Қарағанды Болашақ-Баспа 2019 ббк – Әож – с



бет40/56
Дата14.12.2022
өлшемі348,27 Kb.
#57344
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   56
Байланысты:
Сборник-ОПО-магистратура-каз-яз

4. Жауапкершілік
Осы әдістемелік ұсынымның іс жүзінде орындалуына жауаптылық «Bolasaq» академиясының магистрлік диссертацияның/жобаның ғылыми жетекшілеріне, кафедра меңгерушілері жүктелген.


5.Жалпы ережелер
1. Академиялық магистр дәрежесін алуға арналған диссертация (жоба) белгілі бір бағыттағы білікті ғылыми жұмыс болуы керек, ол тиісті білім саласында ғылыми мәселелерді шығармашылықпен тұжырымдай және шеше алатын түлектің дайындығын көрсетеді.
2. Магистрлік диссертацияны (жобаны) ғылым докторы немесе ғылым кандидаты немесе PhD доктор дәрежесі бар, бейін бойынша PhD докторы академиялық дәрежесі бар, осы білім саласында белсенді жұмыс істейтін ғылыми жетекшінің жетекшілігімен магистрант дербес дайындауы керек.
3. Магистрлік диссертацияның/жобаның жетекшісіҮ
- магистрлік диссертацияны (жобаны) аяқтауға тапсырма береді;
- магистрантқа магистрлік диссертацияның (жобаның) барлық кезеңіндегі жұмыс кестесін жасауға көмектеседі;
- магистрантқа қажетті негізгі әдебиеттерді, анықтамалық және мұрағаттық материалдарды, типтік жобаларды және тақырып бойынша басқа дереккөздерді ұсынады;
- магистрлік диссертацияны/жобаны орындаудың күнтізбелік кестесіне сәйкес кеңес беру кестесін белгілейді;
- диссертацияның барлық бөлімдерінің көлемін белгілейді әрі магистранттың жұмысын үйлестіреді
4. Магистрлік диссертация (жоба) ғылым мен практиканың заманауи теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктеріне негізделуі, ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырылуы, халықаралық озық тәжірибеге сүйене отырып, негізгі қорғалған ережелер бойынша зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерден тұруы керек, онда сондай-ақ сәйксесті білім саласы бойынша, нақты практикалық ұсынымдар болуы тиіс.
5. Диссертацияның (жоба) тақырыбы Академияның Ғылыми Кеңесінің шешімімен және «Bolashaq» академиясы ректорының бұйрығымен бекітіледі. Зерттеу тақырыбы мамандықтың ғылымның қазіргі жағдайына және шығарушы кафедраның ғылыми-зерттеу жоспарларына сәйкес болуы керек.
6. ҚР МСММ-нің 31.10.2018 жылғы № 604 сәйкес, кандидаттық диссертацияның (жобаның) негізгі нәтижелері кем дегенде екі жарияланымда және / немесе ғылыми-практикалық конференцияда бір баяндамада көрініс табуы керек.
7. Магистрлік диссертацияның (жобаның) мазмұны мен орындалуына, оны дайындауға және қорғауға қойылатын талаптар білім беру саласындағы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет