Жауабы: А) 535,7г(96%) ,464,3г (40%)
5. Көлемі 100мл 15%-тік (массасы бойынша) күкірт қышқылының
(тығыздығы 1,10 г/мл) ертіндісін дайындау үшін 96%-тік (массасы бойынша) күкірт қышқылының (тығыздығы 1,84г/мл) қандай көлемі және судың қанша массасы қажет.
А) 9,32 мл Н2SО4
В) 9, 2мл Н2SО4
С) 9, 4мл Н2SО4
D) 4, 6 мл Н2SО4
Е) 9, 7мл Н2SО4
Шешуі. 15%- тік 100 мл күкірт қышқылының ерітіндісінің массасы
mерт=ρ·v=1,10г/мл · 100мл=110г
110г ерітіндідегі күкірт қышқылының массасы:
110г – 100%
х - 15%
х=110г·15%/100%=16,5г(H2SO4)
Енді құрамында 16,5г күкірт қышқылы бар 96 %-тік ерітіндінің көлемін
анықтаймыз.Көлемі 1мл , массасы 1,84г ерітінді құрамындағы күкірт
қышқылының массасын табамыз.
1,84г ерт - 100%
х – 96%
х=1,84г·100%/96%= 1,77г(H2SO4)
1 мл ерт – 1,77г
хг ерт – 16,5г
х=9,32 мл
Ерітінді дайындауға қажетті су массасы :
MН2О=mерт- mН2SО4=110г – 16,5г =93,5г( су)
Жауабы: А) 9,32 мл Н2SО4
6.Көзге тиген сілтіні бейтараптау үшін бор қышқылының 2%- дық ерітіндісі қолданылады. Еріген заттың массалық үлесі 2%-дық 0,5 л (ρ= 1г/мл) ерітінді дайындау үшін 4,7 % осы қышқыл бар қаныққан ерітіндінің массасы
А) 215г
В) 0,21г
С) 21,3г
D) 213г
E) 2,15г
Шешуі:
m= ρ˖V
m =500 мл˖1г/мл=500г
4,7% ----500г
2%------хг
х=213г
7. Екі ыдыста әр түрлі концентрациялы 100г және 75г азот қышқылы ерітіндісі бар. Егер осы ерітінділерді араластырсақ , алынған жаңа ерітіндідегі азот қышқылының массалық үлесі 45% -ды құрайды.
Ал осы екі ерітіндінің бірдей массаларын араластырсақ , онда алынған ерітіндідегі азот қышқылының мөлшері 50% құрайды. 1-ші және 2-ші ерітінділердегі қышқылдардың массалық үлестері ( %)
A) 10
B) 15
C) 20
D) 25
E) 75
F) 80
G) 85
H) 90
Достарыңызбен бөлісу: |