47
еңбектің мазмұны мен механизмдерімен, өндірістің принципімен және технологиялық
процестерімен таныстырады. Тәрбие жұмысының мұндай түрлері ата- аналардың еңбек іс-
әрекеттеріне балалардың ынтасын көтереді.
Үйелменде әр түрлі мамандыққа байланысты кинофильмдерді, теледидарды көру де
балалардың кәсіби ынтасын дамытады, оларды ойландырады.
Үйелмен кәсіптік бағдар беру жұмысын жақсартуда маңызды роль атқарады. Алайда,
бұл жұмысты шүбәсіз ұйымдастыру үшін үйелменнің ең басты одақтасы- мектеп. Ол
үйелменге үнемі көмектесіп, басшылық жасап отырады. Сондықтан кәсіптік бағдар беру
тиімділігін арттыру үйелменнің, мектептің бірауыздығына және олардың оқушыларға
қоятын талаптарының бірыңғайлығына байланысты.
Е.А.Климов мамандық таңдауды сегіз бұрыш қабырғаларына немесе бұрышына
сәйкес келетін сегіз жағын ұсынады.Әрбір қабырға оқушыға өзін - өзі анықтауға көмектесе
алады.
1.
Жеке кәсіби жоспарлар (ЖКЖ). Мұнда оқушы таңдаған мамандық жөнінде.
2.
Е.А. Климов ұсынғандай, кәсіби таңдауда ата - аналардың пікірі, яғни үлкендердің
ұстанған бағыты (ҮБ). Ата - аналар өздерінің балаларын жақсы біледі, сондықтан олардың
пікірі де ескерілуі тиіс. Алайда кей жағдайда ата - аналардың пікіріне де сыни көзқараспен
қарау керек.
3.
Мұғалімдердің пікірі (МП). Кәсіби мұғалім білікті кеңес беруі мүмкін. Өйткені ол
оқушыға, оның іс – әрекетіне және өз құрбыларымен жасаған қарым – қатынасына бақылау
жасайды.
4.
Жасөспірімдерде өзі таңдаған мамандық туралы ақпараттың болуы. Мұнда оқушы
өзі таңдаған мамандық пен еңбек шарттары жөнінде қаншалықты білетіні жөнінде.
5.
Оқушылардың бейімділігі (ОБ). Ол ең бірінші мамандықтар әлемінде оқушылар
бағдарлама алу үшін көмек көрсету мақсатында айқындалады. Ұнатып отырған іс – әрекеттің
жағымды және жағымсыз жақтары жөнінде болған әңгіме ғана қызықты өтеді.
6.
Оқушылардың қабілеттілігі.(ОҚ). Олар болашақ кәсіби іс - әрекеттің
табыстылығының алғы шарттары ретінде міндетті түрде ескерілуі тиіс.
7.
Талаптану деңгейі(ТД). Бұл оқушының мүмкіндіктері мен талабының сәйкестігі.
Оқушының білімінің, интеллектуалдық дамуының және қабілеттерінің деңгейі таңдалған
мамандықтың қиындығына сәйкес болу керек. Талаптану деңгейі жоғары да төмен де болуы
мүмкін.
8.
Мамандық таңдаудағы жолдастарының пікірі (ЖП). Бұның екі жағы бар.
Біріншіден, тұлғаның белгілі бір жақтары мен қабілеттерін дамыту жөніндегі баланың
құрбысының пікірі жеке оқушының мамандығын таңдауда ескерілуі мүмкін. Екіншіден, бір –
бірінен бөлінгілері келмей қандай да бір оқуға «компаниямен» түсу мақсатын қою сияқты
қателіктер жіберілмеуі керек.
Кәсіби бағдарлану технологиясын құру оқу – тәрбие үрдісін технологияландыру, оқу
–
тәрбие үрдісін жаңа сапалық деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін, педагогикалық үрдістің
заңдылықтарын терең зерделеумен қатар жүретін педагогика ғылымы мен тәжірибесіндегі
заңды құбылыс екендігін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: