Аралық бақылау №1 Философия 2023-2024ж.
Адамзаттың бірінші ұстазы, тұңғыш болып ғылым классификациясын жасаған Аристотель «Бiрiншi философияны» (метафизиканы) қандай ғылым ретiнде анықтаған?
болмыстың даму заңдылықтары мен өзгерістері туралы ғылым
болмыстың саяси және әлеуметтік қырлары туралы ғылым
болмыстың сан түрлерінің өзара байланысы туралы ғылым
болмыстың алғашқы себептерi мен бастамалары туралы ғылым
болмыстың қоғам мен адам өміріндегі орны туралы ғылым
Субстанция мәселесін алғаш болып көтеріп, оны материалдық әлемнен іздеген грек философиясының мектебі қалай аталады?
Элейліктер
Пифагоршылар
Атомистер
Милеттіктер
Софистер
Француз философы әрі оқымыстысы Энтони Кеннидің пікірінше, «Философиялық білімнің күрделілігі соншалық, оны тек кемеңгер ақыл иесі ғана игере алады. Ал қарапайым жан үшін, философияны меңгерудің бір ғана жолы бар» .Ол қандай жол?
философияның категорияларын, заңдарын білу
философияның тарихин зерттеу
философтардың түпнұсқа еңбектерін оқу
философтардың жеке өмірбаянын білу
философтардың ойлау деңгейіне қол жеткізу
Философияның көптеген анықтамалары бар. Берілген нұсқалардың ішіндегі қай пайымдаудың философиялық білім сипатына қатысы жоқ деп ойлайсыз?
«Философия – даналықпен, ақыл-оймен байланысты»
«Философияның басы – таңдану»
«Философия – табиғатты зерттейтін әмбебап ілім»
«Философиялық білімге – еркіндік, тәуелсіздік тән»
«Философия – ақылды ойлау мәдениетін қалыптастырады»
Төмендегі ұғымдардың қайсысы болмыстың ақыл-ой арқылы танылатын, өзгермейтін ішкі мәнін білдіреді?
Акциденция
Бейболмыс
Материя
Субстанция
Құрылым
Гректер қашанда өз ойын ешбір дайын мәтін, қағазға қарап емес, жатқа айтқанды жоғары бағалаған. Сондықтан да сөйлеуді жазудан жоғары қойған. Осыған орай, гректің қай ойшылын өмірінде ешбір шығарма жазбаған деп ойлайсыз?
Сенека
Эпикур
Платон
Достарыңызбен бөлісу: |