Жаңа заман туғызған салт-дәстүрлер Қыз алып қашу



Дата06.01.2022
өлшемі14,72 Kb.
#13674
Байланысты:
Жаңа заман туғызған салт-дәстүрлер



Жаңа заман туғызған салт-дәстүрлер


Қыз алып қашу

Қыз алып қашу қазіргі жастарға жақсы таныс салттың бірі. Ертеде әкесі келісімін бермесе, жігіт қызды алып қашып қосылатын болған. Ал кейбір жігіттер қыздың келісімін алмай, зорлықпен алып қашып жатады. Әрине, мұндай жағдайда екі жастың дәм-тұзы жарасып, үлгілі, өнегелі отбасы болып кетуі өте қиын. 



Қазіргі кезде ақша үнемдеп, ұзату тойын өткізбес үшін алдын ала келісіп, қыз алып қашу да бар.

Тұсаукесер

Этнографтың айтуынша, тұсауды пышақтың жүзін жоғары қаратып кесу керек. Ол соңғы кездері "Тұсауы кесілсе болды емес пе, қайшыда тұрған не бер" деп тыйымдарға құлақ аса бермейтіндерге пышақпен кесудің маңызын түсіндірді. 

"Бұл баланы төмен, жерге қарай басу емес, көкке қарай өсіп-өніп, көбеюіне тілектес болу дегенді меңзейді. Оның бәрі ереже, тыйым. Ырымнан келіп туындайтын тыйым. Пышақ - ала жіпті кесіп, баланың жолын ашып тұр. Оны көп жағдайда әйел толғатып жатқан кезде жүзін жоғары қаратып есік алдына қояды екен. Баланың, әйелдің жанын алуға келетін зиянкес, қаскөй күш жоғары қараған пышақтың жүзін көргенде үйге кіре алмай, қорқады-мыс дейді. Сол тұрғыдан пышақтың қызметі бөлек ашылады. Одан да басқа мысалдар көп", - дейді Досымбек Қатранұлы.

Ырым бойынша, тұсау кесілген соң шашу шашылады. Ал ол арқанды бала көтере алмай жүрген келіншекке я болмаса нәрестелі болған отбасыға "сіздерде де көп ұзамай той болсын" деп ырымдап, қолына ұстатады. Ал тұсау кескен әйелге немесе ер адамға сыйлық береді.



Сонымен қатар, қазіргі таңда баланың жолына төселген ақ матаның екінші басына кітап, ақша, домбыра секілді заттарды қою үрдіске айналып барады. Баланың таңдауы неге түссе, болашағы сол затпен байланысты болады деп болжаған. Мәселен, домбыраны барып ұстаса, болашақта өнер адамы немесе ақшаны алса, бай-бақуатты адам болады, ал кітапты алса, ғылым-білім жолын қуған азамат болып өседі деп жорамалдайды. Алайда, маманның айтуынша, бұрындары дәстүрінде мұндай болмаған, бұл кейіннен пайда болған үрдіс екенін естен шығармау керек. 

Қазіргі заманның талабына сай жаңарған, жаңартылған дәстүрлерге: туған күн, зейнетке шығу тойы, әскерге шығарып салу тойы, диплом немесе аттестат алу тойларын жатқызамыз.

Зейнеткерлік жас тұлғаның кәсіптік қызметтен босап, зейнетақы алуға құқық беретін жасты білдіреді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет