Аралық бақылау №2 Сүзу процесі және оның түрлері


Жылу берудің негізгі теңдеулері



бет20/22
Дата02.05.2023
өлшемі65,44 Kb.
#89041
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
рк 2

18.Жылу берудің негізгі теңдеулері
Жылуберу – қатты заттар мен сұйықтардың (газдардың) арасындағы тікелей жылуалмасу үдерістері. Жылуөту – сұйық пен сұйықтың, газ бен газдың, газ бен сұйықтың, қатты қабырға арқылы жылуалмасу үдерістері. Кез-келген жылу үдерісінің негізгі сипаттамасы алмасатын жылу мөлшеріне байланысты. Жылуалмасу қондырғыларының өлшемдері осы шамаға байланысты болып келеді. Жылуалмасу қондырғыларының негізгіөлшемі жылу беретін бет немесе жылуалмасу беті болып табылады. Қондырғыдағы берілетін жылу шамасы мен жылуалмасу бетінің арасындағы байланыс жылу таралудың кинетикалық теңдеуінен анықталады: d2Q=KЛ∆tdFd τ
19. Қыздыру және суыту агенттері (хладагенттер) және қыздыру тәсілдері
Қыздыру химиялық технологияда көп қолданылатын амалдардың бірі болып табылады. Қыздырудың нәтижесінде химиялық және масса алмасу процестері жақсы жүреді. Температуралық және басқа жағдайларға байланысты қыздыру процесін жүргізу үшін мынадай әдістер қолданылады:
1.​су буымен қыздыру;
2.​газ түтінімен қыздыру;
3.​аралық жылу тасығыштарды пайдалану;
4.​электр ағынын пайдалану.
Сұйықтықтар мен газдарды сaлқындатудын ең қарапайым тәсiлi - аппараттардың қабырғасы немесе құбырлар арқылы өз жылуын сыртқа шығару. Мұндай сaлқындатудың узақтығы аппарат қабырғасының жылу өткiзгiштiк қабiлетiне және салқындатылатын сұйықтықтың температурасына байланысты сұйықтықтарды салқындатудын ен қарапайым түpi - оларды ашық аппараттарда салқындату (кептiргiш ыдыстарда және т.б.).Салқындату үшiн жиi беттiк тоңазытқыштaр қолданылады. Салқындатқыш агенттер ретiнде су немесе мұздатқыш тұздыктар қолданылады. Тоңазытқыштар «бу көйлектi», ирек түтiктi, құбырлы және спиральды жылу aлтмастырғыштаp болуы мүмкiн.
20. Жылу алмастырғыштардың жіктелуі және конструкциясы
Жылу алмастырғыштар әртүрлі белгілеріне сәйкес жіктеледі. Жылу беру әдісімен оларды екі топқа бөлуге болады: беттік және араластыру. Жылуалмастырғыштар жылу алмасу бетінің конфигурациясына, мақсатына, жұмыс ортасының қозғалыс бағытына, жылу алмасу бетінің орналасуына, жылу тасымалдағыштардың температуралық градиентіне, құрылғыны жасаған материалына байланысты конструкциялық ерекшеліктерге ие.
Беткі аппараттарда жұмыс ортасы жылу өткізгіш материал қабырғалары арқылы жылу алмасады, ал араластыру қондырғысында жылу жұмыс ортасының тікелей араласуы арқылы тасымалданады.
Араластыру жылуалмастырғыштары беткі қабаттарға қарағанда конструкциясы қарапайым: олардағы жылу толығымен пайдаланылады. Бірақ олар технологиялық жағдайлар өндірістік ортаны араластыруға мүмкіндік беретін жағдайларда ғана қолайлы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет