Аралық бақылау сұрақтары: 1 Психология ғылым ретінде. Мақсаты. Міндеттері


құнды форма. Ол адам мәдинетінің бір бөлігі. Ал денсаулық адам бақытының негізгі



Pdf көрінісі
бет53/53
Дата06.10.2023
өлшемі1,17 Mb.
#113329
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Байланысты:
Рк психология

құнды форма. Ол адам мәдинетінің бір бөлігі. Ал денсаулық адам бақытының негізгі 
бөлігі. Қоғамның болашағы әрбір адам денсаулығына байланысты.
Денсаулыққа тек 
дененің сыртқы бүтіндігі ғана деп қарау ағаттық, жалпы алғанда оны организмнің жан-
жақты дамуымен бүкіл қызметтердің жүзеге дұрыс асырылуы деп ұққан жөн. Дүние жүзін 
жаулап аламын деген Шыңғысхан Әмударияның жағасында ауырып қалып, қытайдың 
атақты Ган Чун Цзи деген емшісін алдыртады. Жарық дүниені қимаған Шыңғысхан, 
мәңгілік өмір сүруді жүзеге асыратын қандай дәрің бар деп сұрапты. Сонда емші: «Өмірде 
уақытша ғана болуға арналған дәрі бар, ал мәңгілік өмір сүретін дәрі жоқ», — депті. 
Келесі бір мәселе, адам баласының өз қолымен жасаған табиғат апаты. Бір мысал алайық, 
атом радиациясының кеселінен су кепті, жер тозаңға, тас күлге айналды, өсімдік өсуін 
тоқтатты. Ауа қозғалысы өзгергендіктен, жер бетіндегі тіршілік күн өткен сайын апатқа 
ұшырауда. Міне, тіршіліктің, болашақ жанды заттардың жер бетінен жойылу қаупінің 
негізі осында. Бұл қағиданың негізінде, енді адамзат тіршілікті сақтап қалудың жолын 
іздеуде. Демек, денсаулықты сақтап, ұзақ өмір сүрудің бір-ақ жолы бар. Ол — салауатты 
өмір сүру салты. 
Сөз соңында қайыра айтарымыз, халық денсаулығы тек медицина 
қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық 
сақтауға және нығайтуға арналған үйлескен іс-қимыл әрекеттерінің жемісі екенін 
баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Сонда ғана қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су 
ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және салауатты өмір салттарын тұрақты 
қалыптастырсақ болашақтың жарқын кепілі болмақ. Жастары әлсіз, денсаулығы 
нашар, білімсіз, зиянды әдеттерге әуес, жалқау, тәрбиесіз болса ол мемлекет 
қашанда әлсіз, қорғансыз. Жастар - біздің болашағымыз.Ал бізге болашағымыздың 
айбындылығы мен жарқындылығы қажет. Келешегінен үміт күткізіп отырған 
бүгінгі жастар - ертеңгі қоғам иелері 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет