17
Ал орыс тіл білімінде эпоним “фамильные термины” деп те беріледі. Бұған
қатысты Владимир Даниленко «Закон Ньютона, теорема Пифагора, эффект
Есаки» сынды мысалдар келтіреді. Сонымен бірге минералды заттарды да
эпонимге кірістіріп, байколит(Байкал), астраханит (Астрахань) деген сынды
мысалдарды келтіреді.
2010 жылы жарық көрген Марк Блау «Судьба эпонимов. 300 истории
происхождении названий» еңбегінде 300 эпонимды сөздікті де атап өту керек.
Эпонимдердің бірнеше атауы бар:
- тегіне байланысты терминдер
- термонимдер
- ономастық терминдер
- эпоним терминдер
- эпоним-терминдері
- эпонимдік атаулар
- антропонимжасам
- персонимдер
- онимдік терминологиялық сөз тіркесі
Қазіргі қазақ ғылымындағы әдебиет, тіл, тарих саласындағы эпонимдер:
Абайтану, Абай тілі, Ахметтану, Байтұрсынұлы әліпбиі;жазуы, Енесей ойма
жазуы, Шұғаның белгісі, Құтлұғ қаған ескерткіші, Орал-Алтай теориясы,
Қорқыт сарыны, Орхон-Енесей жазбалары , Фарабитану, Күлтегін ескерткіші
және т.б
Достарыңызбен бөлісу: