Психогигиена және психопрофилактика- медициналық психологияның
салалары, жүйке психикалық және психосоматикалық аурулардың алдын
алу, сондай ақ психожарақаттық шұғыл реакцияларды жеңілдету
мақсатында, іс жүзінде сау адамдарға мамандандырылған көмек көрсету
деген міндетін атқарады. Психогигиена және де психопрофилактиканың
әдістеріне консультациялық орталықтар, сенім телефондары және сау
адамдарға психологиялық көмек көрсетуге бағдарланған басқа да
ұйымдардың шеңберінде жүргізілетін психокоррекциялық жұмыстары,
тәуекел топтары деп аталатындарды анықтау және олармен
профилактикалық жұмыс жүргізу мақсатындағы жаппай қараулар,
тұрғындарға ақпарат беру және тағы басқалары қамтылады. Ал қазіргі
уақыттағы психогигиена және психопрофилактиканың арнайы міндеттері-
отбасылық, оқулық және де өндірістік сипаттағы дағдарысты жағдайларда
адамдарға көмек көрсету, жаңаотау болған және ажырасуға бет алған
отбасылармен жұмыс және тағы да сол сияқтылар.
№93 Салауатты өмір салтының мәні
Салауатты өмір салты
-
адам үшін аса маңызды, денсаулықпен тікелей байланысты
Достарыңызбен бөлісу: