Аралық бақылау жұмысы Сарсенгалиева Айша 205-1 бопмә



Дата09.10.2022
өлшемі14,38 Kb.
#41993
Байланысты:
Айша АБ теория


Аралық бақылау жұмысы
Сарсенгалиева Айша 205-1 БОПМӘ
2019 жылы 27 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» Заңға қол қойды. Бұл Заң ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша әзірленген. Мұғалімнің мерейін өсіріп, мәртебесін көтеруге бағытталған Заңның қабылдануының негізгі себептері мен мақсаттары және міндеттері қандай? Мұғалімнің білігі мен беделін арттырудағы аталмыш Заңның рөлі қандай болмақ?
«Педагог мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, оқушы мен мұғалімге жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын және Қазақстан Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылы өткен «Bіlіm jáne gylym!» педагогтердің тамыз конференциясында берген тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленген. «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының мақсаты - педагогтердің мәртебесін арттыру, жүктемесін азайту, оларды жосықсыз тексерулерден және өздеріне тән емес функциялардан қорғау, ынталандыру бойынша өзге де мәселелерді заңнамалық деңгейде шешу. Бұдан басқа, Заңда педагогтердің құқықтары мен міндеттері қарастырылған, сондай-ақ педагогикалық қызметке рұқсат беру талаптары белгіленген. 

“Педагог мәртебесі туралы” Заң қалай қабылданды «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы 21 баптан тұрады және еліміздегі 500 мыңнан астам педагогтің мүдделерін қорғауды көздейді. Заң нормалары мектепке дейінгі, орта, кәсіптік және техникалық білім беру, қосымша білім беру, мамандандырылған, арнайы білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің педагогтеріне қатысты талаптарды қамтиды. Заң жобасын талқылау мақсатында «Білімді ел – Образованная страна» сайтында арнайы электрондық пошта ашылды. ҚР Білім және ғылым министрлігі Facebook әлеуметтік желісінде педагогикалық және сараптамалық қауымдастықпен талқылаулар жүргізді. 2018 жылғы 20 қазаннан бастап электрондық поштаға қоғамдық қауымдастықтан және педагогтер ұжымынан 8 633 ұсыныс келіп түсті. Оның ішінде 2 399 ұсыныс bilimdinews.kz сайтында орналастырылды. Сонымен қатар бұл заң түрлі алаңдарда - ЖОО-ларда, білім беру ұйымдарында және ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде талқыланды. Жалпы Заң төрт бағытты қамтиды, оның ішінде педагог қызметіне қойылатын талаптарды күшейту қарастырылған. Бұл ретте, педагог этикасы мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген, әрбір білім беру мекемесінде Әдеп жөніндегі кеңес қызметі енгізілуде.


Педагогтердің құқықтарын қорғау құжатта қамтылған педагогтің құқықтарын кеңейту нормалары олардың жеке тұлғалық дамуына және оқу үдерісін жетілдіруіне ықпал етеді. Сондай-ақ педагогтерді қызметіне жатпайтын жұмысқа тарту, шамадан тыс есептілік, негізсіз тексерулер жүргізуге тыйым салу арқылы олардың жүктемесін азайту өзекті мәселе. Осыған байланысты нақты санкциялар көзделген.


Педагог мәртебесі туралы» Заңды іске асыру үшін республикалық бюджеттен 2020-2022 жылдарға қосымша 2 трлн. 282 млрд. теңге (2020 жылы – 404 млрд. теңге, 2021 жылы – 770 млрд. теңге, 2022 жылы –1 трлн. 108 млрд. теңге) бөлінді. Оның ішінде барлық педагогтердің, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтерін қоспағанда, лауазымдық жалақыларына 25% мөлшерінде түзету коэффициентін белгілеуге 1 трлн. 756 млрд теңге (2020 жылы – 295 млрд теңге, 2021 жылы – 581 млрд теңге, 2022 жылы – 880 млрд теңге) көлемінде қаржы қарастырылған. Сондай-ақ мұғалімдер мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушыларына төленетін сынып жетекшілігі (топ жетекшілігі), дәптерлерді және жазбаша жұмыстарды тексергені үшін қосымша ақы мөлшерін екі есе арттыруға – 43 млрд теңге (2020 жылы – 6 млрд теңге, 2021 жылы – 18 млрд теңге, 2022 жылы – 18,8 млрд. теңге) қарастырылған.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет