«Қаражанбасмұнай» АҚ корпоративтік басылымы


ҚАРАЖАНБАС  ҚОЙНАУЫНЫҢ БАРЛАУШЫЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата22.12.2016
өлшемі1,99 Mb.
#191
1   2   3

ҚАРАЖАНБАС  ҚОЙНАУЫНЫҢ БАРЛАУШЫЛАРЫ 

«Қаражанбасмұнай»  АҚ  -  ның  бас  геологы  Ержан  Қадыров  Геология  және  игеру 

департаментінің жұмысы және геолог мамандығының қыр-сыры  туралы   әңгімелейді.  

Қаражанбас кен орнының ашылу тарихы ерекше. Қаражанбас - Әділ Нұрманов бастаған 

бір топ қазақстандық геологтардың тәуекелді ту еткен батыл қадамының нәтижесінде ашылған 

еді. Маңғаз өлкенің терең қабатында ғасырлар бойы тұншығып келген қара алтынның бір күнде 

бұрқ  ете  қалуына  да  осы  геолог-барлаушылар  өлшеусіз  үлес  қосты.  Бозашы  түбегіндегі  жаңа 

кен орны өмірге осылай келді. Кезінде сонау Бүкілодақтық мұнай ғылыми-зерттеу геологиялық-

барлау институтында отырған мүйізі қарағайдай ғалымдардың өздері Қаражанбас құрылымын 

«келешегі жоқ» деп күдер үзіп, барлау жұмыстарын жалғастыруға тиым салғанына қарамастан, 

Әдекең  сынды  геологтарымыз  тынымсыз  ізденістерін  жалғастыра  берді.  Ақыры  1974  жылы 

тәуекелге бел буып, К-12 ұңғымасын бұрғылай бастайды және 302 метр тереңдіктен мұнай табы-

лады. Өз ісінің маманы болу деген осы ғой! Геологтың  ішкі түйсігі де алдамады. 

Бүгінгі таңда аты аңызға айналған геолог, «Қаражанбасмұнай» компаниясының құрметті 

ардагері  Әділ  Нұрманов:  «Егер  сол  кезде  К-12  ұңғысынан  мұнай  бұрқағы  атпағанда,  менің 

болашағым қалай болар еді? Өз бетіммен қимылдап, қызметтік жағдайды асыра пайдаланғаным 

үшін соттап та жіберетін еді. Қайта құдай сақтап, мұнай шыққаннан кейін барлығы да ол жағдайды 

естеріне де алмады. Біз үшін бұл - үлкен қуаныш еді», -  деп еске алады бүгіндері.

Қазір «Қаражанбасмұнай» АҚ Геология және игеру департаментінің мамандары аға буын 

геологтардың ізін жалғап, сабақтастық тінін үзбей келе жатыр. Бас геологтар Ержан Қадыров пен 

Хань Дун басқарып отырған департаментте 60 адам қызмет етеді. Оның ішінде 42 маман – кен 

орнының өзіндегі геология және игеру бөлімінде жұмыс істеп жатыр.

Бу өндіру цехының ұйымшыл ұжымы

БӨЦ №1 участке бастығы М.Абашев

БӨЦ №2 участке бастығы А.Набиев әріптесі Сұлтан Елбаевпен

Бас геолог Ержан Кадыров



7

«Қаражанбасмұнай» АҚ Корпоративтік басылымы

2015 жылғы 13 мамыр  №4 шығарылым

Жер бетінде және оның қойнауында  болып жатқан заманауи физикалық үрдістер мен 

механизмдерді  зерттейтін  геология  ғылымы  –  терең  ғылым,  ал  геолог  мамандығы  әрқашанда 

сұранысқа  ие.  Геологтардың  бүгінгі  буыны  қандай  мәселелерді  шешуде?  Ол  туралы  бізге 

«Қаражанбасмұнай» АҚ- ның бас геологы Ержан Қадыров  баяндап берді.

 

ҚБМ: Ержан Асарұлы, бүгінгі таңда департаментіңіздің алдында қандай міндеттер тұр?  



Е.  Қадыров:  Департаменттің  алдында  тұрған  басты  міндеттердің  бірі  –  Қаражанбас 

мұнай кен орнын ұтымды игеруді қамтамасыз ету және мұнай өндіру коэффициентін  (МӨК) арт-

тыру болып табылады. Кен орнын игеру кезінде өндіру және айдамалау ұңғылары жұмысының 

технологиялық  режимінің  және  жер  қойнауын  қорғау  талаптарының  сақталуын  бақылау  және 

талдау, ұңғымалардың пайдалану қорының ағымдағы жағдайын қадағалау, Өндірістік басқарма 

директоры  Қабылов  Оңғар,  Өндірістік  басқарма  директорының  орынбасары  Шуриев  Мағаз 

басқаратын  өзге  құрылымдық  бөлімдермен  бірлесе  отырып  ұңғы  қорының  тиімділігін  арттыру 

бойынша  іс  –  шараларды  келісу,  жасақтау  өте  маңызды.  Мұнай    үздіксіз  өндіріледі  және  жыл 

сайын біз жоспарға сай алдағы жылдарға бұрғыланатын ұңғылардың санын алдын-ала шығарып 

қоямыз. Бұл ұңғылар қай жерде? Олардың саны қанша? Тиімділігі қандай? Барлығы жан-жақты 

терең талдаудан өтіп барып, біздің жаңа ұңғыларды бұрғылау сызбаларымыздан көрініс табады.

ҚБМ: Ия, оңай шаруа емес екен...

Е. Қадыров:  Иә, оңай емес. Алайда жинақтаған тәжірибесі мол біздің геологтар команда-

сы үшін бұл да жұмысымыздың ажырамас бөлігі болып табылады, ал департаменттің  атқаратын  

міндеттерінің өрісі өте кең. 

Негізгі  жұмысымыз  екі  бағытта  жүргізіледі.  Бұл-ауыспалы  қормен  жұмыс  жасау,  яғни 

әр  алуан  геологиялық-  техникалық  іс-шаралар,  мұнайды  барынша  молынан  игеру  үшін  қордың 

ауқымын  кеңейту.  Өндіріс  жобасына  және  өңдеу  жоспарына  сәйкес,  ұңғымалардан  мұнай  алу 

өнімділігін арттыру үшін біз қабат ату - жару жұмыстарын жоспарлаймыз, яғни ұңғы түбінің айна-

ласына әсер етеміз немесе судан оқшаулаймыз. Пайдаланатын объектінің ұңғымасындағы мұнай 

қоры сарқылған жағдайда, басқа өндіріс объектілеріне ауысамыз. Бұл - кен өндіру жұмысы мен   

ұңғымалар торындағы өзгеріс болғандықтан, мұндай жұмыстар заң жүзінде Маңғыстау облыстық 

геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясы, облыстық төтенше жағдайлар және экология 

департаменті сияқты мемлекеттік уәкілетті органдармен келісілуі тиіс. Біз күн сайын ұңғымалардың 

технологиялық режимін қадағалап отырамыз және ұңғымалардағы өнімділікті оңтайландыру бой-

ынша іс-шараларды ұсынамыз.  Бұдан бөлек, ҚР заңнамасына сәйкес, ұңғыларды консервациялау, 

жою, бақылау және әрекетсіз қор, ұңғыларды пайдалану бойынша басқа да өзгерістер мемлекеттік 

органдардың бақылауында болады және олармен келісіліп отырады. 

ҚБМ: Өз қызметін тоқтатқан ұңғымалардың одан кейінгі жағдайы не болады? 

Е.  Қадыров:  Ұңғымалар  консервацияда  тұрса  да,  жойылса  да,  қызмет  етпесе  де, 

сарқылып  бітсе  де,  олар  -  әрдайым  біздің  бақылауымызда  қалады.  Қалай  дегенмен  жер 

қойнауында әрқашан қозғалыстар мен өзгерістер  болып жатады, сондықтан өндіріс кезінде бүкіл 

қорға бақылау жасап отыру - өте маңызды. 

Біздің департаментіміз игерудің негізгі көрсеткіштері туралы мәліметтер базасын үнемі 

жаңғыртып отырады. Базаға игеру, айдау, сулануы туралы басқа да геологиялық-технологиялық 

көрсеткіштер бойынша және қордың ағымдағы жағдайы мен жұмысы туралы, жалпы барлық та-

рихи мәліметтер кіреді. Геология бөлімінің жұмысшылары кен орнын игеруді тиімді жүргізу үшін  

қажетті  кәсіптік,  геофизикалық,  гидродинамикалық,  химиялық-аналитикалық  зерттеулердің 

барлық  түрін  жүргізуді  және  талдауды  жоспарлайды,  мониторинг    жасап  отырады.  Зерттеу 

нәтижелерін дер кезінде беріп, талдап отыру және бүкіл мәліметтер базасының өзі кен орнын 

дұрыс игеру үшін аса қажетті және ол нақты, дәл әрі дұрыс болуы тиіс. 

Өз кезегінде бұның өзі біздің департаментке үлкен  жауапкершілікті жүктейді. Әрі беріден 

соң, бізді жер қойнауының хабаршылары десе де болады. Жұмыс көп, геологтар мен игерушілер 

жасап отырған ауқымды жұмыс көп  ретте көзге көрінбей де жатады.

ҚБМ: Яғни қолға түскен барлық ақпарат Қаражанбастағы өндіріс үдерісін әрі қарай  жо-

спарлауда қолданылады ғой?... 

Е.  Қадыров:  Әрине.  Кез-келген  ақпарат  маңызды  және  өндірістік  жоспарды  әзірлеу 

кезінде  ескеріледі.  Қанша  ұңғыма  бұрғыланады  және  келесі  жылдың  қоры  қандай  болмақ? 

Қанша мұнайды өндіріп, қанша көлемде су мен буды айдауымыз керек? Қандай геологиялық-

технологиялық  іс-шараларды  қолдану  қажет?  Қанша  ұңғымаға  жер  асты,  қаншасына  күрделі 

жөндеу жасау керек? Бір сөзбен айтқанда, өндірудің негізгі көрсеткіштерінің барлық есептері Гео-

логия және игеру департаментінің деректеріне негізделіп жасалады. Биылғы жылға 210 ұңғыманы 

бұрғылау  және  310  ұңғыманы  күрделі  жөндеуден  өткізу  жоспарда  тұрған,  алайда  әлемдік 

нарықтағы мұнай бағасына қатысты қалыптасқан жағдайға байланысты «Қаражанбасмұнай» АҚ-

ның басшылығы Директорлар Кеңесімен келісе отырып, бұрғылау санын 89 – ға, күрделі жөндеуді 

20 ұңғымаға дейін уақытша қысқарту туралы шешім қабылдады. 

   ҚР заңнамасына сәйкес, жер қойнауын пайдаланушылар өндіріс талдауын, жобалық 

құжаттама  шешімдерінің  орындалуына  авторлық  қадағалауды  жүргізуі  тиіс.  Бұл  жұмыстарды 

жобалық ҒЗИ орындайды,  Қаражанбас кен орнын әрі қарай игеру үшін олармен бірлесіп біз жыл 

сайын ҚР барлау және кен көздерін игеру жөніндегі орталық комиссияның рұқсатын алуымыз 

шарт. Ол да Геология және игеру департаменті жүргізетін маңызды жұмыстың бірі  болып табы-

лады.


ҚБМ:  Бүгінгі  заманауи  технологиялар  дамыған  уақытта    инновациялық  әдістерді 

іздестірудесіздер ме? 

Е.  Қадыров:  Әрине,  онсыз  бола  ма?!  Озық  технологияларды  пайдаланып  келе  жатқан 

біздің  компания    қабаттар  мен  ұңғымалардың  мұнай  беруін  арттырудың  жаңа  техникасы  мен 

технологияларын  іздестіру  мен  ендіру  жолдарын  белсенді  түрде    іздестіруде.  Бұл  да  біздің 

департаментімізге  жүктелген  міндеттердің  бірі.  Технологияларды  ендіру,  тәжірибелік-өндірістік 

сынақтарды жүргізу үшін ұңғымаларды іріктеп, жоспарлау – міндетімізге жатады. Қабатқа ықпал 

ету технологиясына тоқталатын болсақ, мұнай өнімділігін арттыру үшін біздің компания суды бір 

ұңғыдан екі қабатқа бөліп айдау, сутекті-термо-газды химиялық әсер ету, гидромеханикалық кесу 

перфорациясы бойынша тәжірибелік-өндірістік сынақтар жүргізді. Осы технологиялардың кейбірі 

оң нәтиже көрсетіп, өндіріске ендіруге ұсынылды. Сондай - ақ осы бағыттағы жұмыстарды қазіргі 

уақытта  да  жалғастырып  жатырмыз.  Полимерлік  айдау,  азотты  айдау,    90  градусқа  С  дейінгі 

ыстық  суды  айдау  және  фильтрациялық  ағындарды  қайта  үлестіру  бойынша  сынақтар  өткізу 

жоспарлануда. Департамент мұнай өндіру коэффициентін арттыру үшін жаңа технологияларды 

іздестіру мен енгізуді басты міндет  етіп қойды.

ҚБМ: Ержан Асарұлы, Қаражанбастың ашылу тарихы В. Токарев, А.Нурманов, В.Нечаев, 

С.Таянов сынды айтулы азаматтардың есімдерімен тығыз байланысты. Кезінде мықты геологиялық 

барлау жүргізген азаматтар. Ал қазіргі уақытта барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр ма? 

Е. Қадыров: Бұл азаматтар – Қаражанбастың ғана емес, бүкіл Маңғыстау облысының та-

рихында есімдері алтын әріптермен жазылған мықты тұлғалар ғой. Ал барлаудың бүгінгі тыны-

сына келсек, елімізде геологиялық барлау жұмыстары жалғасып жатыр. Қазақстанда болашағы 

зор 15 шөгінді бассейн анықталды, оның екеуі - біздің облысымыздан табылды. Олар -  Үстірт-

Бозашы  және  Оңтүстік-Маңғышлақ  бассейіндері.  Қаражанбас  кен  орны  -  біріншісіне  жатады. 

ҚР Үкіметі шөгінді бассейндерге қатысты геологиялық барлау жұмыстарын бүкіл ел аумағында 

жүргізуді жоспарлап отыр және жүргізіп те жатыр. Ресей және Қазақстан үкіметтерінің Каспий 

маңы бассейнінің орталық бөлігінде 15 шақырымға дейінгі тереңдікте аса терең ұңғыма қазу тура-

лы шешім қабылдауы - геологтар үшін аса маңызды тарихи сәт болып отыр. Сарапшылардың пай-

ымдауынша, алдағы уақытта аталмыш жұмыстарды жүзеге асыру - Қазақстан Республикасының 

ресурстық әлеуетін 34 млрд. шартты отын тоннасына  дейін арттырады. 

Ал  біздің  компаниямызға  келер  болсақ,  арнайы  Стратегиялық  Даму  жоспарымыз  бой-

ынша іргелес жатқан Қаражанбас-теңіз  құрылымында геологиялық-барлау жұмыстарын (ГБЖ) 

жүргізу көзделген, сондай - ақ осы кен орны аумағында тереңде жатқан  мұнай-газ қорын анықтау 

мақсатында 6000 метр тереңдікте зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Сондықтан 

алдағы  уақытта  да  біз  геологиялық  барлау  жұмыстарын  әрі  қарай  жалғастыра  бермекпіз.  Ал 

әзірге геологиялық қызмет мұрағат деректерін, есептерді зерттеп, зерделеп жатыр. Бұдан бөлек, 

биылғы жылы біз зерттеу жұмыстарына Geovision микролептондық технологиясын тарттық. Бұл 

заманауи технология - тереңде жатқан кен қазбаларын жер қыртысына еш әсер етпей, ғарыш 

арқылы геологиялық зерттейді. Осы жұмыстарды атқарып жатқан «KazWaterHunters» компания-

сы биылғы жылы өз зерттеулерін аяқтауы тиіс және осыдан кейін біз әрі қарай жүргізілетін ГБЖ 

бағыттары мен көлемін белгілейтін боламыз. Бір анығы, геологиялық алғышарттар бар және біз 

қосымша қордың өсіміне қол жеткізуіміз мүмкін.  Жаңа аумақтардың, тереңде жатқан кендердің 

есебінен біздің ресурстық базамызды арттырып, компаниямыз үшін пайда әкелеміз деп үміттемін.    

ҚБМ:  Ержан  Асарұлы,  ал  Сіз  өзіңіз  осы  мамандыққа  қалай  келдіңіз?  Сізді  геологияға 

әкелген нендей тылсым күш?    

Е. Қадыров:  (күледі) Романтика... Бұл - ерекше мамандық қой. Алайда, нақты таңдау 

жасауыма өз өмірін мұнай саласына арнаған әкем ықпал етті. Болашақ мамандығымды таңдау 

кезінде әкемнің кеңесіне құлақ астым және осы «Мұнай мен газдың геологиясы және барлау» 

бағытын таңдадым. Бұл - 1995 жыл еді. Әлі есімде, көп адам «Бұл мамандықты қайтесің? Одан 

да игеруге немесе бұрғылауға бармайсың ба?» деп мені райымнан қайтармақ болды. Сол кездегі 

қиын  дағдарыс  заманында  барлау  жұмысының  кенже  қалғаны  рас  еді,  геология  да  мандытып 

дамымады, көп адам «кен орындарының барлығы ашылып қойды» деген ойда болды. 

Айтпақшы, менің жолдасым да геолог. Біз екеуміз  бір партада 5 жыл бойы бірге отырып, 

осы  ғылымның  қыр-сырын  меңгердік.  Ал  қазір  мен  осы  мамандықтың  Қазақстанда  да  дамып 

келе жатқанын байқап отырмын. Біздің өндірісте де геологтарға  қашанда сұраныс бар. 

      Айта  кету  керек,  бұрғылау  жұмыстарының  табысты  болуы  көбіне  көп    өндірістік 

геологиядағы геолог мамандарға байланысты - себебі геологтар жұмысы игерушілердің функци-

яларымен сабақтас жатыр. Сондықтан геолог мамандығын таңдай отырып, бұрғылау, игеру, сол 

сияқты басқа да салалардың маманы болуға әбден болады. 

ҚБМ:  Геолог болу үшін қандай қасиеттер керек деп ойлайсыз? 

Е.  Қадыров:    Жоғарыда  айтып  кеткенімдей,  бұл  өзі  романтикаға  толы  мамандық 

қой.  Әдетте  жастар  геолог  мамандығын  -  алыс  романтикалық  сапарларға  шығып,  ен  далада  

жұмыстарды жүргізумен байланыстырады.   Бірақ ол бір қыры ғана. Геолог болу үшін – мықты 

білім,  терең  талдау  жүргізе  алатын  қабілет  болу  керек.  Әр  түрлі  геологиялық-технологиялық 

карталарды  немесе  құрылымдық  литологиялық-гидродинамикалық  қималарды  құрастырып, 

сызу үшін қаншама білім мен шығармашылықтың қажет екендігін білесіз бе? Ал геологиялық-

гидродинамикалық  модельдеу  ше?    Шығармашылық  қабілетің  болмаса,  осының  бәрін  жасау 

оңайға соқпайды. Мұнан басқа геологтың интуициясы мықты болуы керек деп ойлаймын. Геолог 

тәуекелге баруы керек және оған мұндай мүмкіндікті беру керек. 

ҚБМ: Геологтар жиі қателесе ме?

Е. Қадыров:  Қателіктер болады. Сонау Кеңес Одағы кезінде бұрғылау жұмыстары көп 

жүргізілді, ол кезде геологиялық-барлау жұмыстарын қаржыландыру да жақсы жолға қойылған 

еді. Сол кезді көрген аға буын геологтарымыздың айтуынша, ықтимал 10 құрылымның   біреуінен 

ғана мұнай немесе газ шығып отырған, қалған 9 – ы өнімсіз болған. Қалай дегенмен де геолог 

еңсесін түсірмеуі керек. Қолға түскен кез-келген ақпараттың тигізер пайдасы мол. Кезінде Әділ 

Нұрманов та өз әріптестерімен тәуекелге барды. Көп зерттеді, сенді және әрине, ішкі түйсіктері 

адастырмай,  тура  жолға  апарды.  Сөйтіп  қазыналы  түбектің  төсінде  ел  экономикасына  қызмет 

ететін жаңа Қаражанбас кен орнын ашты.

Геология және игеру бөлімінің ұжымы



8

«Қаражанбасмұнай» АҚ Корпоративтік басылымы

2015 жылғы 13 мамыр №4 шығарылым

Маңғыстаудың  геологиялық  құрылымы  өткен  ғасырдың  бас  жағынан  бастап  геолог 

ғалымдармен  тыңғылықты  зерттеліп,  іздестіру-барлау  жұмыстарын  жүргізудің  нәтижесінде 

көптеген    мұнай  -  газ  кен  орындарының  ашылғаны  белгілі.  Осы  табылған  мұнай,  газ  қорлары 

қандай  түзілімдермен  байланысты  екенін  білу  -  геологтар  үшін  негізгі  мәселе  болатын. 

Маңғыстаудың  жер  қойнауын  құрайтын    кешенді  түзілімдер  -  пермь,  триас,  юра,  мел,  палео-

ген, неоген қабаттарынан тұрады. Осы негізгі түзілімдер соңғы 40-50 мың жылдан бергі пайда 

болған бос шөгінділермен жабылғандықтан, оларды барлық аймақтан бірдей көре алмайсың.  

Біздің    Маңғыстау  облысының    көлемінде  мұнай,  газ  қорлары  -  триас,  юра,  мел,  палеоген 

қабаттарында кездеседі. Осы қабаттардың жер бетіне шығып, ашылып жатқан жеріне 18 сәуір күні 

«Қаражанбасмұнай» АҚ-ның бір топ геологтары экскурсияға барып, өз көздерімен көріп қайтты. 

Бұл жер - Шығыс Қаратаудың солтүстік етегінде, Жармыш ауылына жақын маңда орналасқан. Ге-

ологтар белгілі бағытпен жүріп,  жоғарыда аталған қабаттарды қиып өтіп, Көксүйіртау, Ақсүйіртау 

деген табиғаттың «қолымен» жасалған әдемі геологиялық объектілерді тамашалады.

Көксүйіртау  -  төменгі  мел  түзілімдерінен  тұрады,  апт,  альб  ярустарының  терригендік 

шөгінділерінде  көлемдері  әр  түрлі  конкрециялар,  тасқа  айналған  теңіз  жануарларының 

қалдықтары көптеп кездеседі. 

  Ақсүйіртау - жоғарғы мел түзілімінен, сантон, кампан, маастрихт және дат ярустарын 

құрайтын карбонаттық шөгінділерінен тұрады, бұлардың құрамында известняктан басқа жазатын 

мел тастары көп болады.

  Белгілі  бір  маршрутпен  жүріп,  жер  қабаттарының  геологиялық  құрылыстарын  көру 

-  студенттерге,  жас  геолог  мамандарға  өте  пайдалы  практикалық  тәжірибе  болады  және 

Маңғыстаудың  геологиясын терең түсінуге көмектеседі.  

 

Бақыбай Ахмет ұлы



ГЕОЛОГТАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ЭКСКУРСИЯ

ҚБМ:  Қазақстандық  геологтар  жыл  сайын  өздерінің  кәсіби  мерекесін  тойлап  отырады. 

Сізді де, әріптестеріңізді де Геолог күнімен құттықтауға рұқсат етіңіз... 

Е. Қадыров: Рахмет! Геологтар үшін бұл - маңызды күн. Бұл мейрамды бұрынғы Кеңес 

одағы  елдерінде  ғана  әр  сәуірдің  бірінші  жексенбісінде  атап  өтеді.  Қазақстан  Республикасы 

Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 2012 жылдан бастап Геолог күні- ресми түрде 

кәсіби мерекелер қатарына жатқызылды. Бұл -  Президентіміздің мемлекет игілігі үшін қажырлы 

еңбек атқарып жүрген геологтарымызға  деген үлкен сенім білдіруінің айғағы. 

Сала ардагерлерінің ішінен «Қаражанбасмұнайдың» алғашқы бас геологы Төлешов Кен-

жебек Төлешұлын, Сисенбаев Қуаныш Жолжанұлын, Бақыбай Ахмет ұлын, Сәлімгереев Мәлік 

Жаңабайұлын ерекше атап өткім келеді. Олардың барлығы әр жылдары кен орнының геологиялық 

қызметіне басшылық жасаған адамдар. Бақыбай Ахмет ұлы қазіргі уақытта «Қаражанбасмұнай» 

АҚ геология және игеру бойынша кеңесшісі болып қызмет атқарады. Қуаныш Жолжанұлы – ҚР 

барлау және игеру жөніндегі орталық комитеттің тәуелсіз сарапшысы және көп жылдардан бері 

Қаражанбас кен орнының сарапшысы болып табылады. Мәлік Жаңабайұлы - «Самрұқ-Қазына» 

ҰӘҚ мұнай-газ бағытын басқарып отыр.  

Біздің  департаментте  көптеген  жылдар  бойы  Қаражанбас  геологиясының  дамуына 

өз  үлесін  қосып,  қызмет  атқарып  жүрген  геологтар  буыны  жұмыс  жасайды.  Олардың  көбі  20-

30  жылдан  жұмыс  істеп  келеді.  Қарамұрзиева  Әния,  Мүйімов  Серікғали,  Турков  Владимир, 

Мүсреева Гүлден, Тәжиева Мейрамгүл, Рахманқұлова Фархия, Елеуова Света, Аязова Қансұлу 

және  басқалар.  Олардың  көбі  -  геологтар  әулетінен  шыққан.  Барлығын  атап  өту  мүмкін  емес. 

Департаменттің әрбір қызметкері біз үшін қымбат және  кәсіпорынның дамуына өз үлесін қосып 

отырған өз ісінің  білгірлері.

Геолог күні мерекесіне орай, компания Президенті Хасанов Дәулетжан Кенесұлының аты-

нан кен орнындағы геология және игеру бөлімінің 11 қызметкеріне алғыс хаттар табысталды. Олар: 

Нигметов Асылбек, Бекшеева Алтынгүл, Ізбасханова Амангүл, Қостанбекова Айман, Мұхамбедиева 

Мәншүк, Жанаева Анар, Шеруенова Жұмазия, Качаева Ажар, Ахметов Думан, Нұранов Асқар және 

Ексатов Аслан. Сонымен қатар мұнай-газ саласының өркендеуіне елеулі үлес қосқан Оңғарбаева 

Айна  мен  Турков  Владимир  Геология  және  жер  қойнауын  пайдалану  комитетінің,  сондай  ақ  

«KAZENERGY» ассоциациясының Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Ал  18  сәуірде  біз  әріптестерімізбен  бірге  Жармыш  ауылына  жақын  Шығыс  Қаратау 

маңына экскурсияға шықтық. Маңғыстаудың дәл осы бөлігінде 70-150 млн.жылдық мел, юра және 

триас жыныстарының, яғни мезозой дәуірі жыныстарының жер бетіне шығып, ашылып жатқанын 

байқауға  болады.  Айта  кетерлік  жайт,  әлемдегі  мұнай  және  газ  кен  орындарының  көпшілігі  

қасиеті мен жасы бойынша ұқсас жерлерде орналасқан. Сөйтіп біз геологиялық ілімді зерттеу 

мен Геолог күнін және біздің тимбилдингті осылайша сабақтастыруды шештік.   

Осы  іс-шара  өте  қызықты  өтті.  Жауын-шашын  тұнбаларын,  геологиялық  денелерді 

зерттедік, жыныс үлгілерін  жинадық, сондай-ақ викториналарды өткізіп, өте дәмді дала дастар-

ханын жайдық. Арнайы шақырылған қонақтар да болды. Олардың арасында Маңғыстау облыстық 

геология  және  жер  қойнауын  пайдалану  инспекциясының,  «БатысГеофизСервис»  ЖШС  және  

МАК  өкілдері,  олардың  геофизикалық  компаниялардан  келген  серіктестері  болды.  Өкінішке 

орай, геологиялық кен орындары геология бөлімінен екі ақ адам болды. Алдағы уақытта да кен 

орны мен кеңсе қызметкерлері бірігіп, осы секілді серуендерге шығу дәстүрін жалғастырмақпыз. 

Ұжымдық және кәсіптік қарым-қатынастарды бекіту - өте маңызды іс.  

ҚБМ: Расында да мейрамыңыз жақсы өткен екен... Сіздің әріптестеріңізге деген қандай 

тілектеріңіз бар

Е.  Қадыров:  Геолог  мамандығы  -  қызықты  мамандық.  Ол  шығармашылықпен  де, 

күнделікті қызу жұмыспен де өте тығыз байланысты. Қажырлы еңбекті талап етеді. Әріптестеріме 

осы  күнделікті  қарбалас  қызу  тірлікте    әрқашан  бірін-бірі  қолдап  жүрсін  дегім  келеді.  Әр 

уақытта  білімге  қарай  ұмтылсын.    Әр  геолог  -  біздің  шағын  ұжым  үшін  ғана  емес,  сондай  -  ақ 

«Қаражанбасмұнайдың»  үлкен  ұжымы,  облыс,  ел  ауқымында  үлкен  жұмыс  атқарып  жатқанын 

білсін. Әрбірі осыны сезінсін. Олардың әрқайсысының  қосқан үлесі маңызды болсын. Дендеріне 

саулық, кәсіби табыстар, бірлік-береке және отбасылық бақыт тілеймін!  

ҚБМ: Ержан Асарұлы, соңғы сұрақ. Геолог ретінде  арманыңыз қандай?   

Е. Қадыров: Геолог ретіндегі арманым – жаңа кен орнын ашу. Не болмаса сондай үлкен 

тарихи оқиғаның кішкентай ғана қатысушысы болғым келеді.  Расына келсек, ол - әрбір геологтың 

арманы... 

ҚБМ: Әңгімеңізге рахмет! Армандарыңыз орындала берсін! Сәттілік тілейміз!    

ӨМІРБАЯН: 

Қадыров  Ержан  Асарұлы.  1978  жылы  туылған.  Жаңаөзен  қаласында  орта  мектепті 

бітірді. Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің 

түлегі.  Мамандығы  –  мұнай  және  газ  геологиясы  мен  барлау.  Қызметтік  жолын  2001  жылы 

«Өзенмұнайгаз» АҚ – да техник-геолог ретінде бастаған. 

 2006 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ қызмет етті. Мұнда ме-

неджерден бастап, геология және геофизика департаменті директорының орынбасарына дейінгі 

лауазымдарда болды.  

2012  жылы  «Өзенмұнайгаз»  АҚ  бас  геологы  лауазымына  тағайындалды.  2013  жылдан 

бастап «Қаражанбасмұнай» АҚ бас геологы болып қызмет етеді. Үйленген, төрт баласы бар. 

P.S. Геология және игеру департаментінің қызметкерлері жоғары кәсіби мамандар ғана 

емес,  компанияның  мәдени-көпшілік  іс-шараларының  белсенді  қатысушылары.  «Наурызнама» 

байқауында  департамент  қызметкерлері  молынан  дастархан  жайып,  қолдан  тоқылған  қазақ 

қол  өнерінің  керемет  туындыларын  ұсынды  және  ұлттық  салт-дәстүрді  ұстанудың  үздік  үлгісін 

көрсете білді. Бұл байқауда Гүлден Мүсреева, Гүлдерай Жұмағұлова, Тұрсын Назарбаева, Фен 

Юкуй және Қарамұрзиева Әния сияқты қызметкерлер ерекше көзге түсті. Өзінің сұлулығымен 

ғана емес, сондай - ақ білімі және шығармашылық қабілетімен дараланған     департамент геоло-

гы Қалдыбаева Жанар «Көктем аруы» байқауында 3 орынды иемденді. Департаментте осындай 

талантты қызметкерлер өте көп. 

Департамент басқа бөлімдердегі ынтасы жоғары жас мамандарды қатарға тартуға көп 

көңіл бөліп отыр. Былтырғы жылы 8 маман департамент құрылымына ауысты. Олардың бәрі де 

– кен орнында 3-4 жылдан жұмыс жасаған, өз мамандығы бойынша жұмыс істеуге ынтазы мол, ди-

пломы бар мамандар. Солардың бірі – жас геолог Ахметов Думан бүгінде  Жас мамандар кеңесіне 

төрағалық етеді. Белсенділер арасынан Қабылбеков Рүстемді де атауға болады.  

Біз геология және игеру департаментінің ұжымын кәсіби мерекелерімен шын жүректен 

құттықтаймыз! Табыстан табысқа жете бергейсіздер, Бозашы түбегін  барлаушылар! 

 

Экскурсияға шыққан геологтар



Геология және игеру департаментінің ұжымы

Геология – ерекше ғылым. Жыл өткен сайын геолог мамандығына деген сұраныс артып 

келеді. Геологияға енді қадам басып жатырған жас мамандар өз ісін шебер меңгеруге, мықты гео-

лог атануға ұмтылады. Бұндай дәрежеге жету үшін әрине қажырлы еңбектің қажет екені даусыз. 

Адам баласына тағы қандай қасиеттер мен қабілеттер керек? Осы сұрақты біз геология саласына 

ғұмырын  арнаған, белді ардагер – геолог Бақыбай Ахмет ұлына қойған едік. 

  «Геолог  болу  –  өте  жауапты  да  құрметті  жұмыс.  Мықты  геолог  болу    үшін  мықты 

зейін,байқампаздық,  мұқияттылық,  ақпаратты  терең  талдай  білу  сияқты  қасиеттер  керек  ақ.  

Бұдан өзге далалық жерде жұмыс жасау үшін төзімділік пен қажыр-қайрат та керек», - деп өз  

әңгімесін Бақыбай аға осылай бастады.  

Бақыбай  Ахмет  ұлының  өзі  үлкен  өмір  жолын  жүріп  өтті.  Оның  ғұмырбаян  беттері  мен 

қызмет жолындағы әр қадамы – жас геологтар үшін үлкен мектеп.   

Бақыбай аға 1942 жылы  Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылында дүниеге келді. 1959 

жылы  Таушықтағы  Шахта  орта  мектебін  тәмамдап,  Форт-Шевченко  қаласында  шопырлықтың  

курстарын бітіріп алады.  Сөйтіп Түбіжік, Жетібай, Өзен барлау алаңдарында көлік жүргізушісі бо-

лып жұмыс жасайды. Сол кездегі барлау жұмыстарына куә бола жүріп, жүрек түкпіріндегі «мұнай 

іздеп, барлау жүргізсем» деген бала күнгі арманымен 1961 жылы жоғары оқу орнына – В.Ленин 

атындағы Қазақ Политехникалық Институтына, геологиялық барлау факультетіне оқуға түседі.  

1967 жылы қолына дипломын алған жас маман еңбек жолын Жетібай елді - мекеніндегі 

Маңғышлақ  мұнай  газ  барлау  тресінің    ұңғыларды  сынақтан  және  байқаудан  өткізу  бой-

ынша  арнайы    кеңсесінде  операторлық  қызметтен  бастайды.  1972  жылға  дейін  осы  жерде 

ұңғыларды  зерттеу  инженері,  Қарамандыбас,  Тасболат,  Теңге,  Доңға,  Арыстановск,  Көкімбай, 

Кендірлі,  Ақсексеуіл,  Қожантай,  Қаңсу  сияқты  түрлі  барлау  алаңдарында  инженер-геолог  

қызметін атқарды. Мұнан соң 10 жыл бойы Жаңа Өзен қаласында Маңғышлақ Мұнай өндірістік 

бірлестігінде  қабаттардың  мұнай  өнімділігін  арттыру  және  ұңғыларды    күрделі  жөндеуден 

өткізу  басқармасында  учаскенің  бас  геологы,  аға  геолог,  геологиялық  бөлімнің  басшысы  және 

осы басқарманың бас геологы қызметтерін мүлтіксіз атқарады. Аталмыш басқарма ол кездері 

«Өзеннефть», «Жетібайнефть»,  «Комсомольскнефть» мұнай газ өндіру басқармаларына және 

Маңғышлақ газ өндіру басқармаларына қызмет көрсететін еді.   

1982 жылы Маңғышлақ стансысындағы Геофизиктер елді- мекеніндегі Маңғышлақ мұнай 

өндірістік бірлестігінің барлау бұрғылау Маңғышлақ Басқармасында жасай жүріп,  Бақанд, Ойма-

ша, Жыланды, Тасболат, Сәрсенбай, Солтүстік-Батыс Жетібай, Шынжыр, Оңтүстік Жетібай, Ащы-

сор, Пионерское, Көкше  және Солтүстік Қарақия сияқты барлау алаңдарында іздеу жұмыстарына  

қатысады.  1982  жылдың  қарашасынан  бастап    1994  жылдың  шілдесіне  дейін  Геофизиктегі 

Маңғышлақ мұнай өндірістік бірлестігі бұрғылау жұмыстарының Жетібай басқармасы басшысының 

орынбасары және бас геолог сияқты жауапты лауазымдарды атқарады. Бұл  кезең – Қаламқас, 

Қаражанбас, Жетібай, Шығыс Жетібай кен орындарында эксплуатациялық  бұрғылау  және Шығыс 

Қаламқас аумағында іздестіру бұрғылау жұмыстарының жүріп жатқан уақыты еді. 

2001  жылдан  2011  жылға  дейінгі  аралықта    Бақыбай  Ахмет  ұлы  «Каражанбасмұнай»  

АҚ бас геолог, геология және игеру мәселелері бойынша бас кеңесші және бас геолог міндетін 

атқарушы  (2006 ж.) және геология және игеру департаментінің директоры (2010 ж)  қызметтерін 

асқан жауапкершілікпен атқарады.  Ал  2013 жылдан бастап «Қаражанбасмұнай» АҚ геология 

және игеру департаментінің штаттан тыс кеңесшісі болып қызмет атқарып келеді.  

«Мұнай өндіруге байланысты барлық жұмыстарды жоспарлап, іске асыратын геологтар 

десем, көп қателеспейтін шығармын. Біздің департаментте бас геологтың басшылық етуімен іс-

тәжірибесі мол, білікті мамандар жұмыс жасайды», - дейді Бақыбай Ахмет ұлы. 

Бақыбай аға – даналық пен білімнің қайнар көзі. Сонау 1982 жылдан бері қарай сақталған 

көне дәптерлерде барлық ұңғылар мен игеру жұмыстары бойынша мәліметтер аса ұқыптылықпен 

жинақталған. Геологтың тиянақтылығы мен ыждаһаттылығы қайран қалдырады. 

«Біздің  кезімізде  қазіргідей  компьютер  деген  атымен  жоқ.  Барлық  санды,  мәліметті 

есте  ұстай  алмайсың.  Сондықтан  жыл  сайын  осындай  бір  дәптерден  арнап,  барлығын  жазып 

келемін.  Кім  және  қалай  бұрғылады?  Ұңғыманың  сапасы?  Техникалық  көрсеткіштері  қандай? 

Әрбір ұңғыманы қабылдай тұрып геолог барлығын егжей - тегжейлі тексеріп, талдаудан өткізуі 

тиіс. Геологияда қалай болса солай, атүсті көзқарас деген болмайды. Әр ұңғыма - балаң сияқты. 

Оны  сапалы  түрде  тапсырыс  берушіге  аманаттауың  керек.  Сондықтан  бас  геолог  болу  –  өте 

жауапты жұмыс. Мықты геолог болу үшін үнемі ізденіс үстінде жүруің керек, арнайы әдебиетті, 

бұрынғы  геологиялық  барлау  жұмыстары  жөніндегі  ғалымдардың  есептерін,  тұжырымдарын 

оқып, біліміңді жетілдіріп, керегін ала білу керек. Онсыз болмайды.  Жас геологтарға айтарым, 

кен орнының геологиялық құрылымын нақтылап, мұнайлы қабаттардың физикалық қасиеттерін 

біліп, геометриялық көлемдерін анықтап, олардан мұнай өндірудің тиімді жолдарын іздестіруге 

ұмтылуы  керек», - деп өз тәжірибесімен құрметті геолог осылай бөлісті. 

Бақыбай Ахмет ұлының айтуынша, бүгінде мемлекетіміз  геологиялық іздестіру – барлау 

жұмыстарын  қарқынды  жүргізуде,  мұнай  және  газ  қорларын  көбейтуге  биылғы  жылы  Ұлттық 

қордан 6 млрд. теңге бөлініп отыр.  «Геологиялық барлау және мұнай өндіру бағытында әлемдік 

ғылым мен техниканың озық үлгілерін пайдалана және шетелдік мамандармен бірлесе отырып 

жұмыс жасау – біздің жетістіктерімізді еселей түспек»  - дейді ардагер аға.  

Бақыбай аға өзінің көп жылғы адал еңбегі үшін 1988 жылы «Еңбек ардагері» медалімен 

марапатталды.  Ал  2005  жылы  «Қазақстан  Республикасының  құрметті  кен  барлаушысы»  төс 

белгісіне ие болды. Геологиядағы ерен еңбегі еленген ардақты азаматтың өмір жолы кейінгі жас 

ұрпаққа үлгі өнеге болары сөзсіз. 

ИННОВАЦИЯЛАР

ӨМІРДЕН – ӨНЕГЕ, ҰСТАЗДАН - ҰЛАҒАТ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет