Жауабы: D)113 тұз 87 су 2.Егер 250С-де 45г суда 25г тұз еритін болса, тұздың (1000мл суға сәйкес) ерігіштік коэфициенті А) 555,6г
В) 458,6г
С) 223,6г
D) 506,6г
E) 533,6г
Шешуі: 45г суда--------25г тұз ерісе
1000г суда-----хг тұз
Х= 25˖1000/45=555,6г
тұздың (1000мл суға сәйкес) ерігіштік коэфициенті -555,6г
Жауабы: А) 555,6г 3.Температурасы 250С кезіндегі ас тұзының 100г судағы ерігіштігі 36,0- ге тең қаныққан ертіндідегі ас тұзының массалық үлесін табыңыз. Шешуі: 250С кезінде ас тұзының 36,0 грамы 100г суда еріткенде қаныққан ерітінді түзіледі .
m(ерітіндінің )=m(H2O)+m(NaСI) =(100+36)=136г
Ертінді массасын есептегеннен кейін , таза ас тұзының массасы берілген , осылар арқылы ас тұзының массалық үлесін табамыз ,
ω (NaСI) =m(NaСI)/m(NaСI) ˖100% =36/136 ˖100%=26,5%
Жауабы: 26,5% Өзбетімен шығаруға арналған есептер 1.Тұздың 25%-тік 200гр. ерітіндісін даярлау үшін қанша қант, қанша су керек екенін есептеңдер. 2.Жеміс-жидек консервілеу комбинатында қиярды тұздау үшін ас тұзының массалық үлесі 0,05немесе 5%-тік ерітіндісі қолданылады.Осындай 2 тонна ерітіндіні дарлау үшін қанша ас тұзы және қанша су қажет екенін есепте. 3. 230г суға 20гқант ерітілді. Осы ерітіндінің массалық үлесін (%) табыңдар.
4.Көлемі 130 мл суда (тығыздығы 1г/см3) массасы 15 г тұз ерітілді. Алынған ерітіндідегі тұздың массалық үлесін есептеңдер.
8.Көлемі 130 мл суда (тығыздығы 1г/см3) массасы 22 г тұз ерітілді. Алынған ерітіндідегі тұздың массалық үлесін есептеңдер.
10.Тұздың массасы 100г судағы ерітіндісін суалтқанда ыдыста 15г тұз қалды. Ерітіндідегі тұздың массалық үлесі қандай болғанын табыңдар.
11.Массасы 20 г тұзды 180г суда еріткенде түзілген ерітіндідегі тұздың массалық үлесін есептеңдер.
12.8%-дық (масса бойынша) 5л (r = 1,075г/мл) ерітінді дайындау үшін қанша натрий сульфитін алады? Жауабы: 430г.
13.25%-дық 1мл ерітіндіде 0,458г зат еріген болса, оның тығыздығы нешеге тең болады? Жауабы:1,83г/мл.
14. 50%-дық 400г күкірт қышқылының ерітіндісінен 100г суды ұшырған соң, қалған ерітіндідегі күкірт қышқылының массалық үлесі нешеге тең болады? Жауабы: 66,7%.
15. Тұз қышқылының 9%-дық ерітіндісін алу үшін оның қ.ж. 67,2л көлемін судың қандай массасында еріту керек? Жауабы: 1107г.
16. 25%-дық КОН ерітіндісін алу үшін оның 1кг 50%-дық ерітіндісіне 20%- ды ерітіндісінен қанша қосу керек? Жауабы: 5кг.
17. 100 мл 20%-дық күкірт қышқылы ерітіндісіне (r = 1,075г/мл ) оның 5%-дық ерітіндісін алу үшін судың қандай көлемін қосады? Жауабы: 342мл.
18.26%-дық КОН ерітіндісінің тығыздығы 1,24г/мл, оның 5л ерітіндісінде неше моль КОН болады? Жауабы: 28,7моль.
19. 50г мыс(ІІ) купоросын 450г суда еріткенде алынған ерітіндідігі сусыз мыс сульфатының массалық үлесін анықтау керек. Жауабы: 6,4%.
20. 20°С температурада кадмий хлоридінің 100г суда ерігіштігі 114,4г. Оның массалық үлесі мен қанық ерітіндідегі моляльдығын есептеу керек. Жауабы: 53,3% және 6,22моль/кг.
Әдебиеттер:
Кузьменко Н.Е., Еремин В.В. 2500 задач по химии с решениями для поступающих в вузы. – М.: ООО «Издательский дом «Оникс 21 век»: « Издательство «Мир и Образование», 2006. – 640 с
Бекішев Қ. Шығарылған химия есептері. – Алматы: Білім, 2002ж.
Бекішев Қ. Химиядан олимпиада есептері. Алматы: Мектеп, 2002ж.
4. А.Е.Темірболатова «Есептер мен жаттығулар жинағы» 9 сынып. Алматы «Мектеп» 2009 жыл.
5.«Московские городские химические олимпиады» әдістемелік нұсқаулық. Москва – 1988ж.
6. Республиканский научно – методический журнал «Химия» 2009 жыл №3. 25-28 беттер.
7. Химия есептері мен жаттығулар жинағы 8-11 сыныптар. Алматы «Мектеп» 2012 жыл.
8. ҰБТ тест жинақтары (2017-2018 ж.ж.)
9. Мектеп оқулықтары «Химия» 8-9 сыныптар Алматы «Мектеп»
10. «Оқушы анықтамалығы» 8-11сыныпар «Арман-ПВ» 2007ж.