Құзыреттілік адамның білімі мен практикасындағы іс-әрекеттер арасында болатын қатынас ортасы болып қалады» деп жазады орыс ғалымы М.В. Рыжаков өз еңбегінде. Кейбір сөздіктерде құзыреттілік құзырлылық делініп былай анықтама берілген. ‘”Құзырлылық – адамның стандарттан тыс жағдайда нәтижелі әрекет ету қабілеті”
Құзыреттілік = Білім – Тәжірибе – Іскерлік.
Жоғары оқу орындарында мамандарды кәсіби даярлаудың әдіснамалық-теориялық негіздерін анықтауда: Арынғазин, Ш.А. Абдраман, Б. Әбдікәрімұлы, А.Е. Әбілқасымова, Б.А. Әлмұхамбетов, Е.И. Бурдина, С.А. Дружилов, Е.Ө. Жұматаева, С.Т. Каргин, Б.Т. Кенжебеков, Қ.М. Кертаева, С.З. Қоқанбаев, Р.К. Төлеубекова, Г.О. Тәжіғұлова, В.Д. Шадриков, Л.А. Шкутина т.б. ғалымдардың зерттеулеріне арқау болып, әр қырынан қарастырылуда.
Болашақ мамандардың негізгі құзіреттіліктерінің қалыптасу деңгейін бағалау белгіленген міндеттерді іске асыра алуымен тікелей байланысты. Педагогтардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру жаңа білім беру стандартының төмендегідей талаптарына сәйкес болуы шарт:
білім берудің дәстүрлі және тың нәтижелерін бағалауға мүмкіндік беретін бағалау әрекетінің жаңа тәсілдерін қолдануға даярлануы керек.
Мұнда білім беру жүйесін ақпараттандыру мәселесіне көңіл бөлу де болашақ мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруға ықпал етеді. Ақпараттық-коммуникативтік технологияның білім беру үдерісінің ресурсына айналуы болашақ мамандардың өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар жүйесін пайдалануына және түрлі педагогикалық жағдаяттар арқылы ақпараттық-коммуникативтік технологияның (АКТ) мүмкіндіктерін қолдануға бағдарлау қабілетіне тікелей байланысты.