Қарағанды -2023 2 Дәріс №1. Тәрбие үдерісі тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі



Pdf көрінісі
бет1/26
Дата17.10.2023
өлшемі1,18 Mb.
#117030
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті 
Педагогика факультеті 
Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
«Тәрбие жұмысының әдістемесі» 
пәнінен дәрістер жинағы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қарағанды -2023



Дәріс №1. Тәрбие үдерісі - тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі 
Жоспары: 
1.
Тәрбие - мәдени-тарихи феномен 
2.
Тәрбие - педагогикалық ғылымдардың категориясы 
3.
Тәрбие үдерісінің мәні. Тәрбие үдерісінің мақсаты мен міндеттері 
Мақсаты: Тәрбие оның мақсаты мен міндеттері, өзіндік ерекшеліктері туралы түсінік 
беру. 
Глоссарий: 
Тәрбие 
– қоғамдық, өндірістік және мәдени өмірдің белсенді қатысушысын даярлауды 
мақсат етіп қойған, жеке адамды қалыптастырудың жүйелі үдерісі. 
Тәрбие заңы 
(қоғамдағы құбылыс ретінде) – жас ұрпаққа аға ұрпақтың әлеуметтік 
тәжірибесін берудің міндеттілігі мен қажеттілігі. Т.з. оларды қоғамдық өмірге қосып, ұрпақ 
жалғастығын, қоғам тіршілігін қамтамасыз етуде жеке адам қуатын дамытуға жағдай 
туғызады. 
Гуманистік 
- адам сүйгіштік, адам мен қоғамдық қасиеттерге құрметпен қарау 
Тәрбие процесі 
- қоғамның талап тілектеріне-сай әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойын, сана 
сезімін, ерік-жігерін, мінез-құлық ерекшеліктерін жүйелі түрде қалыптастырып дамытудағы 
тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекеті. 
Әдебиеттер: 
1.
Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі: Оқу құралы. -Алматы: Дарын, 2004. 
2.
Әбілдина С.Қ., Коркина 
В.И. Педагогика тарихы бойынша атлас: Оқу құралы – 
Қарағанды, 2012. 
3.
Кукушин В.И. Теория и методика воспитания. – М.: Издательский центр «Академия», 
2002. 
4.
Калюжный А.А., Тажбаева С.Г. Алимбаева А.А. Классный руководитель. Алматы: АГУ им 
Абая, 2000. 
5.
Набуова Р. Тәрбие жұмысының әдістемесі: Оқу құралы. - Алматы, 2015. 
6.
Шолпанкулова Г.К. «Тәрбие теориясы мен әдістемесі» курсы бойынша практикум. - 
Алматы: Абай атындағы Қаз ҰПУ «Ұлағат» баспасы, 2013. 
7.
Сумина Т.Г. Теория и методика воспитательной работы: курс лекций Т.Г. Сумина 
Екатеринбург: Изд – во Рос. гос. проф. – пед. ун –та, 2010. 
Тәрбие - қоғамдық құбылыс. Ол адамзат қоғамының пайда болуымен бірге дамып 
келе жатқан үрдіс. Алғашқы қауымдық құрылыс – адамзат қоғамы тарихының бастапқы 
дәуірі. Бұл дәуірдегі ұрпақ тәрбиесі туралы әртүрлі тарихи, этнографиялық және әдеби 
көздердің, сондай – ақ археологиялық қазбалардың негізінде ой өрбітуге болады. Алғашқы 
қауым дәуіріндегі тәрбиені білдіретін заттардың қатарына археологтар тапқан еңбек және 
тұрмыс құралдарын, балалардың ойыншықтарын, тасқа салынған таңбаларды жатқызуға 
болады. Сонымен қатар, сол дәуірдегі халық ойындары, салт – дәстүрлер, ойын – сауықтар
фольклор (мақал – мәтелдер, эпостық жырлар), жазу пайда болғанға дейінгі құралдар 
тәрбиені сипаттайтын көздер болып табылады. 
Жазу пайда болғанға дейін ауызша айтылғанды есте сақтау үшін петроглифтер, 
пиктография - «суретпен жазу», вампумдар, кипу және т.б. құралдар қолданылғаны белгілі. 
Хабарды жеткізу үшін оның жалпы мазмұнын сурет арқылы немесе бірнеше суреттердің 
тізбегі арқылы, жіптің бойына сүйекшелер тізу немесе түйіндер тізбегі арқылы жеткізетін
болған. 
Қазіргі замандағы әлемдік ғылым тәрбиенің пайда болуы тұрғысында бірнеше 
тұжырымдамалар жасаған. Оның ішінде дәстүрлі тұжырымдамалардың қатарына 
эволюциялық – биологиялық (Ш.Летурно, А.Эспинас, Дж. Симпсон) және психологиялық 
теориялар (П.Монро) жатады. Бірінші тұжырымдамаға сәйкес адамдардың тәрбиелік қызметі 
олардың инстинктивті түрде ұрпақты жалғауға ұмтылысымен сабақтас болып келеді, ал 
екінші тұжырымдамада – балалардың инстинктивті түрде үлкендерге еліктеушілігімен 



сабақтасады. Тәрбиенің пайда болуына әсер еткен негізгі шарт – алғашқы қауым 
адамдарының еңбек қызметі болып табылады. Алғашқы қауымда өмір сүрген адамдардың 
еңбегі күнкөріске, өздерінің табиғи мұқтаждарын қанағаттандыруына және көбеюіне 
бағытталады, бұл өз кезегінде адамның өзгеруіне, адам қоғамының қалыптасуына ықпал етті. 
Еңбек құралдарын әзірлеу және оларды еңбек процесіне қолдану жеткіншек ұрпаққа 
бастапқы білім мен тәжірибе беру, бейімділікке үйретудің туындауына септігін тигізді. 
«Жастар үйлерінде» (балаларды тәрбиелеуге арналған алғашқы мекеме) ер балалар 
мен қыз балалар бөлек тәрбиеленіп, алдағы сынақтарға дайындалатын. Жастар үйлері өз мәні 
бойынша мектептердің алды болды, сондықтан белгілі бір еңбек дағдыларын үйрете отырып, 
қоғамдық адамды тәрбиеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет