Байланысты: Аралы ба ылау №1 1-вариант Химиялы технология туралы т сінік2
3) Мұнайды қайта өңдеу: крекинг, реформинг және платформинг.Крекинг (ағыл. crackіng – бөлшектену, ыдырау) – жанармай алу үшін мұнайды немесе оның жеке фракцияларын өңдеу. Крекинг – мұнай өңдейтін зaттардағы негізгі термиялық процесс.470 – 540С температурада және 4 – 6 МПа қысымда көмірсутектер ыдырап, изомерлену реакциясы жүреді. Бензинмен қатар ауыр қалдықтар (кокс) және көп мөлшерде газ түзіледі.Реакцияныңбағыты мен жылдамдығы, алынған өнімнің құрамы бастапқы алынған заттың химиялық құрамына, температураға, жылу әсерінің ұзақтығына, қысымға, қолданылған катализаторға байланысты. Крекингтің бірнеше түрі бар. Термиялық крекинг ашық түсті мұнай өнімдерін алу үшін жоғары температура (470 – 500ӘС) мен қысымда (5 – 6 МПа) өтеді. Мұнда 25 – 40% бензин алынады, оның октан саны төмен '(56 – 60). Күкіртті, шайырлы, жоғары парафиндімұнайда термиялық крекинг өнімнің сапасы төмен болады. Октан саны аз, ал керосин және дизель жанар майында күкірт көп, ауыр қалдықтар 30 – 40% болады. Сондықтан осы кезде көбіне катализдік К. қолданылады. Бұл әдісте түрлі катализаторлар қолданылады, процесс 0,4 МПа-ға дейінгі қысымда, 450 – 520Стемпратурада жүргізіледі. Мұнайды, әсіресе, керосин мен газойль фракцияларын катализдік крекинг арқылы өңдейді. Осындай әдіспен октансаны 80 – 90 болатын бензин алуға болады. Су буы арқылы Крекингілеуде мұнай заттарының газдары, мұнайдың ең ауыр фракциялары пайдаланылады. Бұл әдіс пиролизге қарағанда кокстенуді едәуір төмендетіп, олефин шығымын, әсіресе, катализаторлар қолданғанда, арттырады. Гидрокрекингсутек қысымы арқылы жүргізіліп, мұнайдың күкіртті және шайырлы ауыр фракцияларын өңдеуде қолданылады. Бұл процесс сутектің 5 – 30 МПа қысымында 350 – 450С темп-рада Mo, Nі оксидтері мен сульфидтерін катализатор ретінде қолдану арқылы жүреді. Мұндай процесс кезінде мұнай гидрогенделеді, полициклді көмірсутектер изопарафиндерге ыдырайды.[1]. Платформинг -құрамында платина бар катализаторлардың қатысуымен сутегі қысымында жүргізілетіну мұнай өнімдерін каталитикалық тазарту. Ол мотор бензиндері мен хош иісті көмірсутектердің жоғары октанды компоненттерін алу үшін қолданылады. ... Платформамен нафтендердің 80% хош иісті заттарға айналады.
4 есеп Егер реакция жылдамдығының температуралық коэффициенті 3ке тең болса, ал температураны 40-дан 60-қа көтергенде реакция жылдамдығы неше есе өсетінін есептеңіз.
11-вариант 1) Тепе-теңдікті ығыстыру тәсілдері.
2) ХТҮ-гі тепе-теңдік.
3) Аса маңызды мұнай өнімдері және оларды қолдану салалары.
4) CaCO3(қ)= CaO(қ) + CO2(г)реакциясының 650К температурадағы U0-ң шамасын есептеңiз. Бұл реакцияның осы температурадағыН0=49,32 ккал/моль, ал R=1,98710-3 ккал/мольК.
12-вариант 1) ХТҮ кинетикасы.
2) Гомогенді және гетерогенді реакциялардағы процестердің өтуіне әсер ететін факторлар.
3) Минералды тұздар өндірісі.
Минералды тұздар, адам ағзасы жеген тағам мен ішкен суы арқылы қабылдайды. Минералды тұздар денеге жинақталады және жасушалар мен ұлпалардың құрамына кіреді. Минералды тұздар адам ағзасында жетіспесе немесе көп болған жағдайда адам әртүрлі ауруға ұшырайды.