Қарағанды облысы білім басқармасының «теміртау қаласы білім бөлімі» «Әлихан бөкейхан атындағы гимназиясы» кмм



бет17/71
Дата28.11.2023
өлшемі2,91 Mb.
#130475
түріПротокол
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   71
3. Ұлттық тәрбие
Мақсаты: тұлғаны жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағыттау, ана тіліне және мемлекеттік тілге, қазақ халқының мәдениетіне, этносына және Қазақстан Республикасындағы этникалық топтарға құрмет көрсету.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аталған бағытқа сәйкес «Өлкетану» (өлкелік) «Тәрбие және білім», «Рухани Қазына» ішкі бағдарламаның базалық бағытын қарастырылады. Бұл бағыт бойынша үлкенді сыйлау, құрметтеу, әдептілік туралы сынып сағаттары өткізілді.
Қарттар күніне орай «Еңбекпен жеткен мұратқа» атты мектебіміздің қарттарына шағын концерт ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шараларға ардагерлер алқасының өкілдері шақырылып, қатыстырылды. Қарттарды қарсы алу, олардың өнегелі сөздерін естіп өсу келер ұрпақтың тәрбиесіне жақсы ықпал етуде. Оқушылар қарттарға өнерлерін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар қарттармен сыр-сұхбат өткізді.
5 қыркүйек - ҚР халықтарының Тілдері күні мерекесін ұйымдастыру
«Үш тұғырлы тіл – бәсекеге қабілетті ұлт болудың бірінші сатысы». Қазақ тілі пәні мұғалімдері апта бойы ұштік одаққа арналған жұмыстар жүргізді.
«Жігіт сұлтаны - 2021» сайысы 8-10 сынып оқушылар арасында өтті.
«Шебер қолдар» клуб мүшелері «Тәуелсіздікке тарту» (Тәуелсіздікке-30 жыл) атты ұлттық құндылықтарды нақыштайтын қолдан жасалған бұйымдарды мектеп фойесінде көрме ретінде оқушылар мен мұғалімдерге ұсынды. «Тату үйдің тамағы тәтті», «Ұмыт болған ұлттық тағамдар» атты видео түсірілім арқылы қыздарымыз өздерінің ас үй ханшайымдары екенін көрсетті.
«Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» ақпараттық сағат өткізілді.
«Ел тарихын тұлғалар жасайды» атты беделді тұлғалар жайлы фотокөрмесін тарих пәні мұғалімдері ұйымдастырды.
«Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» сән апталығында 1 жұма оқушыларымыз ұлттық киімде жүрді.
«Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты Ұлыстың ұлы күніне орай гимназия ауласында киіз үй тігіліп, «Кәмелетке толмағандардың бейімделу орталығының» балалары қонаққа шақырылып мерекелік іс-шара, ұлттық тағамдар, ұлттық ойындар өткізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет