Мақсаты: Балаларды тақтада және қағаз бетінде бағытты таба білуге үйрету. 5 бала кезекпен тақтадағы тапсырманы, ал қалғандары үстелдің үстіндегі парақ қағазда фишкамен орындайды. - Оң жақтағы жоғарғы үйшікке ақтиінді орналастыр. - Сол жақтағы төменгі үйшікке мысықты орналастыр. - Төменгі оң жақтағы үйшікке аюды орналастыр. - Жоғарғы сол жақтағы үйшікке қасқырды орналастыр. - Барлық аңдарға үйшіктер жетті ме? - Неше үйшік екенін санаңдар. Осы санды цифрмен көрсетіңдер. - Неше аң? Цифрмен көрсетіңдер. - Қай сан артық? 4 пе, әлде 5 пе? - Аңдардың қайсысы артық? Неге? Балалардың нұсқалары әртүрлі болуы мүмкін. Балалардың өз ойларын айтуына мүмкіндік беру.
№ 16«Өз орныңды тап»
Мақсаты: Цифрлардың сандар қатарындағы орны, көрші сандар туралы білімдерін нақтылау. Тәрбиеші балаларға 0-ден 10-ға дейінгі цифрларды таратып береді. (балалар цифрлар болады). «Цифрлар» музыка ырғағымен билеп жүреді. Музыка тоқтасымен балалар тез бір қатарға тұра қалады. Қалған балалар «цифрлардың» орындарын дұрыс тапқандықтарын тексереді. Содан кейін тәрбиеші бірнеше баладан аталған сандардың көрші сандарын атауды сұрайды.
№17 «Жыл атасы»
Тақтада – жыл мезгілдері бейнеленген 4 карточка, балаларда – 1 көк карточка. - Жыл атасы бүгін бізге қандай карточканы қалдырады? Неге олай ойлайсыңдар? (Қалған карточкалар алынып тасталынады). - Қыстың алғашқы екі айы қалай аталады? - Оларды өз орындарына қойыңдар. Бір бала тапсырманы тақтада, қалғандары партада орындайды. Түнде аяз күшейіп, Күндіз тамшы тамады. Күн білінбей ұзару, Бұл қай кезде болады? (Ақпан) - Ақпан айы қай айдан кейін болады? - Қыс айларын атаңдар. Содан соң тәрбиеші балалардың бір-біріне сұрақ қоюын сұрайды. Бір бала кез келген айды белгілейтін цифрды көрсетеді, ал қалғандары қай ай екенін айтады. Келесі кезекте бала айды атайды, қалғандары осы айда белгілейтін цифрды көрсетеді.
№ 18«Заңдылығын тап»
Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын, заңдылықты қоя білу дағдыларын дамыту. Тәрбиеші 9 тор көзден тұратын, олардың алтауы заттармен кезектесіп отыратын кесте бар. 3 зат үстелдің үстінде жатыр. Орналасу заңдылығын анықтап, заттарды өз тор көздеріне қояды. Егер балалар тапсырманы дұрыс орындап, өз әрекеттерін түсіндіруде қиналатын болса, онда тәрбиеші оларға көмектеседі.