11
байланыстарға ӛту білім алушылардың әрекет тәсілдерін бір нысаннан
басқаларға кӛшірулеріне, оқу 6 процесін толығырақ түсінулеріне және
әлемнің (қоршаған ортаның) толық бейнесін құрастыруларына мүмкіндік
береді; 2) пәндерді кіріктіру құрылымындағы проблемалық жағдаяттардың
кӛлемін ұлғайту, мектеп оқушысының ойлау әрекетін белсендендіреді және
оны оқудың тұлғалық нәтижелеріне жетуге жетелейді және жақындатады; 3)
кіріктіру білім алушыға мақсаттан нәтижеге дейінгі аралықта жүргізілген
барлық әрекеттердің орындалу процесін бақылауына, әлемнің тұтас бейнесін
қалыптастыруына және жұмыстың әр кезеңін саналы қабылдауына мүмкіндік
береді; 4) кіріктіру метаппәндік ұстанымын жүзеге асыру арқылы, сабақтың
ақпараттық кӛлемін ұлғайтады; 5) кіріктіру білім алушылардың түрлі
пәндерді оқу барысында жасаған қорытындыларын қалыптастыра отырып
және оқытудың тұлғалық тәсілін жүзеге асыра отырып, нақты бақылауларды
дәлелдейтін немесе тереңдететін жаңа факторлар табуға мүмкіндік береді; 6)
кіріктіру оқу-танымдық әрекетті белсендендіруге кӛмектеседі, оқушылардың
білім алу үшін кӛп күш жұмсауларын жеңілдетеді және шаршағыштықты
болдырмайды, ынталандыру құралы болып табылады.; 7) оқу материалдарын
кіріктіру білім алушылардың шығармашылығын дамытуға, алған білімдерін
ӛмірдің нақты жағдаяттарында қолдана білулеріне жағдай жасайды.
Мәдениетке тәрбиелеудің, табиғатқа, адамдарға, ӛмірге мейірімді, тұлғалық
қасиеттерді қалыптастырудың маңызды факторларының бірі болып
табылады [5]. Кіріктіру жүйесі мектеп пәндерінің сабақтың әр кезеңінде бір-
біріне сәйкес келетін және бірін-бірі толықтырып отыратын тақырыптарын
тең мӛлшерде біріктіруді қарастырады. Екінші негізгі ұғым – кіріктірілген
сабақ – бұл арнайы ұйымдастырылған сабақ: – мақсатқа әртүрлі пәннен
алынған білімді біріктіру барысындаға ғана оның жетуге болады; –
зерттелетін мәселені оқушылардың қабылдауын жинақтайтын, толық жетуіне
мүмкіндік беретін, қандайда бір аралық проблеманы қарастыруға және
шешуге бағытталған; - әртүрлі ғылымдардың әдістерін ӛзiмен гармониялық
үйлестірген және тәжірибеге бағытталған Кіріктірілген сабақта оқушылар
әртүрлі пәндердің ақпаратын қолдана отырып, оқиғалар мен құбылыстарды
мүлдем жаңаша түсіне отырып терең және жан-жақты білім алу мүмкіндігіне
ие болады. Кіріктірілген сабақта білімді жинақтау, бір пәннен алынған
білімді басқа пәнде қолдану білігін қалыптастыру мүмкіндігі бар. Осыған
байланысты кіріктірілген сабақтар оқушыларға алынған білімдерді
біріктіруге және оқушылардың пәнге қызығушылығын белсендендіруге
кӛмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: