27
Осымен, ағылшын тілі және жаратылыстану пәндерін кіріктірілген
оқыту барысында білім алушылардың білімдерін бағалау жүйесі: 1) ағылшын
тіліндегі сӛз қорын толықтыруға; 2) ӛз ойын және ақпаратты ағылшын
тілінде ауызша жеткізе білу біліктерін дамытуға; 3) мұғалім мен білім
алушылардың сӛзін, аудио/бейнетаспаны тыңдау, ағылшын тілінде
тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну біліктерін қалыптастыруға;
4) зерделеніп отырған тақырып бойынша ағылшын тілінде оқылған мәтінді
түсінуге; 5) қажет жағдайда ақпаратты жазбаша нұсқасында жеткізуге
бағытталуы тиіс.
Білімнің кіріктірілуі білім беру мазмұнының икемді болуының және
түрленуінің бір жолы болып табылады. Кіріктірілген оқытуды
ұйымдастыруда білім алушылардың жас ерекшеліктерін еске ала отырып,
оларды тұлға ретінде дамытуға және олардың шығармашылық ойлауын
қалыптастыруға тірек болатын түрлі білімнің тоғысуы арқылы әлемнің сан
түрлі болмысын таныту мүмкіндігі пайда болады.
Осымен, жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер
(информатика, физика, химия, биология) мен тілді кіріктіре оқыту оқу
үдерісінің сапасын жоғарылатып қана қоймайды, сонымен қатар,
мектептегі білім берудің маңызды міндеті – білім алушылардың пәнаралық
байланыс негізіндегі ақпараттық мәдениетін қалыптастыру мәселесін
шешуді кӛздейді.
Достарыңызбен бөлісу: