Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі бастауыш сынып мұғалімі Мақсат Айнагүл


Өзін – өзі бағалаудың алгоритмі мынадай



бет3/5
Дата16.03.2023
өлшемі37,03 Kb.
#75010
1   2   3   4   5
Өзін – өзі бағалаудың алгоритмі мынадай:
1) Тапсырманы орындауда нені жасау қажет?
2) Тапсырманың барлығын дұрыс орындады ма, әлде қателіктер жіберді ме?
3) Оқушы тапсырманы толығымен жеке орындады ма, әлде біреудің көмегіне сүйенді ме ?
4) Тапсырманы орындау барысында қандай біліктіліктер дамыды ?
«Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін -өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет (мұғалімге арналған нұсқаулық 57-бет).
Қазіргі бағалау түрлі нысанда,түсінікті,психологиялық тұрғыдан жайлы,екі құрамды : жиынтық және формативті болуы керек.
Жиынтық бағалаудың немесе Оқытуды бағалаудың мақсаты оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оны мұғалім тест,емтихан т.б. түрде өткізіп, өзі бағалайды.
Формативті бағалау үшін не қажет?
- Оқушылардың оқудың мақсатын білуі және түсінуі;
Мақсат кең және сұрақ түрінде тұжырымдалу керек.Бала қандай нәтижеге келетінін толық білу керек. Нәтижелер нақты,бақыланатын,өлшемді мақсатқа жауап беру керек. 
- Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету;
Кері байланыс оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму туралы хабарлама беру болып табылады. Мұғалім бала дұрыс жауап беру үшін оған уақыт беру керек.Егерде бала қателессе ,жетекші сұрақтар қойып,баланы өзі дұрыс жауап табуға бағыттайды.Кері байланыс көбінесе уәж болып табылады және де ол мұғалім мен оқушы арасында сенім мен сыйластық орнатады.Сөйтіп мұғалім әр оқушының нені біліп,нені ойлап,қалай оқитыны туралы неғұрлым көп білсе,соғұрлым оқушылардың жетістіктерін арттыру мен өзінің оқытуын жетілдіруге мүмкіндік көп.
- Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы;
«Оқу түбі тоқу» дегендей оқушы алған білімін қолдана білуі керек. 
Сондай ақ түрлендіру,дамыту,толықтыру керек.Әртүрлі қалып пен мәнмәтінде қарастыра білу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет