- Электрондық үкімет порталының қызметтерін біледі
Электрондық үкімет дегеніміз не?
«Электрондық үкімет »–мемлекеттік органдардың халыққа да, бизнеске де әлеуметтік маңызды қызмет көрсетуін жеңілдетті.
Egov.kz - электрондық үкімет порталы. Бұл портал мемлекеттік органдардағы кезекті қысқартып, анықтама, куәлік сияқты құжаттарды алуды жеңілдетті. Мемлекеттік қызметтің 400-ден астам түрін ЭЦҚ арқылы онлайн режимінде алуға мүмкіндік бар.
Электронды үкіметқұру идеясын ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев 2004 жылы айтқан болатын. Сол жылы елде оның негізгі кезеңдерін анықтайтын «Электрондық үкіметті қалыптастыру» программасы бекітілді. 2006 жылы алғаш рет Қазақстан Республикасының электрондық үкімет порталы іске қосылды.
https://youtu.be/eH9wJW1yyAA «Ашық диалог»– мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы тиімді кері байланысты орнату алаңы.
Тапсырма №1 Сұрақ -жауап.
№
Дескриптор
Балл
1
Электронды үкіметті түсіндіреді
1
2
Жабық кілттің анықтамасын сәйкестендіреді
1
3
Электронды цифрлық қолтаңбаның анықтамасын сәйкестендіреді
1
Жалпы балл
3
Электрондық үкімет деген не?
Бұл портал халыққа мемлекеттік органдардағы кезекті қысқартып, анықтама, куәлік сияқты құжаттарды алуды жеңілдетеді.
2. Электрондық үкіметпорталы Қазақстанда қашан іске қосылды?
2006 жылы алғаш рет Қазақстан Республикасының электрондық үкімет порталы іске қосылды
3. Электрондық үкіметтің негізгі қызметтерін ата?
Қызметтер, ашық үкімет, төлемдер және т.б.
4. Ашық үкіметтіңпорталының негізгі бөлімдерін сипаттаңыз?
Ашық деректер, Ашық НҚА, Ашық бюджеттер.
Тапсырма №2 «Ашық диалог» порталымен жұмыс. Ашық диалогқа сервистерінің бірі, ұялы байланыс операторларына өтініш беру арқылы, ұялы байланыстың Altel операторының тарифтерімен танысыңыз.