Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Аралық бақылау
Орындаған: Қарасай Диана
Тексерген:Отарбекова Жания
Алматы қаласы
Қорытынды тапсырма
|
Ашық сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріп, қысқаша дәлел келтіріңіз, себебін жазыңыз. Әр жауап 2 балмен бағаланады.
|
1.Грамматикалық форма мен сөз формасы бір. (ЖОҚ)
СЕБЕБІ: Гамматикалық ф топтағы сөздердің қосымшалар, грамматикалық тұлғалар ( жалғау, жұрнақ) арқылы белгілі жүйелі парадигма бойынша түрленуі болып табылады да, сол арқылы әр тұлғаға сай категориялық граммактикалық мағына беріледі.
2. Сөздің дыбыстық жағы мен мағынасы арасында табиғи байланыс бар. (ЖОҚ)
СЕБЕБІ, егер байланыс болса жер шарында барлығы бір тілмен ғана сөйлеуші еді , сондықтан сөз табиғи емес, ол дыбыстың шартты түрде шыққан таңбасы болып табылады;
3.Грамматикалық мағына сөйлеу барысында туады.(Иә)
СЕБЕБІ: Грамматикалық мағына алдымен лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы пайда болып, содан кейін сөйлеу процесінде сөздің жұмсалу мақсатына қарай оған әр түрлі тұлғалардың қосылуы арқылы немесе сөйлемде басқа сөздермен әрқилы қарым-қатынасқа түсуі арқылы үстеледі, демек, осының нәтижесінде екінші қатардағы мағына болып табылады.
4.Лексикалық мағына да, грамматикалық мағына да жалпы болады. (ЖОҚ)
СЕБЕБІ, лексикалық мағына бір сөзде біреу болады, бір мағына болады , жалқы болады, ал грамматикалық мағына жалпы болады, белгілі топтарға ортақ болады, бір сөзде бірнешеу болады
5. Грамматикалық категориялар сөз таптарына байланысты емес.(Жоқ)
СЕБЕБІ: Категориялардың жүйелі түрлері сөздердін ірі грамматикалық топтарын (сөз таптарын) жасайды. (зат есім ,сын есім, етістік он категория бар) тікелей байланысты, олар сөз түрлену жүйесінің көрсеткіші, олар көптеледі, септеледі, жіктеледі;
6.Көктем келді. Көктем сөзінің КГМ-сы – заттың атын білдіру.(ЖОҚ)
СЕБЕБІ, Көктем+0 келді. Көктем+0 – бастауыш, атау септігі, қимыл иесін білдіріп тұр
7. Қосымшаларды сөз тудырушы және форма тудырушы деп жіктеу синтаксистік қызметіне байланысты. (ЖОҚ)
СЕБЕБІ, С.М. Исаев семантикасына байланысты екенін айтты ол сөз тудырушы және форма тудырушы деп жіктеген , яғни сөйлемдегі мағынасына қараймыз.
8. Ат тұяғын тай басар. Сөйлемде 10 морфема бар. (ИӘ) 10 морфема бар.
Ат+0 тұяғ+ы+н тай+0 бас+ар+0 – 10 морфема бар . морфема ТҮБІР – 4.Қосымша морфема- 6 (3- нөлдік форма)
9. Атау септік басқа септіктерге негіз болатын негізгі септік.
СЕБЕБІ, Атау септігі септік жүйесінің бір түрі ғана, септеуге негіз болатын ол түбір , егер негіз болады десек екі септік қатар келуші еді
10. Атаңның баласы болма, Адамның баласы бол. Болма, бол етістіктері түбір тұлғада тұр (Жоқ)
СЕБЕБІ, болма , бол сөйлемнің ішінде бұйрық райда, жіктік жалғаудың екінші жағында тұр
Достарыңызбен бөлісу: |