№ 2.
"Сақтандырудағы тәуекелдер" тақырыбы бойынша тірек конспект жасау
5 минут
№ 1. Case Study
Романов “КАСПИЙ” сақтандыру компаниясымен сақтандыру мерзімінің соңына дейін өмір сүрген жағдайда өмірді сақтандыру шартын жасасты. Сақтандыру сомасы тараптардың келісімімен 2 миллион теңгемен белгіленеді. Сақтандыру мерзімі – 1 жыл. Артемова мен Романова – сақтанушының әйелі мен әпкесі пайда алушылар болып тағайындалды.
Сақтандыру мерзімі аяқталғаннан кейін Романов сақтандыру шартының мерзімі аяқталғанға дейін өмір сүруіне байланысты сақтандыру сомасын (сақтандыру өтемі) алу үшін сақтандыру компаниясына жүгінді. Сақтандыру компаниясы Өмірді сақтандыру шартындағы тармағына сілтеме жасай отырып, төлем жасаудан бас тартты, оған сәйкес егер пайда алушы сақтандыру шартында көрсетiлмеген жағдайда ғана сақтандырылған адам пайда алушы деп ұйғарылады. Сақтандырушының бас тартуы заңды ма? Осы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасын алуға кімнің құқығы бар? Пайда алушы мен Сақтандырылған адамның айырмашылығы қандай?
Сақтандыру агенті кәсіпорын директорына «АЗИЯ» сақтандыру компаниясы атынан 800 мың теңге сақтандыру сомасына жұмыскерлердің өмірін ұжымдық сақтандыру шартын жасасу туралы ұсыныспен жүгінді. Сақтанушы мәмілеге келісті, содан кейін сақтандыру агенті сақтандыру сыйлықақысын қолма-қол ақшамен алып, оған өз қолы қойылған сақтандыру полисін берді.Шарттың қолданылу мерзімі ішінде сақтандыру жағдайы басталғаннан кейін сақтанушы сақтандыру компаниясына сақтандыру төлемін алу туралы өтініш білдіріп, одан бас тартылған кезде сақтандыру агентінің шартты оған берілген өкілеттік шегінен тыс жасағаны анықталды. Сақтандырушының әрекеті заңды ма?
ақтандыру агенті қандай қызмет атқарады және қандай өкілеттіктер берілген? Осы келісім-шарттың жарамдылығын анықтаңыз.