Аралық бақылау сұрақтары: 1 Психология ғылым ретінде. Мақсаты. Міндеттері



Pdf көрінісі
бет7/53
Дата06.10.2023
өлшемі1,17 Mb.
#113329
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   53
8. Психологиядағы модельдеу. 
Психологиялық әдістердің бірі – 
модельдеу
.Ол дербес әдіске жатады. Ол басқа әдістерді 
қодану қиындығында ғана жүргізіледі. Олардың ерекшелігі белгілі бір психологиялық 
құбылыс жайлы ақпаратқа сүйенетіндігінде, екінші жағынан, оны қолданғанда сыналушы 
қатыспайды немесе нақты жағдай есепке алынады. Сондықтан моделдеудің әр түрлі 
әдістерін объективті немесе субъективті әдістерге жатқызу қиын. 
Модельдер техникалық, логикалық, математикалық, кибернетикалық және т.б. болуы 
мүмкін. Математикалық моделдеуде ауыспалылардың өзарар байланысы мен олардың 
қатысы, зерттелетін құбылыстардағы қайталанатын элементтер мен қатынастар көрсетілген 
математикалық мән немесе формула қоданылады. Техникалық моделдеуде зертеудегі 
елестететін құрал немесе құрылғы жасалуы қажет. Кибернетикалық модельдеу 
информатика және кибернетика саласының психологиялық міндеттерін шешуге 
пайдаланылады. Логикалық модельдеу математикалық логикада қолданылатын идеялар 
мен символға негілген. 
Компьютер мен бағдарламалық қамтамасыз етудің дамуы ЭСМ жұмыс істеу заңдарындағы 
психикалық құбылыстарды модельдеуге бастады, өйткені адамдардың ойлауда 
қолданылатын операциялары, міндеттерді шешудегі ойлау логикасы компьютерлік 
бағдарламаларда жұмыс істеуіне қарай адамның мінезін көщге елестетуге және сипаттауға 
болады. 
9. Түйсік және қабылдау: процестің мәні, түрлері, заңдылықтары 
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім 
мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп 
атайды. Түсік арқылы заттардың түсін, иісін, дәмін, қатты-жұмсақтығын т б. 
осы секілді қасиеттері ажыратылады. Түйсіктер заттар мен нәрселердің тек 
жеке қасиеттерін ғана мида бейнелейді. 
Түйсіктің ең маңызды түрлерін 3ке бөліп қарауға болады: 
1)
Интероцепторлық-дененің ішкі процестеріне байланысты, яғни 
ішек,қарын, жүрек, қантамырлар,т.б. ішкі құрылым қатпарларындағы 
тітіркенулерді миға жеткізіп отырады. 
2)
Проприоцептік – дененің кеңістіктегі қалпы жөніндегі ақпараттармен 
қамтамасыз етіп, адам қозғалысының сезімдік негізін құрап, оларды 
реттеп отырады
.
Дене мүшелерінің қозғалысы мен бірқалыпты 


орналасуын қозғалыс немесе кинестезиялық түйсіктер хабарлап 
отырады.
3)
Экстероцептік – ең үлкен түйсіктерді құрайды. Негізгі қызметі- сыртқы 
дүние ақпаратын адам сезіміне жеткізу және қоршаған ортамен үздіксіз 
байланыс орнату. Бұл топ өзі 2ге бөлінеді: Түйісу және аралық. 
Түйісу түйсіктері- әсерлердің дене бетіне немесе сезу мүшелеріне 
тікелей жанасуынан іске қосылады. Мысалы, тері сезуі, дәм сезуі. 
Аралық түйсіктері- тітіркендіргіштердің сезімтал мүшелерге біршама 
қашықтықтан әсер етуінен туындайды. Бұл топқа: иіс сезу, есту, көру 
түйсіктері жатады. 
Түйсіктердің негізгі заңдылықтары: 

Сезгіштік және табалдырық. 
Психологияда адамның түйсіне алу қабілетін сезгіштік деп атайды. 
Сезгіштікті абсолюттік, айырма сезгіштік деп екіге бөледі. Абсолюттік 
сезгіштік дегеніміз – сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді түйсіне 
алуы. Абсолюттік сезгіштік түйсік табалдырығына тәуелді. Абсолюттік 
табалдырық тітіркендіргіштің болмашы ғана түйсік тудыратындай ең аз 
шамасы. Мысалы, біреу алақанындағы салмақты 3 гр-нан бастап сезетін 
болса, екінші біреу салмақты алты грамнан бастап сезеді. Айырма сезгіштік 
деп сезім мүшелерінің тітіркендіргіштердің арасындағы болмашы 
айырмашылықты түйсіне алуын айтады. Мысалы, егер алақанға жүз грамм 
салмақ салып, оған тағы бір грамм қосса, салмақтың артқаны білінбейді. Оны 
айыра білу үшін 3-4 грамм қосу керек. 

Адаптация. 
Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіркендіргіштерге біртіндеп 
бейімделуге байланысты да өзгеріп отырады. Бұл құбылысты адаптация 
дейді. Адаптация құбылысы сезгіштігінің артуын немесе төмендеуін көрсетіп 
отырады. Мысалы, жарық жерден қаранғы үйге кіру бізде қараңғылық 
адаптациясын тұғызады. 

Сенсибилизация. 
Егер адаптация анализаторлардың сезгіштігінің түрлі жағдайларға 
байланысты артуының, төмендеуінің көрсеткіші болса, сенсибилизация 
сезгіштіктің тек артуын ғана көрсететін құбылыс болып табылыды. Сезім 
мүшелерінің біреуінің әсерінен басқаларының сезгіштігі артып отырады. 
Мысалы, көзге жеткілікті мөлшерде түскен жарық оның көру қабілетін 


арттырумен қатар есту түйсігінің сезімталдығының артуына да себепші 
болады. 

Синестезия. 
Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына 
сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды. Мысалы, 
кейбір адамдар біреудің сөзін естігенде, бұған қоса түрлі дәмдер мен түстерді 
де сезінуі мүмкін. 

Бір ізді бейнелер. 
Тітіркендіргіш әсерінің тоқталғанына қарамай, аз ғана уақыт болса да, 
түйсіктің өз күшінде қалатын кездерін бір ізді образдар деп атайды. Мысалы, 
адам 2-3 секунд бойы көз алмай шамға қарап отырып, содан кейін көзін 
жұмса, жарықтың ізін айқын көре алады. 
Қабылдау-аса көп талдап, біріктіру қызметін керек ететін құрылымды 
әрі белсенді психикалық әрекет. қабылдау заттар мен құбылыстардың 
мида тұтастай бейнелуі болып табылады. Қабылдауда заттар мен 
құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы т.б. қасиеттері тұтас 
күйінде бейнеленеді. 
Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері:
— Қабылдаудың тұтастығы. 
Қабылдаудың объектісі кейбір жеке қасиеттерден, жеке бөліктерден 
тұрғанымен, біз оларды бүтіндей, тұтастай қабылдаймыз. 
— Қабылдаудың мағыналығы. 
Бұл ерекшелікте қабылдаудың түйсіктерден негізгі айырмашылығын жақсы 
көрсетеді. Ол объектілердің мазмұнын жақсылап түсінбейінше, белгілі 
тұжырымдар мен сөз арқылы аталмайынша, ол толық қабылданбайды. 
Қабылдауда объектінің аты сөзбен берілсе, қандай нәрсе болса да оңай және 
тез қабылданады. 
— Қабылдаудың таңдамалығы. 
Толып жатқан объектілердің ішінен біреуін іріктеуіміз қабылдаудың 
таңдамалығы делінеді. Мұндай жағдайда объектінің назар аударылған 
белгілерін, қасиеттерін, керек жақтарын ғана қабылдаймыз. Қабылдауда 
ерекше айқын көрініп тұрған нәрсе фигура делінеді де, қалғандары соның 
фоны болады. 


— Қабылдаудың константылығы. 
Қабылдаудың константылығы деп сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарамастан, 
заттардың кейбір қасиеттерінің бір қалыпты болып қабылдауын айтады. 
Мысалы, ақ қағаз жасыл лампочканың жарығы түссе де бәрібір ақ болып 
қабылдана береді. 
— Қабылдаудағы иллюзия. 
Әрқашан да қабылданатын затқа, не құбылысқа қабылдау сәйкес келе 
бермейді. Түрлі себептерге байланысты шындықты бұрмалап, теріс 
қабылдайтын кездер де болады. Түрлі себептерге байланысты шындықтағы 
объектілерді қате қабылдауды иллюзия деп атайды. Иллюзияның түрлері өте 
көп. Соның ішінде көру қабылдауында жиі кездеседі. Көру иллюзияларына 
контраст, перспектива, заттың жоғары жағын артық бағалау т. б. иллюзиясы 
жатады. Мысалы, перспектива иллюзиясы: айталық үш бағананың биіктігі 
бірдей, ал көріп тұрған кезінде олардың ең әрідегесі бәрінен үлкен сияқты 
болып көрінеді. Мұның себебі – нәрсе алыстаған сайын оның бейнесі 
кішірейе беретіндіктен , нәрсе өзінен кішкентай нәрсенің қасында тұрса – 
үлкейіп, үлкен нәрсемен қатар тұрса – кішірейіп көрінеді. Иллюзияларды 
адамның жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты туатын заттардың 
жалған, теріс бейнелері – галлюцинациялардан ажырату қажет. 
— Апперцепция. 
Қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен тәжірибесінің 
мазмұнына байланыстылығын апперцепция дейді. Апперцепция тұрақты 
және уақытша болып екіге бөлінеді. Тұрақты апперцепция адамның қызығуы 
мен мамандығы, білімі мен дүниетанымына байланысты болып отырады. 
Уақытша апперцепция адамның әр түрлі алдануы салдарынан жаңсақ 
пікірлер туғызады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет