Қарағанды 2021 Қазақстан білім және ғылым министірлігі Орталық Қазақстан Академиясы Дефектология және әлеуметтік жұмыс кафедрасы


Д дәрумені екіқабат әйелдерге өте пайдалы. Ол жұмыртқа, сары май, қаймақ, сүт, саңырауқұлақ, балық майы құрамына енеді. Д дәрумені кальций мен фосфордың алмасуын реттеуге қажет



бет2/3
Дата21.04.2023
өлшемі1,5 Mb.
#85243
1   2   3
Байланысты:
Витаминдер С

Д дәрумені екіқабат әйелдерге өте пайдалы. Ол жұмыртқа, сары май, қаймақ, сүт, саңырауқұлақ, балық майы құрамына енеді. Д дәрумені кальций мен фосфордың алмасуын реттеуге қажет.

Е дәрумені жыныс бездерінің қызметін жақсартады. Күнделікті пайдаланған тағамдардың ішінде өсімдік майында көп болады.

К дәрумені күнделікті пайдаланатын барлық тағамдарда кездеседі. Олар тіпті ішектегі кейбір бактериялардың әсерімен жаңадан пайда болып отырады. Сондықтан бұл дәруменнің жетіспеуі бойға тараған кейбір аурудың салдарынан деп түсіну керек. К дәруменінің қанды ұйытудағы маңызы зор.

С дәрумені итмұрын, қарақат, пияз, қызанақ, картоп, капуста, алма, апельсин, бүлдірген, қарбыз, сәбіз, қияр, жүзім, алмұрт, асқабақ құрамында болады. Тағамда С дәрумені жеткіліксіз болса, адам қырқұлақ ауруына шалдығады. Қырқұлақ дегеніміз тіс түбінің, қызыл иектің зақымдалуы. Сол сияқты қырқұлаққа шалдыққанда жүйке жүйесі нашарлайды.

РР дәруменінің ағзада жетіспеуі пеллагра деген дертке ұшыратады. Оның негізгі белгілері іш өту, тері қабынуы, т.б. РР зат алмасуға қажетті ферменттердің құрамына кіреді. Ол бауырда, ашытқыда, қозықұйрықта көп кездеседі. Бұл дәрумен қарын сөлін өндіруге, ұйқы безінің жұмысына, бауыр қызметіне, қызыл қан түйіршіктерінің түзілуіне, сүт қышқылының алмасуына тікелей әсер етеді.

В1 витаминi ағзада дұрыс зат алмасуы үшін аса қажет. В1 витаминіне әсіресе сыра ашытқысы, кептірілген және тығыздалған наубайханалық шикізаттар анағұрлым бай.

В2 витамині биологиялық тотығу процестеріне қатысады. Жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді, көздің жақсы көру қабілетін сақтайды. Бұл витамин жетіспеген жағдайда ерін құрғап, кезереді, ұшық шығады, денеге түскен жарақат баяу жазылады. В2 витамині нан ашытқысында, бауырда, сондай-ақ сүт пен сүт тағамдарында көбірек болады.

Авитаминоз

  • Тағам құрамында қажетті витаминдердің болмауы организмді ауруға шалдықтырады.ондай ауруды авитаминоз деп атаймыз.Бір мезгілде адам организміне бірнеше витамин түспесе полиавитаминоз деп аталады.Адамда көбінесе витаминнің мүлде жоқ болуынан басқа , оның жетіспеуі де кездеседі. Оны гиповитаминоз деп атаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет