.Жұбанов ұсынған болатын. Оның бұл ұсынысын кейінгі ғалымдар қолдап, жүзеге асырғанын білеміз. Бұлай таңбалау жазуда әріп үнемділігіне де пайдалы болғандығы айтылып келді. Бірақ осылай таңбалану сыры дұрыс түсіндірілмей, бұл жағдай дыбыс пен әріпті шатастырып айтуға жол бергеніне де куәмыз. Алдағы уақытта тіліміздің үндесімін сақтаймыз деп фонетикалық ұстаныммен жазуға бет бұрсақ, тағы қандай қиындықтар болуы мүмкіндігін алдын ала зерделеу қажет. Бұрынғы әліпбиіміздегі «и», «у» айту мен жазуымызда түрлі қиындық келтіргені белгілі жай. Енді бұл әріптер жаңа әліпбиге тағы да еніп тұр, олардың емлесі қалай болар екен. Қазақ жазуында «и» мен «у»орыс тіліндегі сөздер құрамында келетін дауысты дыбыс, қазақ тіліне кірме дыбыстар деп есептеледі. Бұл дыбыстар орыс тілінен енген «университет», «институт» сияқты сөздер құрамында ғана дауысты болады, ал қазақтың «су, бу, тиын, киін» деген сөздерінде қосар дыбысты таңбалайтын әріп қана, ол дауысты бола алмайды. Қазақ тілінің төл сөздерінің құрамында дауысты «и», «у»дыбысы жоқ.Егер осы «университет» сөзін- «үнүйверсійтөт», «институт» сөзін «іністійтөт» деп жазсақ, ал жоғарыда айтқан өз тіліміздегі сөздерді айтылымы бойынша «су-сұу, бу-бұу, тиын-тыйын, киін-кійін» деп жазсақ, онда «и» мен «у» керек болмай қалады. Ал осылай айту мен жазуды жақындата түсер болсақ, өзгертетіндеріміз де көбейе түседі. Бұның да өз қиындықтары туындайды. Егер орыс тілінен енген сөздерді фонетикалық ұстаныммен, қазақ тіліндегі сөздерді морфологиялық ұстаныммен жазсақ қалай болады деген ойлар да бар. Қазақы айтамын деп сөздерімізді өзіміз танымастай өзгертіп жатқандармен де келісе беруге болмайды. Кейбір ғалымдар үндестік заңын алға тартып сөзді өзгертіп айтуға қарсылық білдіріп, бүгінгі ұрпақ аралас буынды сөздерді де айтуға бейімделген деген уәж айтады. Сондықтан бүгінгі жастар, мысалы, «бидай» деген сияқты аралас буынды сөздерді осы күйінде, жазылуы бойынша, айтатынын, сондықтан үндестік заңы деп тілдің даму жағдайын кері кетірмеуді ескертеді. Ал қазақы ортада өскен жастар бұл сөзді «бійдәй» деп үндесімге сай айтатынын да ескеру керек сияқты.
Енді бір айтатын мәселе, бір сөзімізді орфоэпия-орфография деп бөліп қарау орыс тілінің әсерінен келген деген көзқарас бар. Қалай десе де, айту мен жазу бірдей болмасы анық. Әсіресе, дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ілгерінді – кейінді ықпал етіп, ассимиляция талаптарына сай айтылымын жоққа шығара алмаймыз. Ал көпшілік жағдайда бұл талаптардың толық орындалмайтынын байқаймыз. Мысалы, «аман келді»деген сөзді «амаңгелді» деп тоғыспалы ықпалмен айту орнына, «аман келді», «аман гелді», «амаң келді» деп әр түрлі айту кездеседі. Сондықтан айту мен жазу заңдылықтары емледе нақты айқындалуы керек. Біз өзге тілдің сөздерін дұрыс айтуға күш салып қана қоймай, ең алдымен өз сөзіміздің табиғи қалпын, үндесім заңдылығын, сақтауға тиіспіз. Қазіргі кезде біздің жазуымызда екі түрлі әліпби, екі түрлі орфография, яғни қазақша жазу барысында ана тіліміздегі сөздерді жазу және өзге тілден енген сөздерді жазу емлесі екі түрлі қолданылады. Енді жаңа әліпби қабылдаған соң жазу емлеміз қандай ұстанымда болуы керек?.. Сондықтан қазіргі міндет әліпби мен емле қатар алынып, осы екеуін байланыста қарастыру керек деп ойлаймыз. Себебі жазу емлеміз әліпби құрамындағы барлық дыбыстарды құптап отыр ма, әлде әлі де басы артық дыбыстар бар шығар. Мұны жазу емлесі барысында анықтай түсуге болады. Әрине, енді әліпби құрамын осы күйінде ұстап тұрған дұрыс сияқты.
Қазіргі жазу емлесіндегі кейбір қиындықтар латын жазуына көшу кезінде жетілдірілетіні айтылып келеді. Жазу емлесіне қатысты сөз болғанда, қазақ тіліндегі қысаң «ы», «і» дауыстыларының жазылуына байланысты шешімін күткен мәселе бар екендігін байқаймыз. Қазіргі жазуымызда қысаң «ы», «і» дауыстыларының ешбір естілмейтін тұстарда да үстемелеп жазылып, сөздің айтылымын қиындататын тұстары көп екендігі айтылады. Қазақ жазуы тарихына зер салсақ, «ы», «і

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет