Қараман ата” туралы аңыз әңгімелер



бет3/3
Дата17.03.2022
өлшемі21,34 Kb.
#28299
1   2   3
Темір баба” жайлы аңыз

Темір баба – мықты жауынгер, батыл, әруақты адам болған. Ел аузындағы  аңыздың басқа нұсқасында  Темір баба мен қасиетті Шопан – ата кездесіп, әруақ салыстырған делінеді.  Әруақ салыстыру нәтижесінде  Кендірлі аралы пайда болған. Теңіз жағасында аяғын суға малып отырған Темірбаба жер түбінен – Хорезмнен келе жатқан Шопан атаның аяғының дыбысын естіп отырыпты. Шопан - ата қасына келіп, өз жөнін айтып, Темір бабадан жөн сұрапты.Осы кезде Темір бабамен құдірет салыстырғысы келетінін айтады. “Құдіретіңді, әуелі, өзің көрсет”,- депті Темір баба. Шопан ата тау етегінде жайылып жүрген бір үйір қара құйрықты шөрелеп шақырған екен. Үйір алдында тұрған теке келіп, етегін жалап, жата кетеді.Шопан-ата пышақсыз бауыздап, жіліктеп, мүшелеп, жайратып тастапты.Осыдан кейін етін терісіне қайта салып, алақанымен бір сипап өткенде, теке сілкініп, үйіріне қарай жөнеледі. Кезек  Темір бабаға келіп, ол балағын тізесіне дейін түріп, көк теңізге қойып кетеді.Теңіз қарсы айырылып, Темір бабаны басқан жері қара жер болып қалыпты. Шопан ата неғып тұр екен деп артына бұрылса, ол сәлдесін шешіп, “әулиелігіңізге сендім, бұдан әрі жүре берсең кәпірлер келетін жол саларсың”,- деп қайтарыпты. Қара түбек содан қалыпты.Осы қара түбектің пайда болуы туралы халық ауызындағы аңыздың тағы бір нұсқасы былай баяндалады. Теңіз жағалай жүріп, баласы суға кетіп, құтқара алмаған Темірбаба теңіз бетін үш рет “Өмір бойы осылай сапырылып жат!”, - деп қамшылапты. Темір бабаның қамшысының тиген жері қара жер болып қалыпты. Содан бері теңіздің (аралдың) Форт-Шевченко беті тынымсыз сапырылысып, ал керісінше, Бекдашы беті тыныш жатады екен.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет