Аралас сандарды қосу. Аралас сандарды азайту



Дата20.10.2023
өлшемі2,77 Mb.
#119953
түріСабақ
Байланысты:
9-ші сабақ Электронды үкімет


НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
«49 ОРТА МЕКТЕП» КММ
ИНФОРМАТИКА ПӘНІ 11 СЫНЫП Абдраманова Айдана Айдаровна

Сабақтың тақырыбы


ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ
  • Оқу мақсаты:

  • 11.3.4.7 Электрондық үкімет порталының функцияларын сипаттау
  • Бағалау критерилері:
  • - Электрондық үкіметтің не екенін түсінеді;
  • - Электрондық үкімет порталының қызметтерін біледі

Электрондық үкімет дегеніміз не?
«Электрондық үкімет »–мемлекеттік органдардың халыққа да, бизнеске де әлеуметтік маңызды қызмет көрсетуін жеңілдетті.
Egov.kz - электрондық үкімет порталы. Бұл портал мемлекеттік органдардағы кезекті қысқартып, анықтама, куәлік сияқты құжаттарды алуды жеңілдетті. Мемлекеттік қызметтің 400-ден астам түрін ЭЦҚ арқылы онлайн режимінде алуға мүмкіндік бар.
Электронды үкімет құру идеясын ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев 2004 жылы айтқан болатын. Сол жылы елде оның негізгі кезеңдерін анықтайтын «Электрондық үкіметті қалыптастыру» программасы бекітілді. 2006 жылы алғаш рет Қазақстан Республикасының электрондық үкімет порталы іске қосылды.
https://youtu.be/eH9wJW1yyAA
«Ашық диалог»– мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы тиімді кері байланысты орнату алаңы.
Тапсырма №1
Сұрақ -жауап.



Дескриптор

Балл

1

Электронды үкіметті түсіндіреді

1

2

Жабық кілттің анықтамасын сәйкестендіреді

1

3

Электронды цифрлық қолтаңбаның анықтамасын сәйкестендіреді

1

Жалпы балл

3
  • Электрондық үкімет деген не?

Бұл портал халыққа мемлекеттік органдардағы кезекті қысқартып, анықтама, куәлік сияқты құжаттарды алуды жеңілдетеді.
2. Электрондық үкімет порталы Қазақстанда қашан іске қосылды?
2006 жылы алғаш рет Қазақстан Республикасының электрондық үкімет порталы іске қосылды
3. Электрондық үкіметтің негізгі қызметтерін ата?
Қызметтер, ашық үкімет, төлемдер және т.б.
4. Ашық үкіметтің порталының негізгі бөлімдерін сипаттаңыз?
Ашық деректер, Ашық НҚА, Ашық бюджеттер.
Тапсырма №2
«Ашық диалог» порталымен жұмыс. Ашық диалогқа сервистерінің бірі, ұялы байланыс операторларына өтініш беру арқылы, ұялы байланыстың Altel операторының тарифтерімен танысыңыз.



Дескриптор

Балл

1

Egov.kz сайтына кіріп, Ашық диалог порталына кіреді

1

2

Сервистердің ішінен тарифтерді таңдайды

1

3

ұялы байланыстың Altel операторының тарифтерімен танысады

1

Жалпы балл

3

Тапсырма №3
Ашық НҚА (нормативтік құқықтық-актілер) бөліміне кіріп «Білім » саласындағы жаңалықтарды жүктеп алып, талдау жасаңыз.



Дескриптор

Балл

1

www.egov.kz сайтына кіріп, Ашық үкімет порталын ашады

1

2

Ашық НҚА бөлімінен Білім саласындағы жаңалықтарды жүктейді

1

3

Талдау жасайды

1

Жалпы балл

3

Рефлексия

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет