Қарағанды Болашақ-Баспа 2019 ббк – Әож – с


Тексеру хаттамасы (бағалау хаттамасы)



бет52/56
Дата21.03.2023
өлшемі348,27 Kb.
#75669
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Тексеру хаттамасы (бағалау хаттамасы) - бұл тексеру нәтижелерін растау және бағалау фактісін реттейтін ресми құжат.
Жүйелік оператор - Strikeplagiarism.Com ақпараттық базасын жүргізетін бөлімнің жауапты адамы.
Мақала - авторға әлеуметтік жағдайларды, процестерді, құбылыстарды, ең алдымен олардың негізіндегі заңдар тұрғысынан талдауды міндет ететін жанр.
Оқулық дегеніміз - белгілі бір салада жүйелі түрде ұсынылған және білім беру жүйесінде де, оның әртүрлі деңгейлерінде де, өз бетінше білім алу үшін де қолданылатын кітап.
Оқу құралы - ресми түрде бекітілген және баспаға шығаруға және жариялауға ҚР Білім министрлігі мақұлдаған, оқулықты толықтыратын немесе ішінара тролыұтыратын оқу құралы.

1. Жалпы ережелер


1.1. Осы Ереже 2018 жылғы 30 қазандағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 595 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген ҚР МЖМББС-ның 48-тармағына сәйкес «Bolashaq» академиясында «Антиплагиат» бағдарламасы бойынша жазба жұмыстарын тексеру тәртібін бекітеді.
1.2. Ереже оқу үдерісінің ұйымдастыру және тиімділік сапасын жетілдіру, жазба жұмыстарын жеке орындау дәрежесін бағалау, сондай-ақ студенттер мен магистранттардың жеке басының тәртіптілік деңгейін көтеру және жеке автордың зияткерлік құқықтарын сақтау мақсатында енгізіледі.
1.3. Жазба жұмыстарға курстық жұмыстар/жобалар және бітірушілер жұмыстары (дипломдық жұмыс, магистрлік диссертациялар (жобалар) және докторлық диссертациялар жатады.
1.4. Жазба жұмысы ғылыми жетекшінің басшылық жасауымен жеке орындалады. Жазба жұмыстардың ресімделуі «Болашақ» академиясында дайындалған әдістемелік ұсынымдарға сай болуы керек.
1.5. Аталаған Ережеде плагиат курстық, бітірушілердің жазба жұмыстарын жеке адамның орындауы, басқаша айтқанда қағаздық не электрондық тасымалдағышта жарияланған өзгенің мәтінін сілтеме жасамай пайдалану немесе сілтеме жасауы курстық, дипломдық жұмысты, магистрлік диссертацияны (жабаны) немесе оның кейбір бөліктерін адамның өзі орындағанына күмән тудыратыны ұғынылады.
Плагиаттың түрлері:
- негізгі мәтінді сөзбе сөз қайталау;
- парафраза (мәтіндегі ойды өз сөзімен жеткізу);
- өзгенің мәтініндегі сөздер мен пайымдауларды ауыстыру арқылы мәтіннің мазмұнын өзгеріссіз көшіру.
1.6. Плагиат «Болашақ» академиясындағы білім алушылардың оқу тәртібін бұзу ретінде қарастырылады.
1.7. Жазба жұмыстарда өзгеден көшірілу дәрежесі жөнінде ақпарат алуға мүмкіндік беретін «Антиплагиат» «Болашақ» академиясындағы білім алушылардың курстық, бітрушілер жұмыстарын жеке орындауын бақылауды жүзеге асыру мақсатында қолданылады.
1.8. Курстық, бітірушілердің жазба жұмыстарын тексеруді үйлестіруді Оқу-әдістемелік басқармасы (ОӘБ) және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі (әрі қрай ЖООКБББ) жүзеге асырады.
1.9. Осы Ереже Strikeplagiarism.Com. интернет жүйесі негізінде Академиядағы антиплагиаттың қызмет көрсетуінің процедуралары мен принциптерін анықтайды.
1.10. Плагиатқа қарсы рәсім барлық дипломдарды, магистрлік жобалар мен диссертацияларды тексеруді қарастырады. Тексерудің оң нәтижесі қорғауға жіберудің шарты болып табылады.
1.11. Ереже білім беру процесінің ұйымдастырылу сапасы мен тиімділігін арттыру, түлектердің өз бетінше орындаған магистрлік жұмысының бақылау деңгейін, сондай-ақ олардың жауапкершілігі және зияткерлік меншік құқықтарын құрметтеу мақсатында енгізіледі.
1.12 Осы ереже:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы;
 Академияның жарғысы және өзге де локальды нормативтік актілері негізінде жасалды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет