Аралық бақылау Тақырыбы: «Ыбырай Алтынсарин- балалар әдебиетінің атасы» Пәні: Балалар әдебиеті және оны оқыту әдістемесі Мамандық: 6B01701 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Дата15.11.2023
өлшемі133,76 Kb.
#123495

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология институты
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы




Аралық бақылау
Тақырыбы: «Ыбырай Алтынсарин- балалар әдебиетінің атасы»
Пәні: Балалар әдебиеті және оны оқыту әдістемесі
Мамандық: 6B01701 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
Орындаған: Таганиязова Диана
Топ: 210
Қабылдаушы: Сыздықов С.

Алматы қаласы


2023 жыл
Жоспар

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Қазақ мектебенің негізін қалаушы
2.Алғашқы оқулықтар авторы
3.Балаларға арналған шығармалары
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
1.Ә.С.Сыдықов.Ы.Алтынсариннің педагогикалық пікірлері және ағартушылық қызметі:-Алматы,1950.-188бет
2. Кел, балалар оқылық: өлең, әңгімелер мен мақал, жұмбақтар / Ы. Алтынсарин. - Алматы : Атамұра, 2006. - 162
3.Ы.Алтынсарин Таңдамалары шығармалары- Алматы «Ғылым»,1994.-288б

«Ыбырай Алтынсарин- балалар әдебиетінің атасы»


Қара сөз дегенде Абай Құнанбаевтың, әліппе дегенде Ахмет Байтұрсыновтың, балалар әдебиеті дегенде Ыбырай Алтынсаринның есімі есімізде бірден қалқи кететіні айдан анық. Бала жанын түсіну, жас ерекшеліктерін назарда ұстау,оларға түсінікті, қабылдауына жеңіл шығармаларды жазу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Балалар әдебиетінің басты ерекшелігі - тақырыбында, екіншіден, бала тіліне лайық көркемдігінде, үшіншіден, тәрбиелік-танымдық, дидактикалық ұғынықтылығында, төртіншіден, балаға тән юмор қажет. Баланың қажеттілігінен, сұранысынан, талабынан шығу үшін оларға тән қылық, мінез керек. Ал дәл осы шырғалаң жолда Ыбырай атамыз “Балалар әдебиетінің атасы” атана алды. Оның балалар әлеміне алып келген жаңалықтарының маңызы орасан зор екенін барлығымыз білеміз. “Бұл қандай жаңалық? Баларға арналған қандай шығармалары бар? Олар несімен маңызды, құнды?”-деген сұрақтарға жауап беріп өтсем.
Ыбырай Алтынсарин қазақ жерінде білім шырағын жағып, қазақ мектебін ашушылардың алғашқысы болды. Ағартушы-педагог аңсап жеткен мектеп 1864 жылы 8 қаңтарда 14 баламен салтанатты түрде өз жұмысын бастады. Ол мектепті ашу да оңай жұмыс болмады,сол жолда ақ тер,көк тер болып бармаған жері,баспаған тауы қалмайды. Өзінің табандылығының, шешенділігінің, айқын мақсатының арқасында Орынбор облыстық басқармасынан рұқсат алып, халықпен бірлесе қаражат жинап , мектептің қызу құрылысына кіріседі. Қазақ балаларының қамын ойлап, білімге деген жолын ашу осыдан басталды.
Алғашқы оқулықтардың авторы да Ы.Алтынсарин. Оның Қазақ хрестоматиясы» (Орынбор, 1864),«Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» (Орынбор, 1871) еңбектері балаларды білім нәрімен сусындату үшін жазылған болатын. Орыс хрестоматиясының үлгісімен жасалған «Қазақ хрестоматиясы» төрт бөлімнен тұрды:1)Ұсақ әңгіме–ертегілер(балалар турасында)»,2) «Үлкен кісілер турасындағы әңгімелер»,3) «Әр түрлі өлең-жырлар», 4) «Мақалдар» деп аталады. Ағартушының «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» (Начальное обучение киргиз русскому языку) атты оқулығы болса жеті бөлімнен тұрады:бірінші бөлім-нәрселелердің заттары; екінші бөлім- зат-мақұлықтың қасиетінің аттары; үшінші бөлім- есеп аттары; төртінші бөлім-местоимение деген сөздің бөлімі (есімдік); бесінші бөлім- ақыры өзгерілмейтін сөздер; алтыншы бөлім- предлог деген сөздің бөлімі ;жетінші бөлім- глагол деген сөздің бөлігі. Бұл оқулық арқылы оқушы қазақ тілі мен орыс тілінің грамматикасын салыстыра оқи отыра үйренеді. Ыбырай Алтынсаринның балаларды біліммен сусындатуы осылай жалғасын тапты.
Жазушының қыл қаламынан оқулықпен қатар балаларға арналған шығармалар шыққан. Олар тақырып жағынан сан алуан болып келеді. Табиғат бейнесін суреттейтін өлеңдеріне «Жаз»,«Өзен», жақын жандарды сыйлауға шақыратын өлеңдеріне «Әй,достарым»,«Ананың сүюі» өлеңдері жатады. Жазушының «Әке мен бала», «Таза бұлақ», «Қыпшақ Сейітқұл», «Атымтай жомарт», «Бай баласы мен жарлы баласы» сынды шағын әңгімелері үлкен тәрбиелік мәнге ие болып қана қоймай, тілге жеңіл, жүрекке жылы, миға сиымды, ақылға қонымды, бала психологиясына сай болып жазылған.Мектеп табалдырығын аттағаннан бастап балалар танысатын «Кел,балалар, оқылық!» өлеңі де Ыбырай атымыздың төл туындыларының бірі. Оқу кітабының шымылдығын осы өлеңмен ашуы да бекер емес. Мысалы, мына өлең шумақтарына назар аударсақ.
Бір Аллаға сиынып,
Кел, балалар, оқылық ,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз , балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.- Бұл өлең жолдарынан Ы.Алтынсариннің балаларды білімге шақыратынын, білім жолын таңдаса болашақтары жарқын болатынын түсіндіреді. Сонымен қатар жазушы  «Баланы дұрыс күт, түзу тәрбиеле, қисығын түзе, адасса айқын жолға сал» ұстанымында «Бақша ағаштары» әңгімесін жазған. Бұл шығармадан Ыбырай атамыз бала тәрбиесіне үлкен мән беру керек екенін ұғындырады және ата-ананың балаға ешқашан жамандық тілемейтінін жас ұрпақтың санасына сіңіреді. Мазмұны жағынан терең әңгімелерінің бірі - «Таза бұлақ» . Бұлақ басына тоқтаған үш жолаушы туралы айтылатын бұл шығармадан бірнеше қорытынды шығара аламыз. Біріншіден, бір орында тоқтамай,еңбек ету. Екіншіден, жақсылықты қайтарады деп жасамай,шын ниетпен жасау. Үшіншіден, бойыңды бұлақтай таза ұстау. Ы.Ылтынсарин бір әңгіменің өзіне балаға беру керек бірнеше құндылық берілген.
Балалар әдебиетінің негізін салып, өшпес таңба қалдырып, болашағына жол салып кеткен Ыбырай атамыздың рөлі өте үлкен. Жазушының жанынан шыққан шығармалары әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан емес және болашақта өз маңызын жоғалтуы екі талай. «Ыбырай Алтынсарин- балалар әдебиетінің атасы» деген тұжырыммен барлығы келіседі деп нық сеніммен айта аламын.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет