Аралық бақылау тапсырмасы 6В01717 – «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерін дайындау» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет7/20
Дата27.11.2023
өлшемі6,34 Mb.
#128654
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Байланысты:
Открыть Байменова Динара Аралық бақалау ҚТӘ-23

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


11
3.
 
ҚАЗАҚ ТЕРМИНЖАСАМНЫҢ ҒЫЛЫМИ 
ҚАҒИДАТТАРЫ
 
 
3.1 Қ. Жұбановтың қағидаттары 
 
 
Қазақ тілінде терминжасамның ғылыми негізде жүргізілуін ХХ ғасырдың 
бастапқы кезеңінен бастаған жөн деп санаймыз. Мұның өзіндік негізі бар. «Қазақ 
білімпаздарының тұңғыш съезінде» қазақ терминологиясының ғылыми 
ұстанымдары жасалып, бекітілгені белгілі. Оның мазмұ-нында маңыз берілген 
мәселелер мынадай еді. Біріншіден, қазақша пән сөздері қазақтың өз тілінен 
алынатын болсын. Өз тілінен табылмаған пән сөздері, басқа түрік халықтарынан 
ізделіп, жалпы түрік сөзі болып, жат тілдің әсерінен аман болса, онда мұндай 
сөздер жатырқамай алынсын делінді. Қазақ тіл білімінде терминологияның 
теориялық негіздері мен тұжырымдары І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев, Р.Сыздық,
С.Исаев, К.Аханов, Ө.Айтбаев, Н.Уәлиев, А.Алдашева, Ш.Құрманбайұлы, 
Қ.Қа-дырқұлов және тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
Қазақ термин - жасамының негізін қалаушы А.Байтұрсынов. Қазақ тіл 
білімінде терминология мәселесін ғылыми зерттеу профессор Қ.Жұбанов 
еңбектерінен бастау алады. Қ.Жұбанов «О терминологии казахского 
литературного языка» деген еңбегінде термин жасаудың он ұстанымын жазды. 
Қазақ терминологиясының өзекті мәселесінің бірі – оның принциптерін 
қалыптастыру. Қ.Жұбанов өзі қарап бекіткен 10 мыңнан аса терминді қандай 
принциптерге сүйеніп жасады. Ол бұл мәселеге алдын ала үлкен әзірлікпен 
келген. Бұл жөніндегі өзінің ойларын ол әуелі 1935 жылы 20 мамырда Алматыда 
өт-кен мәдениет қайрат-керлерінің бірін-ші құрылтайында баян-дап береді. Ол 
съезде 10 қағида ұсынады. Өз сөзімізбен қысқартыңқырап айтқанда олардың 
жалпы мазмұны мынадай:
1. Көптеген әдеби тілде аударылмай қалыптасқан халықаралық термин-дерді, 
қазақ тіліне аудармай сол қалпын-да алу (революция, совет, теория, практика, 
тенденция, хирургия, климат, абсолют-ный, конкретный, т. т.);
2. Көптеген әдеби тіл тәжіри-бесінде ауда-рылып алынған халықара-лық 
терминдер (производство, труд, деньги, корень, сте-бель, мышцы, деление, 
умножение, т. т.)- қазақ тіліне де ауда-рылады, егер аудар-ма- тер-мин мағынасын 
дәл бере алмай, бұза-тын болса, онда оларды (сословие, состав, клет-ка, слет, т. 
т.) орыс тіліндегі қалпынша алу;
3. Әрқилы пәнде бір мағынада қол-да-нылатын терминдерді бірегейлетіп алу; 
мысалы, форма – форма (философия, физика), материя – материя (физика, 


12
философия), корень – түбір (мат-ематика, ботаника, лингвистика), реакция – 
реакция (химия, биология, политика), т. т.
4. Білімнің әр саласында әрқилы мағына білдіретін терминдер (мануфакту-ра, 
продукт, легенда) бір салада термин ретінде, басқасында жай сөз ретінде 
қол-да-нылады. Мысалы: мануфактура экономикалық даму кезінде термин 
болады, бірақ тауар түріне жата алмайды.
5. Халықаралық сөздер түрінде қа-лып-тасқан терминдер орыс тіліндегі үлгімен 
қабылданады (пролетариат, физика, биология);
6. Терминдерді түсініксіз етіп жібе-ретін жасанды сөзжасамға бармай-ақ, қазақ 
тілінің грамматикалық ерекшеліктерін де, атаудың ғылыми мәнін де толық қамти 
алатын терминдердің (Мысалы: беріліс – передача, көпкіл – мно-гоугольник, 
тоқыма – текстиль, тәжірибе – практика, т.б.) баламасын табу;
7. - изация, - ификация. - ация тә-різді формалды элементтермен (машинизация, 
электрофикация, 
объективация) 
келетін 
сөздерді 
қазақ 
тіліндегі 
материалдандыру, электрлендіру, объективтенулер тү-рінде қалыптастыру 
келеді. Сол сияқты популярная книга – популяр кітап, абсолютная величина – 
абсолют шама, буржуазная идеология – буржуаз идеология, дифференциальное 
уравнение – дифференциал теңгерме түрінде қысқартып алу;
8. Қазақ тіліне халықаралық, терминдер-мен ілесіп -ист, -изм қосымшалары және 
ре, син, де, суп, анти, контр тәрізді пре-фикс-тер ен-гізі-леді.
9. -авто, -аэро, -авиа сияқты қыс-қартылған формаларға қазақ сөздері бірігіп 
(автожол, аэрошана, авиашана, автоқатынас) жазылады.
10. Қаркөмір (Караганда уголь), Хал-комжер (Нарком-зем), т.т. сияқтыларды 
қыс-қартып қолдану.
11. Бұрын терминологиялық қолданыстан шығып қалған диктатура, ре-во-люция, 
совет, теория, практика, контрреволюция, милитаризм сияқты тер-мин-дерді 
қазақ тіліне қайта енгізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет