Орайы келген әңгіме
(Соңы 8-бетте)
(Соңы 3-бетте)
Бүгінгінің бас тақырыбы
Ойталқы
№49 (2827) 6 мамыр 2016
www.zanmedіa.kz
Қоғамдық-саяси, құқықтық газет
zangazet@maіl.ru
(Соңы 3-бетте)
Лебіз
(Соңы 3-бетте)
– Руслан Шәріпұлы, қазіргі
жастар әскерге тез бейімделе ме?
Тәжірибеден не байқадыңыз?
– Бүгінгі жастар тәуелсіз еліміздің
ертеңгі тірегі. Дұрысында Отан
қорғау ежелден ерлердің міндеті
болған. Білген жанға бейбіт елдің
тыныштығын күзету – мерейлі
мәртебе, асқақ абырой. Жас жігіттер
өзінің Отан алдындағы міндетін
жақсы түсінеді.
Қарулы Күштердің Жоғарғы бас
қол басшысы анықтап бергендей,
ар мия ның басты тапсырмасы әскер
лердің сапасы мен тиімділігін
арттыру болып отыр. Сол себепті,
Қазақстан әскері жаңа қаружарақ,
әскери техника жүйелерімен жан
жақты қамтамасыз етілуде. Осының
әсерінен болар, жас жігіттердің
әскери өмірге деген қызығушылығы
артып, жаңа ортаға тез бейімделуде.
Бұл жағынан ешқандай мәселе жоқ
деуге болады.
Руслан НИЕТАЛИЕВ,
Атырау облысы
Қорғаныс істері жөніндегі
департаментінің бастығы:
«БЕЙБІТ ЕЛДІҢ
ТЫНЫШТЫҒЫН
КҮЗЕТУ –
МЕРЕЙЛІ МӘРТЕБЕ»
МИЛЛИОНДАРДЫҢ ӨМІРІН САҚТАҒАНДАРҒА
МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛМЕК
«Бірлігі мықты елді жау алмайды» деп жатамыз. Одан бөлек, жауға
алдырмас үшін мықты әскер де керек. Отанын қорғау әр азаматтың
парызы десек те, бұл жүк бірінші кезекте әскер қатарындағыларға
артылары ақиқат. Сол Отан қорғаушыларымыздың мерекесі де келіп
жетті.
Жалпы, 7 мамырды Қарулы Күш
тер күні деп белгілеудің кеңестік сар
қыншақтан арылуға септігі тигенін жа
сыра алмаймыз. Кеңес Одағы тұсында
23 ақпан Қызыл Әскер күні ретінде ата
лып өтілгені тарихтан аян. Тәуелсіздік
алған соң да бертінге дейін ескі әдеттен
арыла алмай жүрдік. Әрине, комму
нистік қоғамда ер жетіп, азаматтық
борышын сол кезде өтегендер үшін
23 ақпан әлі де ыстық көрінуі мүмкін
және бұл үшін оларды жазғыруға да
болмас. Тіпті, құттықтаса да артықтық
етпейді. Себебі, тарихты өшіріп тастай
алмаймыз.
Алайда, басы ашық мәселе, егемен
елдің өз әскері һәм оның мерекесі
болуы керектігі хақ, әрі бұл ескінің
сар қыншағын санадан ығыстыру үшін
қажет. Мамыражай мамырдың 7сі
Қазақстан Отан қорғаушылар күні бо
лып белгіленуі де сондықтан. Бұл күн
табиғаттың тамаша мезгілі болғаны
үшін немесе басқалай бір кездейсоқ
себеппен таңдалған жоқ. 1992 жылы
7 мамырда Президент Нұрсұлтан
Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан
Республикасының Қарулы Күштері
құрылды. Оған дейін, 1991 жылы 25
қазанда Қазақ КСРнің Мемлекеттік
қорғаныс комитеті құрылған болатын.
Көп ұзамайақ комитет министрлікке
айналды. Онысы түсінікті де. Өйткені,
елдің қауіпсіздігі мен тыныштығына
жауапты саланың күнін комитетке
қаратып қою қисынға симайтын еді.
Құрметті қазақстандықтар!
Сіздерді Отан қорғаушылар және Жеңіс күнімен
құттықтаймын!
Мемлекет басшысы мен Үкімет Қорғаныс күштерін мем-
лекетіміз бен қоғамымыздың дамуына қолайлы жағдайды
қамтамасыз етудің сенімділігі мен кепілінің қорғаны ретінде
қарай отырып, еліміздің қорғаныс қабілеттілігіне әрқашан да
баса назар аударады. Бүгінде біз өз өмірін Отанды қорғауға
арнаған әскери айбынды, даңқ өкілдерін құрмет тұтамыз.
Ұлы Отан соғысының, жергілікті қақтығыс қатысушыларына,
Қарулы Күштер ардагерлеріне алғысымызды білдіреміз.
Отан қорғаушылар ғасырлар бойы ерекше сый-құрметке ие
болып келеді. Ал, әскери қызмет әрқашан да рухы мықты, серт-
ке мығым адамдарға ғана тән міндет деп саналады. Оларды
құрмет тұта отырып, біз әскери қызметшілердің сенімді тірегі
бола білген туыстары мен жақындарының барлық қиындығын
бөлісіп, оларға қамқор боламыз.
Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл
толады. Бұл уақыт ішінде елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері
бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп келеді. Бірлік пен татулық
біздің қоғамымыздың басты құндылықтары. Осындай жарқын
күнде Сіздерге мықты денсаулық, отбасылық бақыт тілей-
мін! Бұл мереке шаңырақтарыңызға шаттық, көктемгі күннің
қуанышын ала келсін, ал Қазақстан жерінде әділдік пен өзара
түсіністік, келісім үстем орын алсын!
Құрметпен,
Берік ИМАШЕВ,
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Қымбатты ардагерлер мен
тыл еңбеккерлері!
Құрметті оқырмандар!
Сіздерді Отан қорғаушылар және Жеңіс
күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл –
қазақстандықтардың барлық буынын бірікті-
ретін, халқымыздың рухын асқақтатын, шын
мәніндегі, жалпыхалықтық мерекелер.
Қазақстандағы Жеңіс күні аға ұрпақтың
жар қын болашақ үшін майдан даласында және
тылда көрсеткен қаһармандығы мен жан-
қиярлық ерлігін бейнелейді. Соғыс жылдары рес-
публикамыздың әрбір бесінші тұрғыны майданға
аттанды. Қазақстандықтардың батырлығы
мен ержүрек батылдығы тарихымызға алтын
әріппен жазылып қалды. Қайта нақтыланған
деректерге сүйенсек, олардың 520-сы Кеңес
Ода ғының Батыры атанып, 110 мыңы Даңқ
орденімен марапатталды.
Соғыстың ауыр жылдары Жеңіс үшін қа-
жет ті құрал-жабдықтардың барлығы тыл ең-
беккерлерінің қолымен жасалды. Олар армия ны
әскери техникамен, азық-түлікпен және киім-
кешекпен үздіксіз қамтамасыз етті. Соғыс
кезінде қолданылған әрбір танк, ұшақ, кеме, оқ,
т.б. Қазақстан кеніштерінде өндірілген метал-
дан жасалды.
Еліміздің жаңа тарихында Отан қорғау-
шылар күнінің алар орны айрықша. Барлық
кезде де туған жерді қорғау – әрбір азаматтың
асыл парызы, азаматтық борышы болып са-
налады. Бүгінде бұл мереке балабақшаларда,
оқу орындарында, еңбек ұжымдарында кеңінен
аталып өтуде.
Тәуелсіз Қазақстан армиясының шебер-
лігі шыңдала түскені баршамызға аян. Еліміз
Қарулы Күштерінің кәсіби деңгейі артуда,
техникалық тұрғыдан жарақтандырылған әрі
ұтқыр. Бүгінде әскери мамандық құрметті әрі
беделді кәсіпке айналды. Ал, армияда қызмет
атқару – азаматтық борыш қана емес, сон-
дай-ақ, артықшылық. Әскер қатарына ең
таң даулылардың іріктеліп алынуы оған айқын
дәлел.
Осы айтулы мерекелер қарсаңында ар-
дагерлер мен тыл еңбеккерлеріне лайықты
құрмет көрсетіліп, жас буын өкілдеріне олардың
жанқиярлық ерлігі үлгі-өнеге болуда.
Құрметті ардагерлер мен тыл еңбек кер-
лері. Сіздерге, Қазақстан армиясының барлық
әскери қызметшілеріне зор денсаулық, амандық
және мол табыс тілеймін!
Елімізде бейқұт өмір мен келісім, тұрақ-
тылық пен тыныштық әрдайым салтанат
құра берсін!
Қайрат МӘМИ,
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының төрағасы
ҚОС МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
ЖАСТАРДЫ ӘСКЕРГЕ БАРУҒА
ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ ТЕТІГІ ҚАНДАЙ?
С
оңғы кездері жастарымыздың бойынан әскери борышын өтеуге деген аса бір
үлкен қызығушылық байқалмайды. Тек болашақта әскери билетті қажет ететін
мекемелерде қызмет етуді қалаған жастар ғана әскери борышын өтеуге ынта-
лы. Онда да әскери билетті қызмет орны талап еткен соң ғана. Осы орайда жастарды
әскерге баруға ынталандырудың жолы қайсы?
Болат САЙЛАН,
Ауған соғысының ардагері:
– Кеңестік қоғамда жастардың бойында
патриоттық сезім аса жоғары болатын.
Патриотизмді насихаттау жұмыстары өте көп
жүргізілетін. Соның арқасында жастардың
бойында Отандық борышты өтеу, Отанға қызмет
ету деген аса қасиетті сөздер болатын.
Гүлшат НҰРЫМБЕТОВА,
саяси ғылымдар докторы, профессор:
– Отанды қорғау барлық ер-азаматтың міндеті,
еліміздегі әрбір азаматтың Отан алдындағы
парызы. Әскерге бару, әскери өмірді көру, мылтық
ату, түрлі әскери техниканы жүргізу кәмелетке
толған әрбір бозбаланың қызығушылығын
тудырары хақ.
Б.МОМЫШҰЛЫ
«Ерлік елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті»
2
№49 (2827)
6 мамыр 2016
zangazet@maiI.ru
ҚҰҚЫҚ
Игі іс
Көзқарас
Оң қадам
О
таншылдық рухтың
дәнегі ең а лдымен
отбасында қалыптасады. Үйінде
ұл мен қызына ұлттық салт-
сананы, дәстүрді дәріптемеген,
Отандық мүддені ысырып
тастап, ошақ басындағы әңгімені
айналдырудан әріге бармаған
ата-ана ешқашан патриот бала
тәрбиелеп шыға алмайды.
Соны біліп, сезе тұра «менің
балам неге ынжық?», «менің
ұлым қиындықтан қашады»,
«Баламды әскерге жіберуден
қорқамын» деген сөздерді ата-
аналардың аузынан жиі естиміз.
Бұл бүгінгі күннің үлкен тра-
ге диясы. Өйткені, мұндай
ахуалдың қалыптасуына балалар
емес, ең әуелі ата-аналар кінәлі.
Ата-аналар баласына «Адал
бол, намысыңды аяққа таптатпа,
қиындықтан қашпа, досыңды
орта жолда қалдырма!» дегенді
күнде қайталап, санасына сіңіру-
дің орнына, «Басқалардың ісіне
араласпа, көрмегендей өтіп кет,
ешкімге жолама, бәле болады!»
деуден шаршамайды. Күнделікті
алған тәлімі осы болған соң
бала да көмек сұраған жанға қол
ұшын беруді білмейді. Үлкенге
көмектесіп, кішіге болыспайды.
Әпке-қарындастарына демеу
болуға талаптанбайды. Ондай-
лардан батырлық, ерлік, отан-
шылдық әрекет күтудің өзі
артық емес пе?!
Қазақтың кемеңгер ұлы
Ахмет Байтұрсынов: «Қазақ жоқ
iздеген халық» депті. Шынында
біз өмір бойы барымызды
бүтіндеп, жоғымызды түген-
деумен келе жатқан елміз.
Тәуелсіздігіне ширек ғасыр
болған жас мемлекет үшін
жоқ іздеу қалыпты жағдай
екені түсінікті. Әсіресе, ұрпақ
санасына отаншылдықтың нәрін
«ҚАЗАҚ ЖОҚ ІЗДЕГЕН ХАЛЫҚ»
егу, ұлтын сүйетін жастарды
тәрбиелеу сол көп жоқтың
орнын толтыратын үлкен мектеп
болар еді. Бұл сұрақ, бұл мәселе
елін сүйген кез келген азаматтың
жадында жатталып тұруы тиіс.
Және ұрпақ тәрбиелегенде де
осы ұстанымнан айнымаған
дұрыс.
Ұлы Отан соғысы басталған-
да халықта ұлттық намыс,
жеңіске деген құштарлықтан
басқа ештеңе жоқ еді. Сонда да
болса, еліне деген махаббатына
адал жандар жалаң қолмен
темірдей құрсанған жауға
қасқайып қарсы тұрды. Киімі
бүтін, тамағы тоқ, қаруы сай
болмаса да жерін, елін қорғау
үшін қиындықтан қашпай
алға ұмтылды. Шындығында,
фашистік Германия соғыс
бастағанда қаперсіз жатқан
Кеңес елі жеңіске жетпек
тұрмақ, тосқауылға төтеп береді
деген ой ешкімнің басына
келмеген. Содан болар, жаудың
өзі дайындықсыз жатқан елді
бір сәтте басып алып, мақсатқа
жететініне кәміл сенген бола-
тын. Алайда, азаматтарды
бір тудың астына жинап, бір
мүддеге топтастырған кеңестік
идеологияның мықтылығы
дұшпанның жоспарын тас-
талқан етіп, қарусыз да қарсы-
ласты тізе бүктіруге бола ты нын,
ол үшін бойда намыс, күш-жігер
болса жеткілік ті екенін тағы
бір мәрте дәлелдеді. Ендеше,
қазіргідей бейбіт заманда жас-
тарымыздың азаматтық боры-
шын өтеуден жалтарып, қиын-
дықтан қашуы на негіз жоқ.
Кешегі ардагер аталардың, тылда
ерлердің жұмысын еңсерген
аналардың ерлігін көріп, біліп
өскен ұрпақ Отанын қорғаудан
жалтармаса керек. Тек ол үшін
біздегі отаншылдыққа тәрбиелеу
тетік тері ешқашан назардан тыс
қалмауы керек. Мұндай тәрбие
отбасынан басталып, мектепте,
жоғары оқу орындарында
жалғасуы қажет.
«Қазақ баласын ұлтжан-
дылық, отаншылдық сезімде
тәрбиелеу – білім берудің
мектепке дейінгі жүйесінен,
жоғары оқу орнына дейінгі
барлық ұйымдардың міндеті.
ХХІ ғасырда өз ұлтын сүйген,
бірлікте болған халық қана
тұтастығын сақтап қалады»,
– дегенді Мемлекет басшысы
Н.Назарбаев тегін айтып отырған
жоқ. Сондықтан, еліміздің
келешегін ойласақ ұл мен
қызымыздың терең білім алып
қоймай, саналы, отанын сүйетін
азамат болып қалыптасуына
жағдай туғызуымыз керек.
«Патша болатын бала өсіргің
келсе, әкесін хандай күт» деген
тәмсілді жадымыздан шығар-
мағанымыз абзал. Өйткені,
қазір қоғамымызда ерлердің
бағасы кеміп, сөзі өтпей тұр-
ғаны ешкімге жасырын емес.
Отағасының беделі болмаған соң
үйдегі әйелдің де, баланың да
ұяты кемиді. Сондай-ақ, мектеп,
жоғары оқу орындарындағы ер
мұғалімдердің санын арттыру да
кезек күттірмейді. Бүгінде білім
ошақтарындағы педагогтардың
90 пайызы қыз-келіншектер.
Әйелдер қанша тырысқанымен
ерлердің беретін тәрбиесін,
көрсететін үлгісін ұлдарға жет-
кізе алмайды. Отаншылдық
рухты өлтірмейік десек, осы
мәсе ле лердің өз шешімін табуы-
на бәріміз атсалысуымыз керек.
Алма ТҮСІПБЕКОВА,
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының
бас консультанты
Батырлар
рухы өлмейді
9 мамыр – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің
рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн.
Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің
биік болуы, еліміздің өркендеуі де осынау
мерекенің жемісі. Мейрам – соңғы демі қалғанша
күрескен жанқияр ерліктің нәтижесі. Бұл күн сұм
соғыста Жеңісті жақындату үшін жан аямай
шайқасып, қан майданнан оралмай, еліміздің
берік қорғанындай болып қалған арыстарымызды
еске алатын күн.
Жеңіс күнін жақындатуға үлес қосқан
барлық ардагер леріміздің өмір жолын
үлгі ету, құрмет білдіру кейінгі ұрпаққа
парыз. Қызылорда облысы соттарының
судьялары, атап айтқанда, Б.Боранқұлов,
Қ.Қоңыратбайұлы, Т.Есенгелдіқызы, А.Есенбаев,
Ә.Палмұхамедов, Қ.Асауов, Ө.Қиязов,
М.Ақпанбетов, Ә.Тәжімбетов, Ө.Жарықбаев,
А.Қызыров, А.Досымов, Ә.Балымбетов,
К.Жайсаңбаев, Ж.Исаев, С.Рахманқұлова,
Қ.Ботабаев, Ж.Құлұмбетов, Ш.Өміртаев,
Т.Югай, Ж.Ерімбетов, А.Таңатов, Ж.Үсенов,
Ә.Досмайлов, Ж.Шерипов, Ә.Шілманов,
Ы.Қобланова және тағы да басқалар Ұлы Отан
соғысы жылдарында қаһармандығымен тарих
бетінде есімдері қалған тұлғалар.
Отан қорғау жолында жан қиярлық ерлігімен,
сонымен бірге, әділеттіліктің ақ туын желбіретіп,
сот жүйесін қалыптастыру мен дамыту жолында
еңбек еткен бұл жандар бүгінгі сот корпусының
есінде. Ал біздің азаматтық міндетіміз – болашақ
ұрпақты Отанын сүюге тәрбиелеу.
Қызылорда облыстық сотының
баспасөз қызметі
Парыз
Құрмет
Сұм соғыстың сарбаздары мен
тыл ардагерлерінің ерен еңбегін
ұмытуға ешқандай қақымыз жоқ.
Және әрдайым Ұлы Отан соғысы
ардагерлеріне қолы мыздан келген
ше көмек көрсетуіміз керек. Ұлы
жеңістің 71 жылдығына орай,
Судьялар одағының ҚР Әскери соты
филиалы және Алматы гарнизоны
Әскери сотының ұжымы төраға
Ж.Жайлаубай дың бастамасымен Ұлы
Отан соғысы ардагерлерінің үйіне
барып құттықтап, ол кісілерге естелік
сыйлықтар тапсырды.
Осы соғыс ардагерлерінің бірі –
бұрынғы Алматы гарнизоны Әскери
трибуналының төрағасы, отставкадағы
әділет полковнигі, заң ғылымдарының
докторы Зайырхан Омарұлы және
Брест қамалын қорғау шайқасының
ардагері, отставкадағы полковник
Ғаббас Жұматұлы. Ардагерлер әскери
сот судьяларын жылы қабылдап, оларға
өздерінің үлкен алғысын айтып, ыстық
ықыластарын жеткізді.
– Бізбен бірге бір полкта әскери қызмет
атқарған майдангер жолдастарымыздың
арасында орыс ұлты өкілінен басқа,
қазақтар да, өзбектер де, татарлар да
болды. Осындай ауызбіршілік бізді
жеңіске жетеледі, – деп есіне алды
ардагерлер.
Өз кезегінде, сот төрағасы Жанат
Аға буынға
алғысымыз шексіз
Аманатқа
адалдық танытамыз
1945 жылдың 9 мамыры барған сайын алыстап, тарихқа
айналып кетті. Жылдар жылжыған сайын ардагерлер қатары
сиреп, куәгерлер көші дәуірмен бірге тарихтың қойнауына кетіп
барады. Бірақ, Ұлы Жеңістің қаншалықты қымбатқа түскенін
ешқайсымыз ұмытпаймыз. Бүгінгі ұрпақ аталарының бейбіт
шілік үшін жанын пида еткенін естен шығармайды.
Ұлы Отан соғысындағы кескілескен шайқасты басынан
кешірген халық үшін Жеңіс мерекесінің орны айрықша. Бұл мереке
– теңдессіз ерлік пен отансүйгіштіктің символы. Бұл – болашақ
ұрпақтың бақытты өмірі, бейбіт тіршілігі үшін өзін құрбан еткен
аталар мен әкелердің есімдеріне тағзым ету күні. Сондай-ақ, тылда
ерен еңбегімен, темірдей төзімімен жеңіс күнін жақындатқан еңбек
ардагерлеріне алғыс айтар күн. Бұл – халқымыздың мызғымас
бірлігінің, сертке беріктігінің арқасында келген мерейлі мереке.
Жарты әлемді шарпыған Ұлы Отан соғысының әрбір шаңыраққа
қаралы ізін қалдырғаны белгілі. Аталарымыз жете алмаған
армандар мен мұраттарды жүзеге асыру, ардагерлеріміздің асыл
аманатын орындап, үміттерін ақтау – әрқайсымыздың асыл
борышымыз.
Бүгінгі бейбіт өмір үшін Сіздерге тағзым етеміз, қымбатты
ардагерлер! Бізге бейбіт өмір сыйлаған ерліктеріңіз бен есімдеріңіз
мәңгі есімізде. Біз үшін бұл мерекенің құны өте жоғары. Біздің
қазақта қай кезде де ер-азаматтың басты міндеті елі мен жерін
қорғау болып табылған. Сондықтан да, қазақта ұл болып туыл-
ғандардың маңдайына ең алдымен Отан қорғау жазылған. Сол
мәртебелі міндетті бабаларымыз адал орындады.
Г.РАХИМОВА,
Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық сотының
баспасөз хатшысы
Қаһармандар
қалтарыста қалмайды
Осыдан 71 жыл бұрын адамзат тарихындағы ең сұрапыл,
жойқын соғыс аяқталып, жеңіс тойы тойланды. Отан үшін от
кешкендер арасында сот жүйесінде қызмет атқарған азаматтар
да болды. Солардың бірі Зайырқан Ашитов.
Зайырқан Омарұлы 1942 жылы 28 ақпанда әскер қатарына
шақырылып, Алматы қаласы түбіндегі болашақ офицерлер
дайындайтын жаяу әскерлер училищесінде оқып жүргенде соғысқа
аттанды. 1942 жылы офицерлік шенді иеленді. Соғыс аяқталғаннан
кейін Ленинград түбіндегі әскери бөлімде жұмысын жалғастырды.
1947-1952 жылдары Пьярно қаласының заң академиясын
үздік бітіріп, қызмет жолын КСРО қарулы күштері әскери
трибуналынан бастады. Одан Қазақ КСР мемлекеттік қауіпсіздік
министрлігінің әскери трибуналының мүшесі болып сайланды.
1952-1976 жылдары армия, гарнизон, Түркістан, Забайкалье
әскери округтері трибуналдарының мүшесі және Қызыл тулы
Орта Азия әскери округінің, Алматы гарнизоны армиясы әскери
трибуналының төрағасы лауазымында қызмет істеді. Әділет
полковнигі, академик, заң ғылымдарының докторы, профессор.
Ардагердің сот жүйесіндегі еңбек жолы 1952 жылдан 1976 жылға
дейін жалғасқан.
Ұлы Отан соғысның тағы бір ардагері Шамшонков Григорий
Петрович 1922 жылы 13 қаңтарда Калинин облысы, Белогубцево
ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1937 жылы «Сталинский
путь» аудандық газетінде корректор болып бастаған ол 1938-
1941 жылы Мәскеу индустриялық техникумының кенші-техник
факультетін бітірді. Техникумды бітіргеннен кейін Совет Армия-
сына шақырылды. 1942 жылы қарулық взводтың командирі,
батарея командирі болып жаулармен шайқасты. 1945 жылы
зенитті-артиллериялық полктың оқыту батареясы командирінің
орынбасары болып Совет Армиясынан демобилизацияланды.
Әділет полковнигі, Қазақ КСР-інің еңбегі сіңген заңгері атанған
ардагер сот жүйесінде 1947 жылдан 1978 жылға дейін еңбек етті.
Ұрпаққа үлгі болған Соғыс қаһармандарын еске алып, ерлігін
насихаттау біздің міндетіміз.
Қазақстан Республикасы Әскери сотының
баспасөз қызметі
Алматы қаласы Соттар қауымдас
тығының өкілдері Ұлы Отан соғысының
ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін
құттық тады
Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 71 жылдығын
тойлау қарсаңында ҚР Судьялар одағы
ОЛАР ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚТЫ
Алматы қалалық филиалының төрағасы
Н.Сейітов пен қалалық соттың судьясы
Л.Кушербаева соғыс ардагерлері Нурания
Адельшина, Сергей Ярославский мен еңбек
майданына қатысушы Баян Рысмендиевтерде
қонақта болды.
Н.Сейітов ардагерлерді Жеңістің 71 жыл-
ды ғымен құттықтай отырып, олардың Отан
алдындағы ерен ерліктері мен еңбек терін
атап өтті.
– Соғыс және соғыстан кейінгі жылдары
барлық ауыртпалықтар мен қиындықтарды
бастан кешіріп, өздеріңіздің кәсіби қызмет-
теріңіздің көп жылын мінсіз сот жүйесіне
арнаған аға буын өкілдеріне Алматы қаласы-
ның соттар қауымдастығының атынан шексіз
алғысымды білдіремін, – деді Н.Сейітов.
Судьялар одағының қалалық филиалының
төрағасы әр ардагерге Отанымыздың өркен-
деуіне батыл әрі адал қызмет еткені үшін
сыйлықтар мен гүлдер табыс етті. Сонымен
қатар, оларға қажетті қаржылай көмек
көрсетті. Өз кезегінде ардагерлер мұндай
ілтипатқа шексіз ризашылығын білдіріп,
кейінгі буынға денсаулық пен қызметте
толағай табыс тіледі.
Бүгінде сот корпусында 68 құрметті
доғарыстағы судья бар, оның ішінде Алматы
қаласында тұратын екі Ұлы Отан соғысының
ардагері мен жеті тыл майданына қатысушы
үнемі ұжым назарында.