26
2-
нұсқа
1. 9, 14, 5, ___, 16, 11, 13 қатары берілген. Тӛмендегі ақпараттарды
пайдаланып, қатардағы жетіспейтін натурал санды табыңыз:
а) арифметикалық ортасы 11-ге тең;
b) ӛзгеріс ауқымы 23-ке тең;
с) қатар модасы 5-ке тең.
[5]
2. Сырымның сары және жасыл жейделері, кӛк және қара шалбарлары, сұр, қоңыр
және ақ туфлилері бар. Сырым барлық жейделерін, шалбарларын және туфлилерін
ауыстырып кигенде неше түрлі болып киіне алады? Жауабыңызды нұсқалар ағашын
құрып кӛрсетіңіз.
[3]
3. Поезд жолдың 150 км-ін 50 км/сағ жылдамдықпен, екінші бӛлігін 240 км-ді 60
км/сағ жылдамдықпен, үшінші бӛлігін 210 км-ді 70 км/сағ жылдамдықпен жүріп
ӛтті. Жолдың барлық бӛлігіндегі поездің орташа жылдамдығы қанша?
[4]
«ШАМАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ТӘУЕЛДІЛІКТЕР» бӛлімі бойынша жиынтық
бағалау
Тақырып
Шамалар арасындағы тәуелділіктерді берілу тәсілдері: аналитикалық (формула
арқылы), кестелік, графиктік тәсіл
Нақты процестердің графиктерін қолданып шамалар арасындағытәуелділіктерді
зерттеу
Оқу мақсаты
6.5.2.5 шамалар арасындағы тәуелділікке есептер шығару
6.5.2.7
сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жазу
6.5.2.10
шынайы процестердің графиктерін қолданып, шамалар арасындағы
тәуелділіктерді табу және зерттеу
6.5.2.11
тура пропорционал шамалардың арасындағы шынайы тәуелділіктердің
графиктеріне талдау беру
6.5.2.12
сипаттамасы бойынша тура пропорционалдықтың формуласын жазу
6.5.2.13 тура пропорционалдықтың графигін салу
Ойлау дағдыларыңың деңгейі
Қолдану Жоғарғы деңгей дағдылары
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жазады
• Шынайы процестердің графиктерін қолданып, шамалар арасындағы тәуелділіктерді
табады
• Тура пропорционалдықтың формуласын жазады және графигін салады
Достарыңызбен бөлісу: