Аралық бақылау сұрақтары: Көз алмасының құрылысы, көздің қабықтары



бет4/13
Дата11.10.2023
өлшемі90,5 Kb.
#113585
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Анатомия 90 Улжан

Лабиринттік қабырғасында екі кішігірім тесік болады: үзеңгі негізімен жабылатын сопақ немесе кіреберіс терезесі (fenestra vestibuli) және екіншілік дабыл жарғағымен (membrane tympani secundaria) жабылатын дөңгелек немесе ұлу терезесі (fenestra cochleae). Қалыпты жағдайда дабыл қуысындағы ауа қысымы қоршаған ортадағы ауа қысымымен бірдей болады. Бұл оның есту түтігі (евстахиев түтігі) арқылы жұтқыншақтың мұрын бөлігімен байланысуымен негізделеді. Есту түтігінің дабыл тесігі (ostium tympanicum tube auditivae) дабыл куысының алдыңғы медиалды бөлігінде орналасады.
Дабыл жарғағы (membrana tympani) сыртқы есту жолын дабыл куысынан толығымен бөліп тұрады. Ол қиғаштанып, сыртқы беті төмен алға және сыртқа бағытталып, талшықты-шӗміршекті сақина арқылы дабыл жүлгесіне бекіп тұрады.
Пішіні дөн електенген (9x11) дабыл жарғағының барлық жері бірдей керілмеген: сыртқы жоғарғы квадрантта бос (керілмеген бөлігі) болса, ал қалған бөлігі керісінше керілген (керілген бөлігі). Екі бөлігі дабыл жарғағының артқы бетінде алдыңғы және артқы балғашықтық қатпар арқылы бір-бірінен бөлінген. Дабыл жарғағының сыртқы беті конус тәрізді иілген. Оның балғашық тұтқасына бекіген орталығы жарық түсіргенде жақсы анықталады, ол дабыл жарғағының кіндігі (umbo membranae tympani) деп аталады. Дабыл жарғағы сыртқы талшықтары радиалды (сәулелі қабат), ал ішкі қабаты циркулярлы (дөңгелек қабат) бағытта орналасатын фиброзды дәнекер тіннен тұрады. Ол сыртынан сыртқы есту жолы терісінің жалғасы болып табылатын жұқа эпидермалды қабатпен, ал ішкі жағынан дабыл қуысының шырышты қабатымен қапталған.
Дабыл қуысында бір-бірімен қарапайым буындар мен байламдар арқылы байланысатын үш есту сүйекшелерінен (ossicula auditus) балғашық, төстік және үзеңгі - тұратын тізбек орналасады.
Балғашық (malleus) сабымен дабыл жарғағының ішкі бетіне бекиді, ал шартәрізді басымен төстік (incus) ұңғылымен буындасады. Төстік байлам арқылы қысқа өсіндісімен дабыл қуысының төбесіне бекиді, ал рычаг иіні қызметін атқаратын ұзын өсіндісімен үзеңгімен (stapes) буындасады. Үзеңгі негізі кіреберіс терезесін (fenestra vestibuli) жабады, бұл терезе жиегі мен үзеңгі негізінің арасында дәнекертінді кабат жатады.
Есту сүйскшелерінің арнайы бұлшықеттері болады, оларға томенгі жақсүейктік нервпен нервтенетін дабыл жарғағын керетін бұлшықет пен бет нервінен тармақ алатын үзеңгілік бұлшықет жатады. Бұл бұлшықеттердің қызметі негінен дыбыс өткізуді реттеу. Сөйтіп, екі бұлшықет бірге жиырылғанда ортаңғы құлақтың барлық дыбыс өткізу аппаратының тербеліс амплитудасы азаяды, бұл қатты дыбыстардың өтуін жұмсартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет