110
Қазақ халқы табиғатынан еліктегіш, қабылдағыш халық. Кеңес
заманында орыс тілі-заманның кілті болды. Бұл-заман талабы еді. Орыс
тілін үйреніп,орыстардың ӛзін жаңылыстыратын жағдайға жеттік. Енді
алдағы асу –ағылшын тілі. Адам кӛп тіл білген сайын оның кӛкірек кӛзі
ашылып, ӛмірінің кӛкжиегі кеңіп, ӛрісі ұлғая түсетін болады. Намысын
найзаға шаншып, күре тамыры кӛк бӛріден нәр алған, кӛк. Тәңірге
табынған Күлтегіннің ұрпағына бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру
қиындық тудыра қоймас.
Иә, кӛп тіл білу ــ әрине, мақтаныш. Әйтсе де ӛз ана тілін аяқ асты
ету тексіздің ісі. Ана тілін жақсы біліп тұрып, ӛзге тілде жетік сӛйлесе ــ
бұл сүйініш, мақтаныш, ал ана тілін білмей тұрып, ӛзге тілде сӛйлесе ــ бұл
күйініш, ӛкініш. Ал біздің мақсат – ағылшын идеологиясын сіңіріп,
ағылшын болып ӛмір сүру емес, ағылшынның тілін ғана үйрену емес пе?
Балаларымызды әлемге қанат жайған ағылшын тілімен қаруландыру ғана
емес пе? Кейбір адамдар ағылшын тіліне қарсылық білдіріп жатады. Ал
ағылшын әлем мойындаған жаһандану тілі. Бұл-бұзылмас заңдылық.
Меніңше,ол сыңаржақ пікір. Елбасының сындарлы саясатының
астары ӛте тереңде. Біз әлемдік аренаға шығу үшін ағылшын тілін жетік
меңгерген Мәңгілік Елге айналумыз керек. Бұл жолда біз ұтпасақ,
ұтылмаймыз. Ӛз тілің бірлік үшін,ӛзге тіл тірлік үшін керек екенін
ұмытпайық. Сондықтан «Ана тілің ــ арың бұл, ұятың боп тұр бетте. Ӛзге
тілдің бәрін біл, ӛз тіліңді қүрметте» деп, ақын Қадыр Мырза-Әли атамыз
айтқандай, әуелі ӛз ана тілімізді қүрметтеп, оны ардақтап, аялап үйренейік
те, ӛзге тілдің бәрін білуге барынша құлшыныс жасайық. Ӛз тіліміз
ӛзегіміз, халықтық қасиетімізді айғақтайтын алтын тұғырымыз болсын. Әр
ұлттың ӛз тілі ӛзге тілге жеткізетін кӛпір есепті.
Достарыңызбен бөлісу: