Автоматтандырылған сүзгi–пресiнiң жұмыс iстеу тәсiлi. Горизонталь
тақталар жоғырғы және төменгi сүйенiш тақталар арасына орналасқан.
Олар электромеханикалық қысатын құрылғы жәрдемiмен тiк стержень
бойлап жылжиды. Тақталар арасымен бағыттаушы роликтер жәрдемiмен шексiз ленталы сүзгi мата тартылған. Сүзгi мата регенерациялық камерада жуылып тазаланады. Мұндай сүзгi престерiнiң жұмыс iстеу циклдары төмендегiоперациялардан тұрады: тақталарды сығу, сүзу, тұнбаны жуу және оны үрлеу, тақталарды ажыратуы, тұнбаны түсiру және сүзгi мматаны жуып тазалау. Бұл операциялардың барлығы уақыт релесi жәрдемiмен автоматты түрде басқарылады.
Тімсемді сүзгілер қысым астында істейтін мерзімді әрекетті сүзгілерге
жатады. Сүзінді және оның ауырлық күшінің бағыттары бір-біріне
перпендикуляр. Мұндай сүзгілердің бірнеше түрлері бар.
Раманың ортасындағы ойықтар суспензия және жуатын сұйық берiлетiн құбырды 3 суырмай раманы оңай шығаруға мүмкiндiк бередi. Құбыр айналмалы және iлгерiлi- кейiн жылжығанда оның соплаларынан шыққан су арқылы тұнба ағызылып түсiрiледi.
Барабанды сүзгілер. Химия өндірісінде барабанды вакуум сүзгілер
жиі қолданылады. Бұл сүзгі үздіксіз жұмыс істейді және мұндағы сүзіндінің қозғалысы мен оның ауырлық күшінің бағыттары бір-біріне қарама қарсы.
Артықшылықтары:
1) әртүрлi суспензияларды ажыратуға болады;
2) химиялық активтi ортаға берiк материалдардан жасауға болады;
3) пайдаланудың оңайлығы.
Кемшiлiктерi:
1) сүзгi бетiнiң аздығы және сүзгiнiң қымбаттылығы;
2) тұнбаны мұқияттап жуудың және құрғатудың қиындығы.
Тегерішті /дискалы/ вакуум сүзгі. Мұндай аппараттарда сүзінді
қозғалысының бағыты ауырлық күшінің бағытына перпендикуляр. Сүзгінің сыртқы көрінісі: жарты цилиндр пішінді секцияларға бөлінген астаулар ішінде іші қуыс білікке орнатылған тік сүзгілі тегеріштер айналады. Таратқыш құрылғы жәрдемімен, сүзінді аппараттан құбыр арқылы шығарылып, ал құбыр арқылы сығылған ауа беріледі. Таратқыш құрылғының құрылысы барабанды сүзгідегідей, әр астауда суспензия бір деңгейде болады және маятникті араластырғыш жәрдемімен үздіксіз араластырылып тұрады.
Артықшылықтары: 1) сүзгі бетінің көптігі; 2) жұмыстан шыққан
кейбір тегерішті немесе сүзгі бөгеттерін алмастыру оңай; 3) сүзгі бөгетінің /матаның/ шығыны аз; 4) энергия аз жұмсалады.
Кемшіліктері: 1) тұнбаның жуылуы нашар. Сондықтан бұл сүзгілерді
біркелкі және жай тұнатын қатты бөлшектері бар суспензияларды ажыратуға қолданады.