Қарама-қарсы мəндес антоним сөздер мақал-мəтелдерде де, қанатты сөздерде де, шешендік ыңғайдағы толғауларда да жиі айтылған. Жеке суреткердің антоним сөздерді қолдануы шығарма тілінің көркемдігін шыңдай түседі
Қарама-қарсы мəндес антоним сөздер мақал-мəтелдерде де, қанатты сөздерде де, шешендік ыңғайдағы толғауларда да жиі айтылған. Жеке суреткердің антоним сөздерді қолдануы шығарма тілінің көркемдігін шыңдай түседі. Демек, суреткер өзі суреттеп отырған құбылыстың, оқиғаның екі жақты мəнін ашып қарастыруды мақсат етеді. Дүниенің басталуы мен аяқталуы бар сияқты заттар мен құбылыстардың қарама-қарсы мəні бар. Мағжан өз поэзиясының шұрайлы тілінің көркемдік кілтін ашуда, қарама-қарсы сөздердің мағыналық реңкін қалай ашты, соны анықтауға тоқталамыз. Сөз жоқ, Мағжан поэзиясында барлық суреткерге тəн антонимдер түгел қамтылған, «дос-жау», «күнтүн», «жер-көк», «өмір-өлім», «жақсы-жаман»,т.б. Мұндай антонимдер Абай шығармаларында жиі ұшырасады. Ішім өлген, сыртым сау, Көрінгенге деймін-ау, Бүгінгі дос ертең жау, Мен не қылдым япырау.
Осындағы дос, жау адамдардың арасындағы əлеуметтік топтардың атауларына тəн мағынада алынып суреттелген. Мағжан өлеңдерінде «дос», «қас» қарама-қарсы ыңғайда жиі алынып, антоним сөздерді алудағы өзіне тəн стильдік өрнектердің ерекшелігінің арнасын анықтайды.
Қасым болса, қанын ішкім келеді, Досым болса, жолында оның өлемін.«Сырым» Ақын «қанын ішер қасы мен жолында өлер досына» деген ішкі сезімдік əсерін көрсету мағынасында айтылған. Мағжанның поэтикалық тілінің стильдік бағытын анықтайтын зат есімдік антонимдер: «жер мен көк», «күн мен түн», «өмір мен өлім». Ақын осы сөздердің мəнін, яғни əлемдегі құбылыс, оқиға тек дүниені танушы адамның ғұмырының барлық сатысы осы «жер мен көктің», «күн мен түннің» арасында, «өмір мен өлімнің» мəңгілік бірлігін қарастырады. «Жер мен көктің» антон
Оттың концептуалды өрістері тілімізде тілдік бірліктерде, сөз қолданыстарында, мақал-мәтелдерде, көркем әдебиетте, тұрақты тіркестерде молынан ұшырасады. Көне замандарда отқа байланысты наным-сенімдер болған. Қазақ тіліндегі от басы, от берді, оттай жанды, т.б. фразеологизмдерден көне замандағы оттың құдіретіне сенушіліктің, оған табынушылықтың белгілерін байқауымызға болады. Шынында да көпшілік халықтар, соның ішінде түркі халықтары отты ерекше қадірлеп, отқа байланысты түрлі ырымдар жасаған т.б. отты беріктік ретінде қабылдап жас отауға отқа май құйғызған. Ал ерте дәуірлерде от жер бетіндегі тіршілік атаулыға әсер етеді деп сеніп, отқа табынған. Мұны қазақ арасындағы отқа қатысты наным-сенімдерден көруімізге болады.
Жалынды ақынның поэзиясында «От» сөзінің де символикалық мәнге ие болғаны анық. Ежелгі түркі жұртының киелі тотемі саналатын «от» ұғымы Мағжанның «От» деп аталатын өлеңінде негізгі ойды білдіріп, өзінің ішкі болмысын, рухын танытқандай. Мысалы:
Күннен туған баламын,
Жарқыраймын жанамын,
Күнге ғана бағынам.
Өзім – күнмін, өзім – от,
Сөзім, қысық көзім де – от,
Оттан басқа Тәңірі жоқ.
-деп жалындаған. Сөзден сурет салып, жан бітірген Мағжанның кез келген өлеңін алсақ та, әсем әрленген, шебер кестеленген бейнелі сөздерді кездестіреміз. Ең бастысы, ақын ұлтжандылықты дәріптеген, оның айтқан әрбір сөзінен, әрбір дыбысынан ұлттық намысыңды оятатын, жаныңды жігерлендіретін рухты сезінеміз. Ақын поэзиясының негізгі идеялық нысаны - азаматтық сенім. Ол қазақтың көне тарихын жырлағанда оның артта қалушылығын емес, елдің тәуелсіздігі мен бостандығын қорғау жолындағы өшпес ерліктерін, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған кездегі береке-бірлігін жырлады. Оның көптеген өлеңдерінің басты ойы елінің болашағына алаңдау, оны небір зұлматтардан сақтап қалсам деген жан айқайы болып табылады.
Жалпы қазақ ұғымында от жүрек деген тіркес бар.От батылдық пен батырлықтың символы. От сонымен қатар, жамандықтың да белгісі болып табылған. «Отқа қарады», «отқа оранып, суға сүрінді» т.б. Отқа байланысты қатысты алғыс-қарғыс сөздер:оты жанбаған, отын өшірді, отқа түсті т.б.
Жоғарыда аталған отқа қатысты наным-сенімдер мұсылман дінінен бұрынғы түркі халықтарындағы табиғатқа табынудың белгілері.
Оттың символдық мән – мағыналарын құрамында осы атау бар тіліміздегі фразеологизмдерден аңғаруымызға болады. Бұларға қазақ тіліндегі көркемдегіш құрал ретінде қолданылатын мынадай тұрақты теңеулерді атай аламыз: от жүрек, оттай жану, отты көз, от ағасы т.б.
Жалпы халқымыз көне замандарда оттың құдіретіне сеніп, оған табынса, бертін келе олардағы құбылыстарды, өзгерістерді өздерінше танып, біліп, мұны өмірдің қажетіне пайдалана алған. Сонымен қатар бабаларымыз отты бейнелі сөз тудыру үшін де қолданған. Бұған жоғарыда аталған фразеологизмдер мысал бола алады.
Тіл ұлттың ғасырлар бойы жинаған тәжірибесін сақтап қана қоймай, кейінгі ұрпаққа жеткізуші болып табылады. Тіл арқылы әр түрлі халықтың дүние танымын біле аламыз. Оны жоғарыда ғалымдар пікіріндегідей екінші бір тілмен салыстырғанда білеміз. Мысалы, түркі тілдес халықтардың көпшілігінде отты жоғары бағалап, құрмет көрсетіп, оған сыйынған. От қырғыз, ұйғыр, қарақалпақ, қарачай-балқар тілінде – от; өзбек, татар тілдерінде – ут; азербайжан тілінде – од деп аталады. От сөзінің семантикалық мағынасы әр түрлі болып келеді. Айталық, герман, иран тілдерінде ол «құдай» мағынасын берсе, көне славян тілінде «күн» деген мағына берген.
Отқа табыну – қазақ халқының ежелгі заманнан бері жалғасқан нанымдарының бірі. Отты халық өте жоғары бағалап, қасиетті әулие деп ұқты. Алғаш күн күркіреп, найзағай ойнағанда, «сүт көп, көмір аз» деп үйді айнала жүгіріп ожаумен ұру ырымы да оттың құдіретті күшіне жалбарынудан шыққан болу керек. Ойымызды Ш.Уәлихановтың: «Түркі халықтарында, әсіресе қазақтарда отқа әулиеше табыну бар» деген тұжырымы дәлелдей түседі [24, 208]. От сөзінің өте жоғары қастерленіп, құдай сөзімен тең қолданылғанын тіліміздегі «От ана» тіркесінен байқауымызға болады.«От инее», «От инезі» тіркестері де әйел құдайына қаратып айтылған сөздер, оның қазақша мағынасы «От ене, от енесі, от иесі». «От иесі»матриархат дәуірінен қалған. Осыған байланысты әдет-ғұрыптар, аңыз-ертегілер көптеп кездеседі. Бұл ертегілердің кейбіреулерінде жалмауыз кемпір бейнесі от (ошақ) иесі ретінде суреттелінеді. Оты сөніп қалған қыз жалмауыз кемпірден от алып, үйіндегі ошақты жағады. Осыдан келіп қазақ елінде үй ошағынан «от алу» ғұрпы шықса керек. От культіне байланысты әдет-салт, ырым-жоралар өте ерте заманнан жалғасып келеді.
Тілімізде «от ала келгендей, от ала келдің бе?» деп асығыс жүрген кісіге айтады. Қазақ тілінде жалпы отқа байланысты наным-сенімдерге қатысты айтылған бір алуан тіркестер бар. Олардың ішінде атаулық ұғымдар, ырымдар, тиым сөздер, тілек-бата мен қарғыс та ұшырасады. Мысалы, «ошақтағы отқа түкірмеу», «күлді баспау», «ошағының оты сөнбесін (өшпесін)», «Түтінің түзу ұшсын», «отын өшкір», «жанбай жатып сөнгір», «от жаққан жер», «от басы ошақ қасы», «отағасы», «отқа май құю», «оты жанбаған (үйленбеген)», «отты су құйып сөндірмеу» т. б.
Жоғарыдағы мысалдардың кез келгенін көшпелілердің өмір салтында бұрыннан қалыптасқан отқа табынатын наным-сенімнен туған деп кейде біржақты кесіп айту қиын. Санаға тұрмыстың әсер етпей қоймайтынын ескерсек, ежелгі адамдардың мифтік-діни танымы мен көшпелі салттың қалай дегенмен де қоршаған ортаға тәуелділігінен туатын таным түсінікті салыстыруға болмайды.
Ошақтағы отты күлмен көміп, келесі кеш келіп қонғанша, сөніп қалмауын ескерген. Бұл бертін келе ұзақ уақыт малшылар тәжірибесінде кездесіп отырды. Мәселен, жер ошаққа сексеуіл, көкпек сияқты ұзақ жанып, қызуын сақтайтын отын түрлерін молдау етіп күлге көміп кетсе, көпке дейін от сөнбей жатады екен.
Адамның тіршілігінде оттың алатын орны зор, оның бірнеше бейнелік, символикалық қасиеті бар. Біріншіден, ертеде отты тамақ пісіруге, үй жылтуға, қараңғы түнде жарық етуге пайдаланды. «Жаурасаң от жақ, қорықсаң от жақ, қарның ашса от жақ» деген нақыл сөз осыдан келіп шыққан. Екіншіден, отта аластатқыш қасиет бар. Отта бәле-жаладан сақтаушы, күнәдан тазартушы күш бар деп есептейді. Соған сәйкес ертеде ел бір жұртқа көшкен кезде жұрттың орнына от жағып, адамды да, малды да екі оттың арасынан өткізіп тазартады. Бұл әдет, яғни ырым – аластау деп аталады. Аластаған кезде:«Алас, алас, әр пәледен халас, от, от тазарт бізді әр пәледен»– деп айтады. От түтінімен аурудың төсегін, жас баланың бесігін, киімдерін аластайды. Үшіншіден, оттың тазартқыш қасиеті бар. Қазақ, қырғыздар отқа табынып, оны барлық жаманшылықтан сақтаушы, тазартушы ретінде құдірет тұтады. Анимистік наным бойынша өлген адамның жаны оттан, от жарығы шырақтан қорқады. От адамға қамқорлық етумен бірге, ол оның жауы да болады. Өйткені ол мылқау, мейрімсіз, тілсіз жау.
Отқа түкipyгe болмайды, үстінен aттayғa болмайды, оттың орнын басуға, aтты сабауға тыйым салғaн,тiптi өшiп қалған отты да aттayғa болмайды. От олардың түсiнiгiнде әлемдi тазартушы, болмыстың бастауы, мәңгілік өзгерiстiң, үйлесiмдiлiк пен қарама-қайшылықтың, бiр күйден, екiншi күйге өтудiңрәмiзi. Ол – болмыстың мәңгiлiгiнiңбелгiсi. Сонымен қатар от –үйдiңкиесi, шамшырағы,отбасының символы, қазандығы ырыстың қамқоршысы. Бұл дегенiңiз от –мәңгiлiк өмip. Сондықтан да жаңадан түскен жас келiн үлкен үйдiң отына тағзым етуге (сәлем етуге) тиiс. Жас келiн отқа еңкейiп: «от-ана, май-ана,шапағатыңды тигiзе көр», - деп жалбарынып,жарылқау тiлеп, отқа май құяды. Жас нәpecте дүниеге келгенде де дәл осылай баланы отқа жақындатып, жалбарынады.Отты аса жоғары құрметтеудіңбелгiсi oтты ана деп атау болса, майды да «ана»деп атау кездейсоқ нәрсе емес. Қазiргi түсінікке сай май оттың одан әpi маздап жануына әсер етедi, яғни үлкен үйдiң үрiм-бұтағы одан әpi өсiп-өркендей берсiн деген түciнiк бар.Бұдан басқа тағы бiр көзқарас:ол- Ұмай ананың - май ана болып дыбысталуы.Яғни,қазiргi тiлiмiздегi май сөзi көне түркі Ұмайдың дыбыстықөзгерiске түскен тұлғaсы.Бұл туралы ғалым Қ.Жұбанов былай деп жазады: «Ол заманда әйелдер құдайының аты Ұмай болған. Кейiннен сөз басындағы Ұ дыбысы түсiп қалып,май деп айтылып кеткен.
Отсимволына байланысты тілімізде отағасы деген сөз бар. Отағасы ертеден қасиетті сөз болғанға ұқсайды. Отағасы, яғни, шаңырақтың иесі деген сөз от сөзінің ұйтқы болуымен жасалған болуы керек. От басы – «бала-шаға», «үй іші» деген ұғымдарды береді. «Отыма оттық сал» – бала туғанда, шешек шыққанда айтылатын ырым бар. От символына байланысты түрлі фразеологизмдер, мақал-мәтел, тыйым сөздер т.б. мәдени құндылықтар бар. Мысалы, «үйден от кетпесін, алдан ас кетпесін», «отының басынан, ошағыңның қасынан бер» деген бата бар, отау, ақ отау, отау тікті, отау түсті, отау құтты болсын, отаса алмады, т.б. шаңырақ, жеке үй болу осы от сөзінен өрбіген сөздер.
Қалай да адамға тән ошағының оты сөнбей, түтінінің өрлей беруі бақыт. Бұл – қазақтың аса зор арманы. Отау тігіп, түтін түтеткен қазақ баласы осы салттың туын берік ұстап, жоғары көтеруге тиіс.
«От» символы мынадай ассоциациялық өрісте танылған: От жалпыадамзаттық танымда → ошақ → түтін → отбасы → ұрпақ → жан мифологемалары көрініс табады. От жалпыұлттық танымда – үйдің иесі, отбасының символы, шамшырағы, қамқоршысы.
Әлем бейнесі мен тіл, мәдениет өзара күрделі байланыста болады. Тіл, әр ұлттың дүниетанымын, болмысын анықтап, дүниені игерудегі тәжірибесін сипаттап, бейнелеудің тәсілі қызметін атқарады. Тіл ұлттық тәжірибені тек сипаттап қоймайды, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырады. Әр ұлттың өзіне тән мәдени-танымдық ерекшеліктерін бойына жинақтау арқылы тіл шындық болмысты игереді. Яғни тіл ақиқатты сезіну, қабылдау тәсілдерінің бірі ретінде белгілі бір тілдік ұжым мүшелерін тек тілдік жағынан ғана емес, мәдени-танымдық жағынан да өзара жақындастырады. Тіл өз халқының тұрмыс-салтымен етене байланысты. Ол тек қана сол елдің тарихына, мәдениетіне ғана емес, өмір сүру әдісіне, руханият, материалдық саладағы қол жеткен жетістіктеріне байланысты. Сондықтан тіл тек ақыл-ойдың хабаршы қызметін атқарып қоймайды, ол тарихи, мәдени құндылықтарды насихаттаушы да. Тілдік ұжым мүшелерінің дүниетанымы адамзат пен мәдениеттің даму кезеңдерінің сатысынан өткен сайын ақиқат дүниені тек логикалық-позитивтік қана емес, этикалық-моральдық, ментальдық тұрғыдан да таныта алады. Тілде қалыптасқан тұрақты тіркестер – мақал-мәтелдер мен фразеологизмдер әр халықтың ғасырлар бойғы саналы еңбегінің жемісін, жетістігін анықтайды. Сондықтан да дүниенің тілдегі бейнесін жан-жақты қарастыруда концептілік ұғымменмағыналық байланыста тұратын тұрақты тіркестердің, мақал-мәтелдер менфразеологизмдердің маңызы ерекше.
Қорыта айтқанда, «от» символы – философияның маңызды категорияларының бірі, күрделі ментальді объект. Сондықтан ол санада сан салалы ақпараттармен репрезентацияланады. Жоғарыдағы талдауымыз да оның әмбебаптық құрылымын айқындап көрсетті. Талдау арқылы «от» символының тілдік көрінісі әр алуан екені байқалды:
1 Лексикографиялық материалдар (от ағасы, от басы, ошақ қасы, т.б.)
2 Фразеологизмдер: оты шығу,от болды, отқа түсті, оттай жанды т.б.
3. Метафоралық қолданыс: от тұтатты, от жанбаған, от ала келу т.б. Демек концептілік құрылым ұғымның мазмұндық, ассоциативтік, эмоционалдық, вербалдық қорын танытады.
21
Көне түркі жазба эскерткіштерінде тек «эрте» формасында қолданылған, ол да«таңертең» мағынасында, мысалы:көне ұйғыр жазулы мұраларында
эрте
«таңертең,таң, азан» [7, 182].Ертең сөзі қазіргі түрік тілдерінде «эртең» және «таң» деген екі мәніндежұмсалады. Қыпшақ тобында көбіне «ертең» деген екінші мағына сында айтылады.Сонымен, қазақ әдеби тіліндегі ертең сөзі ақын тілінде көне мұралардағыдай көнемәнінде жұмсалған.
«Бұ» сілтеу есімдігі.
Қазақ
әдеби тілінде «осы, мынау» деген мағынада «бұл»есімдігі актив жұмсалады. Мағжан ақын да болса «бұ» деген көне нұсқасында дажазылған:
«Қой, не керек, бұ ісің тіпті ұнамас,
Естісе, бұлқылығың көпке
ұнамас.
Сасыған, құрттап кеткен жасық этті,
Ханзада, жегеніңмен, ішке ұнамас».
Алмаспаса, өзгермесе бұ дүние,
Жақсы
-
жаман тұрса өзінің қалпында!
Бірақ білген, солай қылған Тәңірі ие,
басымды идім алдында
Бауырым! Сен о жақта, мен
бұ
жақта,
Қайғыдан
қан
жұтамыз. Біздің
атқа
Лайық
па
құл
боп
тыру? Жүр, кетелік
Алтайға, ата
мира
салтын
таққа[1, 25
-83].
«Бұ» сөзі
көне
және
орта
ғасыр
түркі жазба
жәдігерлерінде
тек
осы
нұсқасында
кездеседы
[7, 119].
Қазіргі
түркі тілдерінде
де
көбіне «бұ» варианты
актив
жұмсалады[6, 225].«Бұл» деген
сөз
соңындағы «л» дыбысының
қосылып
жасалған
формасы
кейинірек
қолданысқа
кіріп, қазір
өзбек, ұйғыр, қазақ, қырғыз, қарақалпақ
тілдеринде
ғана
қолданылады
.
Ақын тілінде Абай өлеңдеріндегідей осы эскі вариантындажазылған.
Тымақсөзінің «тұмақ»дегенфонетикалық варианты:
Қозғал, қазақ, білімге жүгір, кез келді,
Қылышын
алып, «надандық» саған кезденді.
Шетке лақтыр,
тұмақтай
алып, тұра кеп,
Ертеңді
-
кеш басыңа миніп езгенді
Бір бұта жоқ –
айдала,
Аппақ кебін айнала,
Қалтиып
қос тұр ма екен?
Құрткөжені
симип,
Тұмақты
қойып
жымырып,
Қасқиып
қасқыр жүр ме екен?[1, 17; 177].
22
Бұл сөз ортағасыр жазбаларында
дувақ
тұлғасында кездеседі. Көне ұйғыржазулы мұраларында
тумаға
және
томаға
деген нұсқалары ғана қолданылған. Биз детілдік дәлелдер негізинде
тұмақ
ручка
томағаның
түбірлес сөздер деп білеміз.Қазіргі
түркі тілдерінде бұл сөз түрлі вариант мен мағыналарында таралған,башқұрт тілінде тіпті
томаға
тұлғасында айтылады:
Қарақалпақ
т.
тұмақ
«қазақ тымағы» (КкРС 654); қырғыз т.
тумақ
«қазақтымағы; (ауыс.) қазақ халқы»; (КРС II 266); татарский т. диал.
томақ
«малақай» (ДСТЯ418); башқұрт т. диал.
томаға
«тымақ» (БҺҺ III 173); ұйғыр т.
тумақ
«қысқы баскиім»(ЮЦ 426); өзбек т.
тумоқ
«тымақ, малақай; томаға» (480 УРС); түрік т
.
дувак
«жаулық» (ТС 727); тува т.
думаалай
(арх.) «тойда келін киетін баскиім, жамылғы»;тофалар т.
тумалай
«әйелдер киетін көне баскиім» (Татаринцев 2002: 267).Тілдік деректерге жүгінсек ониң тек
тумақ
немесе
тұмақ
болип ериндикдауыстымен жазылғанын байқаймыз, Мағжан Жұмабаев тілінде де өзге тілдердегідейкөнеше жұмсалған.
Ұжмақ
«жұмақ». Қазақ тілінде көбине
жұмақ
түрінде қолданылып жүрген сөзМағжан тілінде
ұжмақ
фонетикалық варианты қолданылған. Көне түркі жазбаэскерткіштеріндегі
ужмақ/учмақ
сөзі
қазақ тілінде метатеза құбылысы негізинде
жұмақ
боп ауысқаны белгілі. Десек те,
ұжмақ
деген көне варианты да тілде кездеседі, бірақ
жұмақ
сияқты белсенді жұмсалмайды. Көне эскерткіштердегі
учмақ
«жұмақ» сөзі
ұшу
(ауыс. «қайтыс болу») етістігімен байланысты деген пікір де бар. Ақын тілінде әдебитилиндеги
жұмақ
варианты жі жұмсалған (жырма бес рет),
ұжмақ
болса, екі өлеңдеғана кездеседі:Көңіл көзі ашық жанды дос деп білсе,
Мылқау, меңіреу, наданды қас деп білсе,
Бейнеттің мұнарланған шөл даласын
Ұжмақта
хорлар тіккен қос деп білсе
Шашың –
қара, денең –
ақ бұлт, жүзің –
Ай,
Тісің –
меруерт, көзің, сәулем –
құралай.
Ләззат, рақат, бақыт –
бәрі қойныңда,
Сұрамаймын энді
ұжмақ
–
жақсы жай![1, 19; 93].Сонимен, көркем әдебиет пен фольклорлық шығармаларда
кездесетин
ұжмақ
формасы
жұмаққа
қарағанда көне болып саналады. Они түркі тілдеріндегі деректерарқылы анықтаймыз. Түркі тілдеріне келсек, қазақ тіліндегідей
жұмақ
формасыкездесе бермейді, тек көне тұлғаларында жұмсалады. Мағжан ақын да екі рет көнеформасында қолданған. Әдеби тілде белсенді жұмсалатын жұмақ та ақын өлеңдеріндежі кездеседі.Әдеби
тільдеги
бұлт
сөзі Мағжанның бірнеше өлеңінде
бұлыт
деген көнефонетикалық формасында қолданылған деп ойлаймыз:
Арыстанмын, айбатыма кем шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте –
бұлт, жерде –
желмин гулеген,
Жер еркесі –
желдің жөнін кім сұрар?
Бақ шіркін бір күн қонып бауырыңа еніп,
23
Кетпек қой ертеңіне
-
ақ алдап, күлип.
Алтын Күн аспандағы қайдан білсін
Қаптарын
қапылыста қара бұлт[1, 57; 102].Мағжан
өлеңдері жинақтарында
бұлт
деп жазылып жүрген сөз, мына екі өлеңде
бұлыт
болып жазылғанға ұқсайды (қолжазба солай болуы мүмкін, негізгі мәтінді көрукерек), өйткені бірінші шумақтағы үшінші жол он бір буыннан тұру керек, ал қазіргібаспаларда он буын болып, басқа жолдармен сәйкес болып тұрмағаны назар аудартады.Екінші өлеңдегі төртінші жол да алдынғы жолдармен буын санымен сәйкес емес,Мағжан ақында буын саны жағынан жаңылысу болмайтынын еске алсақ, мұндатөртінші жол
бұлыт
болып оқылу керек деп ойлаймыз.
Бұлыт
түрінде оқылғанжағдайда он бір буын болып, алдынғы үш жолмен бірдей болар еді. Сол септі мұндакөнеше жазылғанға ұқсайды.
Бұлыт
деген қолданыс қазақ поэзиясына жат емес, мә Абай өлеңдерініңқолжазбасын зерттеген кезде [8, 25], ақынның оның тек екі буынды нұсқасынпайдаланғанын көреміз.Экі шумқтағы
бұлыт
формасы түркі тілдері мен эскерткіштерінің барлығындадерлік осы нұсқада қолданылады. Тек қазақ тілінде ғана бір буынды
бұлт
түріндежұмсалады, басқа түркі тілдердің барлығында екі бу