Қарағанды Болашақ-Баспа 2019 ббк – Әож – с



бет32/56
Дата14.12.2022
өлшемі348,27 Kb.
#57344
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   56
1. Жалпы ережелер.
1.1 Зерттеу практикасының мақсаты мен міндеттері.
Зерттеу практикасы ғылыми практика қарастырылған арнайы пәндер циклін немесе теориялық дайындықты аяқтағаннан кейін ұйымдастырылады.
Зерттеу практикасының мақсаты негізгі құзіреттіліктерді бекіту, білім беру бағдарламаларында көрсетілген практикалық зерттеу дағдылары мен кәсіби қызмет практикасін меңгеру болып табылады. Зерттеу практикасының түпкі мақсаты магистранттарды отандық және шетелдік ғылымның соңғы теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктерімен, ғылыми зерттеулер жүргізудің, эксперименттік мәліметтерді өңдеудің және түсіндірудің заманауи әдістерімен таныстыру болып табылады.
Зерттеу практикасының барысында мына міндеттерді шешу қарастырылған:
1) магистранттарға кәсіптік бағдар беру;
2) кәсіби дағдыларды игерту және бекіту; өзекті ғылыми мәселені зерттеуде практика жинақтау, сонымен қатар магистрлік диссертация үшін қажетті материалдарды таңдата алу;
3) жекелен тапсырмаларды практика жетекшілерімен келісе отырып орындау;
4) практикадан өту орнында практикалік қызметті зерделеу және шығармашылық тұрғыда талдау негізінде оқу-өндірістік және ғылыми-зерттеулерді дайындау.

1.2. Күтілетін нәтижелер.


Ғылыми-зерттеу практикасының барысында магистранттар мынаны зерделеуі керек:
- қорытынды біліктілік жұмыстарын орындау барысында оларды қолдану мақсатында жасалып жатқан тақырып бойынша теориялық қайнар көздерді;
- зерттеу әдістері мен практикалік жұмыстарды;
- практикалік мәліметтерді талдау және өңдеу әдістерін;
- ғылыми зерттеулердегі ақпараттық технологияларды, кәсіби салаға қатысты бағдарламалық өнімдерді;
- ғылыми-педагогикалық құжаттаманы ресімдеуге қойылатын талаптарды.
Ғылыми-зерттеу практикасының барысында магистранттар мынан орындауы керек:
- зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми ақпаратты талдау, жүйелеу және синтездеу;
- қойылған міндеттер аясында теориялық немесе практикалік зерттеулер жүргізу;
- алынған нәтижелердің сенімділігін талдау;
- зерттеу объектісінің зерттеу нәтижелерін отандық және шетелдік аналогтармен салыстыру;
- зерттеудің ғылыми және практикалық маңыздылығына талдау жүргізу.

1.3 Зерттеу практикасының базасы және зерттеу практиканың өту мерзімі.


Зерттеу практикасының негізі оқытылатын білім беру бағдарламаларының бейініне сәйкес келетін білім беру ұйымдары (немесе байланысты ұйымдар) болып табылады.
Ғылыми практикаден өтудің базасы ретінде таңдалған бейіндік бағыттары және магистрлік диссертация тақырыбына сәйкес келетін магистратура бағдарламасы бойынша зерттеулер жүргізтін, меншік нысанына қарамастан ғылыми қызметті жүзеге асыратын білім беру ұйымдары, ғылыми мекемелер бола алады.
Магистрант бағдарламаның толық орындалуын қамтамасыз ететін талаптарға сай болған жағдайда, сондай-ақ магистрлік диссертация ұйымдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың өтініші бойынша орындалған жағдайда практикалық базаны өз бетінше іздеуге құқылы. Бұл жағдайда магистрант кафедраға ғылыми практикадан өту үшін өзінің жеке келісімшартын ұсынады.
Практикалық базалармен келісім-шарттар оқу жылы басталғанға дейін бір айдан кешіктірілмей жасалуы керек.
Практиканың мерзімі мен ұзақтығы тиісті оқу жылына арналған оқу жоспары мен академиялық күнтізбеге сәйкес белгіленеді, онда төртінші семестрде он екі аптаға созылатын зерттеу практикасынан өту қарастырылған.

1.4 Магистранттың зерттеу практикасына жетекшілік жасау


Магистранттардың практикасына жалпы жетекшілік жасау ректордың (проректордың) бұйрығымен кафедрадан жауапты ғылыми-практикалық жетекшісіне жүктеледі. Зерттеу практикасының жетекшісі:
- ғылыми-практикалік бағдарламаны әзірлеу және бекітуді;
- ғылыми практиканің өтуін ұйымдастыру және бақылауды;
- ғылыми-практикалық жұмыстың мақсаты мен мазмұнымен таныстырып, ұйымдастыру жиналысын өткізуді;
- зерттеу практикасы бойынша қорытынды конференция дайындауды және өткізуді;
- зерттеу практикасы нәтижелері бойынша магистранттарды аттестаттау. Зерттеу практикалық бағдарламаның орындалуын тікелей бақылауды магистранттың ғылыми жетекшісі жүзеге асырады, ол:
- практика кезеңіндегі өзіндік жұмыстың міндеттерін анықтайды және тиісті консультациялық көмек көрсетеді;
- практикадан өту кестесін сәйкестендіреді және магистранттың үлгерімін жүйелі бақылауды жүзеге асырады;
- есепті дайындауға және орындауға байланысты барлық мәселелер бойынша кеңес береді;
- магистранттардың зерттеу практикасының қорытынды конференциясына қатысады.
Магистранттардың зерттеу практикасынан өтетін ұйымның жетекшісі:
- магистранттардың практикасының жетекшісі ретінде практикалі мамандарды таңдайды;
- кафедраның практика жетекшісімен бірге магистранттардың практикасын ұйымдастырады және бақылау жасайды;
- академияда магистранттардың ішкі еңбек тәртібін бұзуының барлық жағдайлары туралы хабарлайды;
- зерттеу практикасының нәтижелері бойынша магистрантқа жазбаша мінездеме береді.
Практикадан өтуден бұрын магистранттарға қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамалар беріледі, еңбек кестесінің ережелерімен, материалдар мен құжаттарды алу тәртібі таныстырылады.
Практикадан өту барысында магистранттар штаттық лауазымға қабылдау кезінде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және ұйымның ішкі еңбек ережелерімен танысады.
Штаттық лауазымға қабылданбаған магистранттарға да осы ұйымдағы жұмыс күні режимі қолданылады.

2. Практика мазмұны.


2.1 Зерттеу практикасының мазмұны.
Практика барысында магитранттар мынадай жұмыстарды жүзеге асырады:
- ғылыми мақала жазу немесе ғылыми-зерттеу практикасының жетекшісі ұсынған тақырыптарға сәйкес аналитикалық шолуды дайындау үшін тақырып (тапсырма) бойынша ғылыми ақпаратты жинайды, өңдейді, талдайды және жүйелейді, мәтінмен жұмыс жасайды, ол үшін шет тілінде жұмыс істеудің дағдыларын да қатар қолданады;
- таңдаған тақырыбы бойынша арнайы әдебиеттерді, соның ішінде отандық және шетелдік ғылымның жетістіктерін зерделейді;
- ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарын құрады;
- қорытынды жұмысты дайындау үшін тарихи танымның тиісті әдістерін қолданады;
- тақырып бойынша жан-жақты зерттеу жүргізеді.
Зерттеу практикасынан өту барысында магистрант:
- зерттеу әдістерін әрі эксперименттік жұмыстарда зерттеу құралдарын қолдану ережелерін;
- эксперименттік және эмпирикалық мәліметтерді талдау және өңдеу әдістерін, мәліметтерді өңдеудің құралдары мен әдістерін;
- зерттелетін проблема бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми-теориялық көзқарастарын, зерттеу тақырыбында ғылыми салада жинақталған деректерді талдау әдістерін;
- ғылыми жұмысты ұйымдастыруды, жоспарлауды және жүзеге асыру тәсілдерін, зерттеу жұмысының нәтижелерін ұсыну туралы білімді меңгерулері керек.
Зерттеу практикасы кезінде магистранттардың жұмысы магистрлік диссертацияның жұмыс логикасына сәйкес ұйымдастырылады:
- тақырыпты нақтылау, проблеманы, зерттеу объектісі мен тақырыбын анықтау; зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдау;
- әдебиетті теориялық талдау және проблема бойынша зерттеулер жүргізу, тақырып бойынша қажетті қайнар көздерді (патенттік материалдар, ғылыми есептер, нормативтік құжаттар және т.б.) таңдау;
- библиография құрастыру;
- жұмыс гипотезасын тұжырымдау;
- зерттеудің теориялық негізін таңдау;
- зерттеу әдістерінің жиынтығын анықтау;
- эксперимент жүргізу, эксперименттік мәліметтерді талдау;
- зерттеу нәтижелерін тіркеу.
Магистранттар бастапқы қайнар көздермен, монографиялармен, рефераттармен және диссертациялармен жұмыс жасайды, ғылыми жетекшімен кеңеседі.
Зерттеу практикасы барысында магистрант өзінің зерттеу саласы бойынша магистерлік диссертация тақырыбын тұжырымдап, ол бойынша ғылыми жетекшісімен келісуі керек.
Зерттеу практикасынан күтілетін нәтижелер:
- ғылыми зерттеу әдіснамасының негізгі қағидаларын және магистрлік диссертацияның таңдаған тақырыбы бойынша жұмыс жасау кезінде қолдана білу;
- ғылыми ақпаратты жинаудың, талдаудың және өңдеудің заманауи әдістерін қолдана білу;
- зерттеу ақпаратын есептер, жарияланымдар, баяндамалар түрінде бере алу.
Магистранттардың зерттеу практикасы алған теориялық білімдерін жүйелеуге, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде болып жатқан процестер бойынша кең түсінік қалыптастыруға түрткі болады.
Зерттеу практикасының нәтижелері бойынша магистрант есеп жасайды. Зерттеу практикасының бағдарламасын орындау туралы есеп магистерлік диссертация жетекшісімен келісіледі, оны кафедраның зерттеу практикасы жетекшісі қабылдайды.

3. Практика нәтижелерін бағалау.


3.1 Практика нәтижелілігін бағалау өлшемдері:
Зерттеу практикасының нәтижелері бойынша магистранттар кафедраға есеп береді, оны практика жетекшісі тексереді және қорытынды конференция нысанында комиссия алдында қорғайды.
Зерттеу практикасының тиімділігін бағалаудың негізгі өлшемі магистранттың практика бағдарламасын қаншалықты орындағаны болып табылады. Практика бойынша баға емтихан ведомосына әрі транскриптіге жазылады. Практика нәтижелерінің бағасы нашар болса, комиссия оның себептерін талдайды.
Бұл жағдайда комиссия мыналарды ескереді:
1) толық дайын болмауы (мысалы, міндетті есеп құжаттарының болмауы);
2) магистранттың практикаға ыждағатсыздығы;
3) практика өту орнында тәртіпті бұзу фактілері.
Талдау нәтижелері бойынша комиссия мынадай ұсыныстар дайындауы мүмкін:
1) практикадан қайтадан өту;
2) магистранттардың қатанынан шығарылу.
Зерттеу практикасынан өту есебіне, практика күнделігіне және магистрант мінездемесіне практика базасында практика жетекшісінің қолы қойылады және есеп практикадан келгеннен кейін үш күн ішінде кафедраға тапсырылады.
Есепте практика базасының талаптарға сәйкестігі туралы магистранттың пікірлері келтіріледі.

3.2 Практика бойынша есепті қорғауды ұйымдастыру


Зертту практикасы есебі практика өтіліп болған соң, келесі апта қорғалады.
Зерттеу практикасын қорытындылау және есептерді қорғау конференция түрінде өткізілуі мүмкін, онда әр магистрант презентация материалдарын қолдана отырып, практика нәтижелері туралы есеп береді. Практика есептерін қорғау, егер магистранттар тобы өтілген болса, , зерттеу практикасы базасында ұйымдастырылып, өткізілуі мүмкін. Зерттеу практикасын аяқтамаған, жұмыс туралы нашар пікір алған немесе есепті қорғаған кезде қанағаттанарлықсыз баға алған магистрант оқудан бос уақытта практикаға жіберіледі. Сонымен бірге оқу жоспарында қарастырылған практиканың ұзақтығы сақталады. Қайталама практиканың шарттары мен ережелерін академия ережелеріне сәйкес академияның ректоры әрбір жеке іс бойынша белгілейді.
Зерттеу практикасы бойынша есепті қорғаған кезде қанағаттанарлықсыз баға алған магистрант диссертацияны қорғауға жіберілмейді, егер белгіленген мерзімде өтемі жойылмаса, ол академиядан шығарылады. Магистранттардың практика нәтижелері кафедра отырысында талқыланады.
Зерттеу тәжірибесінің нәтижелері бойынша магистранттардың, академия оқытушыларының, практика базаларының жетекшілерінің қатысуымен ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізілуі мүмкін.

4. Практика бойынша есеп


4.1. Зерттеу практикасы бойынша құжаттама есебінің құрылымы
Зерттеу практикасы бойынша құжаттама есебінің құрылымы мынадай тұрады:
- практикадан өту туралы келісімшарт;
- практиканттың күнделігі, онда орындалған жұмыс уақыты мен түрі көрсетілуі тиіс;
- магистрант туралы пікір (мінездеме);
- зерттеу прктикасынан өтуі туралы жазбаша есеп.
Пікір практика өткізілген ұйымның фирмалық бланкісінде жасалады және ұйымның пратика жетекшісі қол қояды. Егер пікір бланкіде жазылмаған болса, онда ол басшының қолы, ұйымның мөрімен расталады. Пкіріде магистранттың практика барысында не істегені туралы қысқаша анықтама және оның қызметін бағасы (өзін-өзі көрсетті, қызметі оң бағаланады және т.б.) көрсетілуі керек.
Зерттеу практикасының нәтижелерін магистрант жазбаша есеп және практика күнделігі түрінде ресімдейді. Есепті толтыру үшін магистрантқа практиканың соңғы аптасы бөлінеді. Есепте магистранттың практика кезеңінде нақты орындаған зерттеу жұмысы туралы ақпарат және практика бағдарламасы мен жеке тапсырма бөлімдерінің мазмұнын көрсететін барлық материалдар болуы керек.
Зерттеу практикасының есебі мына құрылымдық элементтерден тұрады:
а) титулдық парақ (1 қосымша);
б) мазмұны;
в) кіріспе;
г) ұйым туралы ақпарат (практика базасы бойынша);
д) практика негізінде орындалған жұмыс туралы аналитикалық есеп;
д) қорытынды;
ж) қолданылған әдебиеттер тізімі;
з) Қосымша.
Мазмұны - баяндамадағы бөлімдердің тізімі және парақ беттері көрсетілген тақырыптардан тұрады.
Кіріспеде практика базасының қысқаша сипаттамасы, оның ішінде ұйымның атауы, қызмет түрі мен орналасқан жері, магистрант жүргізетін жұмыстың негізгі міндеттері мен бағыттары көрсетіледі.
Ұйым туралы ақпарат (практика өтілетін база) ұйымның қызметтік мазмұны мен бекітілген ережелерін, оның ұйымдық-құқықтық нысанын қамтиды.
Практикада орындалған жұмыс туралы есепте магистранттың нақты атқарған жұмыстары көрсетілуі керек, оларды орындау әдістері, әдістемелері мен технологиялары көрсетіледі, қол жеткен нәтижелер бағаланады. Аналитикалық есеп мыналардан тұрады:
- зерттеудің өзектілігін, мақсаттарын, міндеттерін анықтайтын және оның әдістемесін сипаттайтын кіріспе.
Теориялық бөлімде таңдалған мәселелер бойынша зерттеудің негізгі тәсілдеріне шолу жасалады.
- Практикалық бөлімде курсты сипаттайтын және зерттеу нәтижелерін ұсынылады.
- магистрант жариялаған немесе жариялауға дайындалған зерттеу тақырыбындағы ғылыми мақаланың мәтіні.
- Қорытындыны негізгі тұжырымдар мен болашақтағы зерттеу бағыттары баяндалған тұжырымдар құрады.
Қорытындыда практика негізінде магистранттың тікелей орындаған жұмыстары туралы қорытындылар, тұтастай алғанда ұйымның (саланың, қосалқы сектордың) қызметін немесе оның жеке аспектілерін жақсарту бойынша ұсыныстар (ұсынымдар), практика бағдарламасында белгіленген міндеттердің орындалуының толықтығын бағалау ұсынылады.
Қолданылған әдебиеттер алфавит реті бойынша тізіледі, оған оқу-әдістемелік әдебиеттер мен нормативтік актілер еніледі.
Қосымшалар магистранттың практика барысында тікелей жұмыс істеген құжаттардан тұрады.

4.2 Зерттеу практикасынан өту туралы есепті дайындауға қойылатын талаптар


Магистранттың баяндамасы компьютер мен принтердің көмегімен A4 ақ қағаз парағының бір жағына бір интервалмен басып шығарылуы керек. Кәдіпікі Times New Roman шрифті, кегль 14. Жұмыстың мәтіні келесі шеттерге сәйкес басылуы керек: сол жағы - 30 мм, жоғарғы жағы - 20 мм, оң жағы - 10 мм және төменгі - 25 мм.
Әр түрлі гарнитураның шрифтілерін қолдана отырып, белгілі бір терминдерге, фактілерге назар аудару үшін компьютер мүмкіндіктерін пайдалануға рұқсат етіледі. Есеп мәтініндегі абзацтар 12,5 мм шегіністен басталады (5 таңба). Есепте сызықтар, әріптер, сандар мен белгілер анық болуы керек. Есеп бөлімдер мен бөлімшелерге бөлінеді. Әр бөлімде (бөлімшеде) ақпарат толық болғаны жөн. Есептің әр бөлімі жаңа парақтан (бетте) басталады. Магистранттың зерттеу практикасынан өту туралы есебінің парақтары мәтін бойынша үздіксіз нөмірлеуді сақтай отырып, араб цифрларымен нөмірленеді. Парақ нөмірі парақтың төменгі жағының ортасына нүктесіз жазылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет