дәріс Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым



бет1/4
Дата26.09.2022
өлшемі3,05 Mb.
#40359
  1   2   3   4
Байланысты:
ДӘРІС 3.1 Педагогика(1)

3.1 дәріс Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ
УНИВЕРСИТЕТ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЦИКЛ ПӘНДЕР БӨЛІМІ
Алматы, 2022
Жоспар
1. Педагогика ғылымыны қалыптасуы мен дамуы
2. Педагогика - қазіргі адамтанудың саласы
3. Педагогика ғылым ретінде
4. Педагогиканың объектісі, пәні және қызметтері
5. Педагогиканың негізгі категориялары (тәрбие, оқыту, білім беру), олардың өзара байланысы
Педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы
Ғылымды кеңірек мағынада шындық өмір туралы объективті білімдерді жасау және теориялық жинақтау іске асатын адами әрекеттің бір саласы деп қарастырады.
Ғылым – ғылымның құралдары мен әдістері пайдаланылатын және зерттелетін нысандары туралы білімдердің қалыптасуымен аяқталатын объектіні жүйелі және мақсатқа бағытталған түрде зерделейтін таным үдерісінің ерекше түрі.
Ғалым сол ғылымда жинақталған білімнен, жалпы адами тәжірибеден алынған ақпаратқа сүйенеді, ол ғылыми мәселелерді шешуге бағытталған және ғылымда белгілі бір олқылықтардың орнын толтырады.
Зерттеу барысында танымның арнайы құралдары қолданылады: модельдеу, болжам жасау, эксперимент жүргізу және т.б.
Педагогика – қазіргі адамтанудың саласы
XX-XXI ғасырлар тоғысында кез-келген елдің тұрақты өркендеуін қамтамасыз ететін ең басты фактор – адам. Өркениетте адам рөлінің күшеюі, адами капиталдың қоғам дамуының негізгі ресурсына айналуы адам туралы ғылымдардың ішінде ең алдымен білім беру туралы арнайы ғылым педагогиканың маңызын арттырды.
Ғылым – қоғамдық сананың бір түрі. Ғылым сол ғылымда жинақталған білімнен, жалпы адами тәжірибеден алынған ақпаратқа сүйенеді.
Педагогика ғылым ретінде
Бұл ретте ғылыми пән оның құрылымының жүйе құрушы элементі түрінде педагогиканың өзін-өзі дамытуын зерттеудің өміршеңдігін қарастырады. Ғылымның дамуы ғылыми білімнің саралануы мен кірігуінің өзара байланысты үдерісімен сипатталатыны бәрімізге мәлім. Ғылымдардың жақындасу үдерісі, кешенді тәсілді қолдану көптеген жеке ғылымдарға тән бола тұра, философиялық ұғымдардан ажыратылатын түсініктердің пайда болуына ықпал етті. Бұндай интегративті сипаттағы ғылыми негіздеме бірнеше пәндердің әлеуетін біріктіретін түсініктер педагогикада да кеңінен қолданылуда. Осы уақытта зерттеу жүргізу «жүйе», «құрылым», «әрекет», «әлеуметтік», «оңтайлылық», «жағдай», «ұйымдастыру», «болжам», «деңгей» және басқа да жалпы ғылымилық түсініктерсіз мүмкін емес.
Жалпы ғылымилық түсініктерді педагогиканың пәніне қатысты ойластырғанда, педагогиканың терминологиясы «педагогикалық болмыс», «педагогикалық жүйе», «білім беру үдерісі», «педагогикалық өзара әрекеттестік» сияқты сөз тіркестерімен толықтырылады.
Жүйе дегеніміз – бірі өзгеріске ұшыраса, басқалары да өзгеретін өзара байланысты элементтердің тұтас кешені. Зерделенетін нысанға жүйелілік тұғырын қолдануды анықтау есепке алынатын жүйенің ең қажетті сипаттамасы: құрамы (оған енетін элементтер жиынтығы), құрылымы (олардың арасындағы байланыс) және әрбір элементтің қызметі, оның жүйедегі рөлі мен маңызы. Өз кезегінде жүйенің элементі басқа бір кең жүйеге оның бөлігі ретінде енуі мүмкін.
Педагогика кез-келген ғылым сияқты шынайы болмысты бейнелейді. Сондықтан, педагогикалық болмысты педагогикалық әрекетті ғылыми қарастыруға алынған болмыс деп анықтауға болады.
Жүйе және әрекет туралы түсініктер мен «білім беру үдерісі» түсінігі арақатынасын қарастыру керек. Үдеріс – жүйенің хал-ақуалының ауысуы, демек, білім беру үдерісі әрекет ретінде білім беру жүйесінің күй-жайының ауысуы. Сондықтан, педагогикалық әрекет және педагогикалық үдеріс – екеуі бір нәрсе емес. Педагогикалық үдеріс – қозғалыстағы, дамудағы әрекет. Тек оны ойша ғана тоқтатып, педагогикалық әрекеттің бөліктерін талдауға болады.
Енді бір маңызды ұғым – «педагогикалық өзара әрекеттестік», практикалық педагогикалық әрекеттің мәнді белгісі – оның екі жақты сипатын бейнелейді. Бұл қасиет арқылы педагогикада мақсат қоюмен және басшылық етумен байланыстының бәрін сипаттайды. Педагогикалық зерттеулерде іргелес ғылымнан алынған ұғымдарды бөліп көрсетуге болады. Психологиядан («қабылдау», «меңгеру», «ақыл-ойдың дамуы», «еске сақтау», «іскерліктер», «дағдылар»), кибернетикадан («кері байланыс», «динамикалық жүйе») алынған көптеген ұғымдарды педагогикада кеңінен қолданыс табуда.
Объект – осы ғылым зерттейтін шынайы болмыстың саласы. Пәні – объектіні осы ғылым тұрғысынан көре білу тәсілі. Нысан дегеніміз – зерттеушінің танымдық әрекеті бағытталған шынайы болмыс, ал пән дегеніміз – зерттеудің нысанын (объектісін) ғылыми тұрғыдан көру тәсілін бейнелейтін зерттеу субъектісі мен объектісі арасындағы буын.
Педагогика – бұл білім және тәрбие беру әрекетінің түрлі жақтарын зерттейтін басқа ғылымдар қатарындағы білім және тәрбие беру туралы арнайы ғылым. Бұл білім беруді өзінің құрамдас бөліктерімен бірлікте қарастырып зерттейтін, өзінің зерттеу объектісі ретінде санайтын бірден-бір ғылыми пән. Сонымен, педагогика білім және тәрбие беру туралы бірден-бір арнайы, кең ауқымды ғылымдар жүйесінің қатарына кіреді. Педагогика ғылымының саласы құрсақ тәрбиесінен бастау алады (С.Ғабассов).
Педагогиканың негізгі салалары: педагогика тарихы, этнопедагогика, халықтық педагогика, отбасы педагогикасы, әлеуметтік педагогика, жас ерекшелік педагогикасы, мектепке дейінгі тәрбие, тәрбие теориясы мен әдістемесі, мектеп педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы, кәсіптік педагогика, қосымша білім беру, басқару педагогикасы, түзелту-еңбек педагогикасы, әскери педагогика, салыстырмалы педагогика, жеке пәндер әдістемесі, арнайы педагогика т.б.
Арнайы педагогиканың өзі адамдардың денсаулықтарының кемістігіне байланысты бірнеше салаға бөлінеді: сурдопедагогика – саңырау, мылқау, керең адамдарға, тифлопедагогика – көру қабілеті нашар, соқыр адамдарға, олигофренопедагогика – ақыл есі кем адамдарға, логопедия – тілінің кемісі бар адамдарға тәрбие және білім берумен айналысады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет