6
3) Жаппай қолданылатын әлемдік терминдер қабылдана алады, бірақ олар қазақ
тілінің табиғатына
сәйкес өзгертілуі керек;
4) Қазақ тілінің табиғатына сәйкеспейтін барлық өзге тілдердің сөздері дәл
қазақтың айтуына сәйкес өзгертілуі керек.
1.4
Терминологияның ғылыми зерттелуі
Қазақ термин - жасамының негізін қалаушы А. Байтұрсынов болса, қазақ
тіл білімінде терминология мәселесін ғылыми зерттеу профессор Қ.Жұбанов
еңбектерінен бастау алады. Қ. Жұбанов «О
терминологии казахского
литературного языка» деген еңбегінде термин жасаудың он ұстанымын жазды.
Терминология саласындағы алғашқы докторлық диссертацияны Өмірзақ
Айтбай
қорғады.
Диссертация
тақырыбы
“Қоғамның
ғылымдар
терминологиялық лексикасының қалыптасуы мен дамуы”. Жалпы 5
тараудан
тұрады.
1-тарау. Жалпы тіл білімі мен түркологиядағы термин зерттеудің қазіргі жағдайы.
2-тарау. Қазақ тілінде термин қалыптастырудың негізгі кезеңдері
3-тарау. Қазақ тіліндегі қоғамдық терминдердің негізгі көздері.
4-тарау. Қазақ тіліндегі терминжасам мәселесі.
5-тарау. Терминжасамдағы аударманың орны.
Екінші докторлық диссертацияны Шерубай Құрбанбайұлы қорғады.
Тақырыбы: «Қазақ лексикасының терминдену үрдісі» (1999ж)
Еңбекте қаралған мәселелер:
1) терминологияның
теориялық мәселері;
2) қазақ тілінің терминқор құрайтын лексикалық көздері;
3) терминжасам тәсілдері;
4) қазақ терминологиясының бүгінгі мен дамуының келешек бағыты.
Термин, терминология саласының да өзге салалардай өзіндік тарихы,
хронологиясы, арнайы ғалымдары мен еңбектері бар. Алаш зиялылары,
әсіресе
Ахмет Байтұрсынұлының терминология саласында атқарған қызметтері ерекше.