Аралық бақылау №1 1-вариант Химиялық технология туралы түсінік. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар. Д. И. Менделеев «технология»


) Егер жабық типті айналмалы резеңке араластырғыштың әр 20 минут сайын 350 кг резеңке қоспасы шығарылып отырса, онда оның тәуліктік өнімділігін есептеңіз



бет7/12
Дата18.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#118893
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Аралы ба ылау №1 1-вариант Химиялы технология туралы т сінік.

4) Егер жабық типті айналмалы резеңке араластырғыштың әр 20 минут сайын 350 кг резеңке қоспасы шығарылып отырса, онда оның тәуліктік өнімділігін есептеңіз


7-вариант

  1. Химиялық-технологиялық үдерістегі химиялық реакциялардың жіктелуі.

Химия-технологиялық процесс 3 сатыдан тұрады:
1. Шикізат дайындау және оны өңдеу
2. Химиялық өзгеріс:
• Реагенттерді реакция аймағына жеткізу молекулалардың диффузиялануы
немесе конвексиялануы арқылы іске асады. Көп фазалық жүйелерде
реагенттерді реакция аймағына жеткізу,
- газдарды адсорбциялау немесе
- десорбциялау арқылы
- буды конденсациялау арқылы
- қатты затты еріту
- сұйықтарды буға айналдыру арқылы іске асады.
• Химиялық реакция химия-технологиялық процестің екінші және негізгі
сатысы
• Өндірілген өнімді реакция аймағынан шығару
- молекулаларды диффузиялау
- конвенциялау арқылы
- заттарды бір фазадан екінші фазаға аудару арқылы жүзеге асады
3. Мақсатты өнім алу.
3.
Егер технологиялық процесс жылдамдығы реакция жылдамдығымен шектелсе, яғни
химиялық реакцияның өзі өте жай жүретін болса, онда процесс кинетикалық
аймақта жүреді.
Мұндай технологиялық процестердің жылдамдығын арттыру үшін:
• Бастапқы реагенттердің концентрациясын көбейту;
• Температураны жоғарылату;
• Қысымды жоғарылату;
• Катализатор қолдану керек.
I.
2. Егер технологиялық процесстің жалпы жылдамдығы реакцияласушы реагенттерді
реакция аймағына жеткізу жылдамдығымен немесе өнген өнімдерді реакция аймағынан
шығару жылдамдығымен шектелінсе – процесс диффиязиялық аймақта жүреді.
Мұндай процестерді жылдамдату үшін диффузия жылдамдығын арттыру керек. Ол үшін:
• Араластыру процесін жеделдету;
• Ұсақтау;
• Концентрацияны жоғарылату;
• Системаны гомогендеу керек.
3. Егер технологиялық процестің барлық сатыларының жылдамдығы шамалас болса,
процесс өтпелі аймақта жүреді.
Мұндай процестің жылдамдығын арттыру үшін диффузияға және химиялық реакцияның
жылдамдығына әсер ететін факторларды өзгерту керек.
4.
Технологиялық процестердегі тепе-теңдік және
оған әсер ететін факторлар.
Химиялық реакциялар қайтымды және қайтымсыз болып бөлінеді.
Шындығында барлық реакциялар қайтымды. Берілген жағдайда байланысты (Т,Р,С)
реакция тура және кері жүре алады. Дегенмен көптеген химиялық реакциялар бір бағытта өте
аз жылдамдықпен (іс жүзінде ноль жылдамдықпен) жүре алады, сондықтан мұндай
реакцияларды шартты түрде қайтымсыз реакция деп санайды.
Мысалы, Әк «сүтінің» СО2-ні сіңіру реакциясы
CO2 + Ca(OH)2 → CaCO3 + H2O
Іс жүзінде қайтымсыз, өйткені түзілген CaCO3 суда аз ериді, сөйтіп тұнбаға түседі.
Технологиялық процестерді іске асырғанда ең алдымен мынаны білу керек:
1) Таңдап алған шикізатты өңдегенде қандай реакция жүреді (қайтымды-қайтымсыз).
2) Берілген өнімді қамтамасыз ететін негізгі реакция қаншалықты терең жүреді.
3) Мақсатты өнімінің максималды шығымы қандай.
Негізгі реакцияның қаншалықты терең жүретінін реакцияның тепе-теңдік орнау
жағдайларынан білеміз. Сондықтан тепе-теңдікте жүретін реакцияға оптималдық
жағдайларды орнатуды білу керек.
5. Жылжымалы тепе-теңдік.
- тура және кері жүретін процесстер жылдамдығы теңескенде орнайды. Тепе-теңдікті бір жағына
жылжыту үшін реакцияға қатынасушы заттың біреуінің концентрациясын өзгерту керек.
Тепе-теңдіктегі мына теңдеуді қарастырайық
А+Б = В+Г қайтымды реакция
V1=K1[A][Б];
V2=K2[B][Г]
Химиялық тепе-теңдік кезінде V1=V2демек K1[A][Б]= K2[B][Г] болады.

  1. Ағынды сулар және оларды тазарту.

Ағынды сулар — атмосфералық сулар мен жауын-шашын, оған еріген және жаңбыр сулары, сондай-ақ су қоймаларына өндірістік кәсіпорындар мен елді мекендер аумағынан кәріз жүйесі немесе ауырлық арқылы ағызылатын, адам қызметінің нәтижесінде қасиеттері нашарлаған жасыл екпелер мен көшелерді суарудан алынған сулар жатады.

Ағынды суларды тазарту – құрамындағы
заттарды, сондай – ақ патогенді микроорганизмдерді
жоюға немесе ажыратуға әкелетін әдістер жүйесі. Су
қоймаларының өз - өзін табиғи жолмен тазарту
барысында ағын сумен бірге түскен затарды да
бұзылуға ұшырауы мүмкін. Бұл процесс барысында
заттар концентрациясы, құрылымы және құрымы
уақыт пен кеңістік бойынша өзгеріске ұшырайды.
Сондықтан су қоймаларда табиғи тазарту
қондырмалардың маңызы зор. Ағын суларды тазарту
схемасын жасау көптеген факторларға байланысты.
Бұл схема тазартылған судың қанша мөлшері өндірісті
сумен жабдықтауға және қанша мөлшері
суқоймаларына құйылатындығын есептеу үшін
қолданылады.

Тазарту әдістері;


Биологиялық тазалау әдіс
Химиялық тазалау әдіс
Физико-химиялық тазалау әдіс
Механикалық тазалау әдіс

Биологиялық тазалау әдісі микроорганизмдердің ағынды


сулардағы түрлі қосылыстарды өздерінің субстраты ретінде
пайдалану әрекетіне негізделген. Бұл әдістің құндылығы оның
ағын су құрамындағы органикалық және бейорганикалық кең
спектрлі заттарды жоюында жатыр. Алайда бұл әдістің
ойдағыдай жүруі үшін тазалау қондырғыларының құрылысына
көп мөлшерде қаржы бөлу қажет. Тазарту процесі барасында
тазалаудың технологиялық режимін қатаң сақтау және
микроорганизмдердің ластанудың жоғары концентрациясына
өте сезімтал келетінін ескеру қажет. Сондықтан биологиялық
тазарту жүргізбестен бұрын, ағын суларды сұйылту қажет.
Ағын суларды биологиялық жолмен тазарту
процестерінің 2 әдісі бар
Аэробты – микроорганизмдер
заттарды тотықтыру үшін оттегі
пайдаланады.
Анаэробты – микроорганизмдер
бос күйіндегі еріген оттегімен
де, сондай – ақ
нитратиондарыны
электрондарының артық
акцепторларымен баййланысқа
түсе алады.
7.
Механикалық тазалау әдіс
Механикалық әдістер- ерімеген қалдықтары бар суларды әртүрлі
торлардан, сүзгілерден, электрден өткізіп,бір жерге жинап,тұндыру
арқылы тазалайды. Бұл әдіс суды ірі дисперсті заттардан тазартудың
оңай жолы және тазарту үлгісінің 1-ші сатысы болып табылады.
Механикалық әдіс, лас судың құрамындағы күрделі минералды
заттарды, ерітілмейтін қоспаларды ұстау үшін қолданылады. Жалпы
механикалық әдіс сирек қолданылады. Өндірістік лас суды тазартуда
жеке қолданылуы мүмкін, ал көбінесе басқа әдістердің алдында
қолданылады.
Механикалық әдістерге төмендегідей қондырғылар мен ғимараттар
жатады: қабылдау камерасы, кереге, құмұстағыштар, тұндырғыштар.
Ағын суларды тазалаудың механикалық әдісінде ластаушыларды айыру
үшін гравитациялық және ортадантепкіш күштер қолданылады
8.
Механикалық әдісте ағынды судағы ірі және ұсақ түйірлі тез тұнатын
бөлшектерді өздігімен тұндырып немесе оларды және қалқып шығатын
заттектерді тұндырғыш сүзгіш, құмұстағыш арқылы өткізіп, немесе
әртүрлі конструкциялық техника құралдарын (торларды,електерді,
гидроциклондарды, т. б.) қолданып, ал беттік ластағыштарды мұнайұстағыш, май мен смола аулағыш жабдықтар мен материалдарды
пайдалану арқылы жояды.
Механикалық әдіс кезінде қолданылатын аспап
9.
Химиялық әдіс
Қалдық суларға химиялық реагенттерден (басқа затпен қосылып
химиялық реакция жасайтын заттар) қосып еріген және ерімеген
заттарды бөліп алу кейбір заттарды ертіп зиянсыз ету арқылы
тазалайды.Бұл әдіспен тазалағанда ермеген қалдықтың 95, еріген
қалдықтардың 25% бөліп алуға болады.
Химиялық әдісті әртүрлі зиянды заттары бар қалдық суларды
тазартуға қолданбайды.
Химиялық әдістер негізінен бейорганикалық қосылыстарды
тазарту үшін қолданылады. Регенттік әдіске қышқылдар мен
сілтілерді бейтараптау, иондарды еруі қиын қосылыстарға
айналдыру, бейорганикалық заттарды тұндыру жатады. Жиі
қолданылатын әдіске қышқыл суларды негіздермен, күйдіргіш
натримен, әкпен магнезитпен, сілті қалдықтарымен бейтараптау
жатады, бұның ішінде ең көп қолданылатыны-калций
гидрооксиді (сөндірілген әк)
Химиялық ідңс кезінде
қолданылатын аспап
10.
Физико-химиялық әдіс
Физико-химиялық әдістер ағынды суды майды дисперсті, каллоидтық және
еріген заттардан тазарту үшін қолданылады.
Ағынды судағы ластағыштардан құтылу үшін іс жүзіңде пайдаланылатын
физикалық-химиялық әдістерге - каогуляция, флотация, электролиттік
ірілендіру, су буымен айдау, сорбция, экстракция, гиперфильтрация,
эвапорация, десорбция, дезодорация, дегазация, электрохимиялық тәсілдер
(электролиз, электро-каогуляция, электрофлотация, электродиализ),
ультрадыбыспен суды өндеу, т. б. жатады. Бұл әдістер қатарымен жүретін
физикалық және химиялық процестерге негізделген.
Физико-химиялық әдістерге радиаңиялық, ион алмасу, тотығу-тотықсыздану
және т.б. әдістер жатады. Радиациялық тазалауда иондалған сәулелену әсерінен
улы заттар залалсызданады. Ион алмасу арқылы тазалауда суды тек
ластатқыштардан ғана тазартып қоймайды, сондай-ақ қайта пайдалану үшін
бағалы химиялық қосылыстарды жеке іріктеп, жинап та отырады. Бұл әдісте
ластаушылармен ион алмасу реакциясына түсетін иониттер (балшықты
минералдар, фторапатиттер, ион алмасу шайырлары) қолданылады.
11.
Ағын суларды тазартуда бірнеше қондырғы типтері
пайдаланылады:
1-Локальды (цехтік)
2-Жалпы (зауыттық)
3-Аудандық (қалалық)


  1. Шикізатты жіктеу және оларға қойылатын талаптар.

Шикізат —бұрын еңбек әрекетіне түскен және одан әрі өнделуге тиіс еңбек заттары (мысалы, қазылған кеніш, қырқылған жүн); әдетте, шикізат қайсыбір өнеркәсіп саласына: жеңіл, тамақ, т.б. арналған деп ұғынылады;
табиғи ресурстардың, негізінен, пайдалы қазбалардың өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Бұлайша ұғынуда шикізат — табиғи ресурстардың ендігі пайдаланылатын немесе технологиялық тұрғыдан өндіріске тартылуы мүмкін бөлігі.

Аспаздық және кондитерлік өнімдерді дайындағанда технологиялық процестің ағымдылығын сақтау тиіс. Шығарылатын өнімдердің жиынтүрін шығаруға санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мемлекеттік органдарының санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы беріледі. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мемлекеттік органдарының санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы негізінде нормативтік-техникалық құжаттама болған жағдайда өндіріс технологиясында жаңа рецептуралар мен жаңалықтарды қолдануға жол беріледі.

Мұздатылған етті еріту
Мұздатылған етті екі жолмен ерітеді. Ақырын еріту температурасы 0-ден 6оС дефростерде жүргізіледі, ет цехында дефростер жоқ болса, өндірістік үстелдерде жүргізіледі. Мұздатылған етті суда немесе оттың жанында ерітуге және еріген етті қайта қатыруға болмайды. Тоңазытылған етті микротолқынды пештерде, оған берілген тиісті нұсқауларға сәйкес ерітуге болады. Ұшадағы, жартылай және төрттен бір бөлікті етті сүйектен айырардың алдында тазалайды, таңбасын кесіп алып тастайды, ұйыған қаннан тазалайды, шөткенің көмегімен ағын судың астында жуып алады. Ет турамасын 2-4оС температурада 6 сағаттан артық сақтамайды. Суық көзі болмаса етті сақтауға болмайды. Өкпе-бауыр, ішек-қарынды ауада немесе суда ерітеді. Жылумен өңдеудің алдында оларды суық суға шылап қояды. Құстардың ұшаларын ауада ерітеді, ағын сумен жуып тастайды және кесілген жағын суы төгілуі үшін төмен қаратып қояды. Шикі құстарды өңдеуге бөлек үстелдер қарастырылып, олар бөлектейтін және өндірістік жиһаздарға бөлінеді.

Балықты еріту


Балықты ауада немесе температурасы 12оС-ден аспайтын суда мынандай есеппен судың 2 литріне бір килограмм (бұдан әрі - кг) балық ерітуге болады. Бір литр суға 7-10 грамм (бұдан әрі - г) тұз қосуға болады. Балықтың жон етін, бекіре тектес балықтарды суда ерітуге болмайды. Тұздықталмаған күйдегі салаттарды, винегреттерді қосу-алу 4-2оС температурада 6 сағаттан артық сақтауға болмайды. Салаттар мен винегреттерді саудаға жіберер алдында ғана тұздықтауы тиіс. Көкөністерден, жемістерден және көктерден дайындалған салаттардың партиясын сұранысқа қарай жасайды.

Сілекпе жасау


Сілікпе жасағанда пісірілген ет өнімдері және басқа құрамдарына сүзілген сорпаны құйып, қайта қайнатады. Сілікпені алдын ала қайнаған сумен шайылған қалыптарға ыстықтай құяды және өндірістік үстелдерде 25оС температурада суытуға қалдырады. Содан кейінгі суыту мен сақтау қосу-алу 4-2оС температурадағы суық цехтағы мұздатқышта жүргізіледі. Мұздататын жабдықсыз сілікпен сатуға болмайды. Еттен және құстан жасалған өнімдердің қолдануға дайындығын тескен жерден түссіз сорпа ағуынан және кескен жердің сұр түсті болуынан және де өнімнің қалың жерінің температурасын анықтау арқылы анықталады. Табиғи шабылған өнімдерде ол 85оС төмен болмай, котлетті массадан жасалған өнімдер үшін 90оС төмен болмауы тиіс. Температура 5 минут бойы арнайы спиртті термометрмен өлшенеді. Балық турамасының және балық өнімдерінің дайындығы сыртқы қабығының қызарып қуырылуы мен үлестірілетін бөліктердегі балық етінің сүйегінен оңай ажырауы арқылы анықталады. Туралған еттен, балық етінен дайындалған өнім және балық кесектері пештің үстінде табада қыздырылған майда екі жағынан кем дегенде 10 минөт қуырылып, онан соң лепті және қуыру шкафтарында t 220-250оС 10-15 минөт аралығында әрі қарай пісіріледі.

4) Қуаттылығы 380 мың т/жыл болатын күкірт қышқылы өндірісінің қондырғысының құны 18 200 000 теңге. Үлесті капиталды шығынды есептеңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет