Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Ақиқит. 2011жыл, №4. «Ел тәуелсіздігінің нышаны – мемлекеттік тіл», ф.ғ.к.
М.Салқынбаев.
2. Ақиқат. 2013 жыл, №1. «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы
4. Ақиқат. 2011жыл, №5. «Қазақ тілін білу - әншейін бір ұран емес»,
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы ассамблеясының ХҮІІ сессиясында
сӛйлеген сӛзі
5. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы (баптары бойынша
түсіндірмелерімен) және оны жүзеге асыру жӛніндегі құжаттар. Алматы. –
«Дастан» баспасы, 2000 – 336бет.
6. www.egemen.kz
117
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ЖҤЙЕСІНДЕГІ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ НЕГІЗДЕРІ
Аятов А.С., Есильбаева А.К.
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Мектептерде, арнаулы орта және жоғарғы оқу орындарында
экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесі осы уақытқа дейін
орталықтандырылмаған. Соның нәтижесінде ғылыми жүйелілік сақталмай,
экологиялық материалдар жалпылама сипат алуда. Қазірге дейін
экологиялық білім берудің теориялық мәселелері ӛріс алуда.
Онда 1990 жылы шыққан Қазақстан Республикасының «Табиғатты қорғау
туралы» Заңындағы қағидаға сәйкес алға қойған проблемаларды
басшылыққа ала отырып шешуге ұмтылады. Басты мақсат–кӛпшілікке
үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру. Болашақ ұстаздар экология
ғылымын
меңгерумен
қатар
тӛмендегідей
мәселелерді
шешуге
ұмтылғандары жӛн[1].
1. Айнала қоршаған ортаның ӛзгерісіне бақылау жасап, оның
себебіне талдау.
2. Кез келген экологиялық жағдайдың себебін ашып, оны жоюдың,
қалпына келтірудің жолын ашу.
3. Табиғат қорларын үнемді және ұтымды пайдалану.
4. Табиғат қорғау мен экология бағытындағы ӛкімет заңдары мен
қаулыларын білу.
Қазір экология жӛнінде кӛптеген пікірлер, тұжырымдамалар мен
теориялар
бар.
Осыған
орай
ғылымның
барлық
салаларын
экологияландыру терминін кӛбірек қолданудамыз. Экология-адамзат
баласымен айналадағы орта арасындағы қарым қатынастан туған биология
ғылымының кӛрнекті салаларының бірі[1,2].
Жер шарының қандай бӛлігін алсаңыз да біздің қазақ жеріндегідей
экологиялық дағдарысқа ұшыраған аймақты кездестіре алмайсыз.
Қазақ жері неше түрлі термоядролық сынаулардың табиғи палигоны болғаны
рас. Атом, сутегі бомбаларын сынау тек біздің қазақ жерінде ӛткізілді.
Әлемге әйгілі Семей, Ақтӛбе, Маңғышлақ, Атырау, Орал, Қарағанды,
Жезқазған атом полигондары радиациялық фонды күннен күнге қиындата
түсті. Бұл полигондар қазақ елінің 11 млн гектар ең шұрайлы жеріне
орналасты. Бұрын соңды болмаған бұл жағдай адамзат баласының, сондай-
ақ, биосферада тіршілік ететін барлық жан-жануарлардың ағзасына
мутациялық ӛзгерістерді туғызды. Адамдар арасына мӛлшерден кӛп қауіпті
ісіктер мен неше түрлі дерттердің таралуына себепші болды. Адамдардың
мезгілсіз ӛмірден кетуіне әкеп соқты. Семей атом полигонында ӛткізілген 646
сынақтардың салдарынан соңғы жылдар ішінде әр жүз мың адамға шаққанда
118
жүйке психикалық ауруға шалдыққан адамдардың саны 960-тан 1624-ке,
ақыл ойы кем адамдар 3103-тен 4612-ге, невроз және жүйке тамыр дерті бар
адамдар 3692-ге кӛбейген. Ал сары ауру, іш ауруы, туберкулез сияқты ауру
түрлері әбден меңдеген. Кейінгі жылдары радиациялық экология термині
пайда болды. Ол жаңа дамып келе жатқан ғылым саласының бірі. Адамзат
баласының айналадағы ортасында кӛбейген экологиялық фактордың ең
бастысы иондаушы радиация. Ионданушы радиацияның негізгі қайнар кӛзі
табиғи радиоактивті элементтер мен жасанды радиоактивті элементтер.
Жасанды радионуклеидтердің адам ағзасына тигізетін әсерін зерттеген
адамдар ӛте аз. Олардың туғызатын қатерлі ісіктері жӛнінде Қазақстан
алдыңғы қатарда келеді[3].
Қандай болса да шиеленіскен проблемаларды мамандар шешеді.
Осыған орай Қазақ мемлекеті бойынша эколог мамандар даярлау кезек
күттірмейтін проблема. Эколог маман кадрлар дайындауға материалдық
техникалық база жасау қажет.Неше түрлі компьтерлік есептеу
аппараттарын монтаждап, оларды іске қосып, айналадағы ортаның
химиялық құрамына зерттеу жүргізу қажет. Экологиялық дағдарыстан
шығудың ең бір тиімді жолы сауатты және саналы мамандар дайындау
экологиялық дүниетанымды жетілдіре түсу.
Сонымен бірге экологиялық проблемаларды шешу үшін:
а) осы кезде тек қана қазақ жерінде ғана емес барлық дүниежүзілік
ӛркениеттің әлеуметтік және экономикалық дамуының негізіне әсер етіп
отырған ұлттық және
халықаралық саясатта социология мен
экономикадағы ғылым мен техникада қалыптасқан дағдыларға,
іс әрекеттерге терең талдау жасап, түсініктер беру, ол үшін экологияның
биологиялывһқ негіздерін білу қажет; ә) биосферадағы тірі заттар
эволюциясындағы жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы мен қалыптасуы,
дамуы мен ӛзгеруі туралы ғылыми деректер биосфераның біртіндеп
ноосферағы ӛту жолдарын түсіндіру; б) биосферадағы экологиялық
жүйенің адамдар арқылы реттелініп отыратынына айрықша талдау
жасалуы; в) экологияның қазіргі заманғы проблемаларын айрықша сӛз ету;
г) адамзат баласының биосферамен қатынасына, дүниежүзілік жеке
аймақтық және жергілікті шағын аудандық экологиялық проблемаларға
тоқталу, олардың антропогендік факторлар әсерінен ӛзгеруіне байланысты
сӛз қозғауға болады, неше түрлі анықтамалар беру орынды; ғ)биосфераның
құрамына айрықша талдау жасалу шартты проблемалардың бірі;
д)бұзылған биосфераны алдын ала математикалық моделдер жасап,
болжау; е) халықтың сана сезімін, экологиялық білімін жетілдіру үшін,
ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерімен таныстыру; ж) жастардың
ой ӛрісін, дүниетанымын қалыптастыру үшін жаңа типте оқу
бағдарламаларын жасау; з)үздіксіз экологиялық білім берудің теориялық
негіздерін мамандар, мұғалімдер жақсы білу керек [3,4].
119
Экологиялықбілімментәрбиелеумәселелеріжалпыбілімберудіңжекеда
рақұрамбӛлігіретіндеоқушылардаайналадағыортаментабиғатқажауапгерші
лікқарым- қатынасқалыптастырутиіс. Бұл салада орта мектептің алатын
орны ерекше. Оқушылар табиғаттану, химия, биология, география, т.б.
сабақтарда және мектептен, сыныптан тыс жұмыстар нәтижесінде
табиғатты қорғай білуге үйренеді. Мектептегі биология сабақтарында
оқушылардың ғылыми әдістемелік кӛзқарасын дамытуға кӛп кӛңіл
бӛлінеді. Сонымен қатар болашақ жасӛспірімдердің табиғатты қорғау
қабілетін арттыруға әсер ететін экологиялық білім алуға назар аударылады.
Оқушылардың биология пәнінде экологиялық білімді игеруі мұғалімнің
басшылығымен жүзеге асырылады. Жаратылыстану пәні ретінде
оқушыларға экологиялық білім беруде биологияның маңызы зор.
Экологиялық сауатты ашу үшін бірнеше тақырыптарға сай келетін есептер
шығарып, нақты дәлелдер арқылы кӛз жеткізуге болады. Биология
үйірмелерінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға
арналған сыныптан тыс әр түрлі жұмыстар ұйымдастырған жӛн. Алуан
түрлі тақырыптарда сынып сағаттарын ӛткізу арқылы, оқушыларға
экологиялық тәрбие беруге болады[4].
Ӛзек ӛртер ӛкінішті экологиялық жайттарға болашақта жол бермеу
оқушыларға, студенттерге, жалпы жастарға бүгінгі таңда экологиялық
білім мен тәрбие беруді талап етеді. Айналадағы ортаның ластану
себептері тӛмендегідей: а) жер жүзінде қоныстанушы халықтар санының
ӛсуі; ә) кӛптеген минералдар қазба байлықтар (ресурс) кӛздерінің тозып
кетуі; б) ӛндіріс орындарының шикізат кӛздерін жоспарсыз пайдалану
(газдардың ауаны ластауы); в) табиғатты химиялық, биологиялық ӛзгеріске
ұшырауы; г)адамдардың айналадағы ортаға жанашырлықпен қарамауы;
ғ)тұщы сулардың ӛте азайып кетуі, жемісті жерлердің жойылып кетуі.
Оқушыларға экологиялық білім берудің жүйелері тӛмендегідей
болады:
1. Олар:а)табиғат, айналадағы орта туралы (гидросфера,литосфера,
атмосфера,биосфера, ғарыш); ә) адамға және биологиялық ортаға әсер
ететін факторлар.
2. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және оны қорғау.
3. Физика техникалық факторлар жарық, ылғалдылық, қысым, жел,
ағыс, дыбыс, тербеліс, сәулелер.
4. Энергитика механикалық факторлар жылу, электр, атом, күн
сәулесі, жел, теңіз толқындары.
5. Фотосинтез үрдісі.
6. Айналадағы ортаның ластануына қарсы күрес.
7. Бұл мәселелер ӛз дәрежесіне қарай орта мектепте табиғаттану,
физика, география, химия, биология пәндерінде оқытылады.
120
8. Табиғаттану (IV-V сыныптарда.) Су, топырақ, ауаны ластаудан
қорғау, туған ӛлкенің табиғатын сүю, аялау, қорғау, су, күн сәулелерінің
энергияларын тиімді пайдалану туралы ӛтіледі.
9.
Физика (VI-VII-XI сыныптарда).Биосферадағы физикалық
үрдістерге табиғаттағы физикалық факторлардың әсері, айналадағы
ортаның
физикалық
факторлардан
ластануы,
табиғаттың
термодинамикалық, радиоактивтілік тепе теңдігі, ядролық, нейтрондық
жарылысқа қарсы күрес, табиғи аппаттардың физикалық жағдайларын
түсіндіру.
10. Биология (VIII-XI сыныптарда). Биотехнология, айналадағы
ортаның биологиялық ластануы, отынның тиімді пайдалануы, қалдықсыз
ӛндіріс технологиясы, ӛндіріс қалдықтарын (түрлі газдарды) газ ұстағыш
қондырғылар қолдану арқылы жою үрдістері оқытылады [1,2].
11. Биология пән ретінде де, ғылым ретінде де адам мен айналадағы
ортаға үлкен әсер етеді, сондықтан биотехнология ӛндірісінің тиімді де,
тиімсіз жақтары бар. Биотехнология ӛнімдері адамның бүкіл қажетіне
(медицина, тамақ, киім, ауыл шаруашылығы, т.б.) кең қолданылады, бірақ
сауатсыз пайдаланса, осы аталған салаларда бұл ӛнімдер адам мен
табиғатқа кері әсерін тигізеді. Дегенмен білімді, сауатты адам
биотехнологияны залалсыз, тиімді пайдалана алады.
12. Оқушылар мен студенттерге экологиялық білім беруді
тӛмендегідей ұйымдастыруға болады:
а) IV-XI сынып оқушыларына химия, биология сабақтарында;
ә) қосымша тәрбие жұмыстарында;
б) IX-XI сыныптарда факультативтік сабақтар ӛткізу;
в) пәнаралық байланыстарды арттыру;
г) ӛз бетімен істейтін жұмыстар беру.
Міне, осындай жағдайда биологиядан экологиялық білім мен тәрбие
беру арқылы сабақты түрлендіріп ӛткізсе, онда қоршаған ортаға тигізген
бірден-бір кӛмегіміз болар еді[4].
Ендеше
бүгінгі
таңдағы
мектеп
мұғалімдерінің
басты
міндеттеріоқушылардың санасына Отанға, атамекенге, туған ӛлке
табиғатына деген сүйіспеншілік сезімдерін оятып, ол арқылы туған ӛлке
табиғатының байлығын сақтауды, оны аялап, қорғауды барынша
насихаттап, үздіксіз жұмыс жүргізулері қажет. Осыған байланысты
жастарға жаппай үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі
мемлекеттік деңгейге қойылып отыр. Осыған орай экологиялық білім мен
тәрбие ерте жастан берілуі керек. Білім беру жүйесінде үздіксіз және
мақсатты жүзеге асыра отырып, жас ұрпақты экологиялық сауаттандыру
қазіргі кезде, әсіресе, жаратылыстану пәндерінің басты міндетіне айналып
отыр. Мектептегі экологиялық білім берудің негізі пәнаралық принцип
болып табылады, себебі, қандай да болмасын бір ғана пәннің аумағында
бұл міндет толықтай шешілмек емес.
121
Достарыңызбен бөлісу: |