Тақырыбы: Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмыстарының әдістемесі
Қарастырылатын сұрақтар
Кәсіп, кәсіптік бағдар, кәсіптік бағдар беру түсініктері.
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының мақсаты, негізгі міндеттері.
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмыстарының негізгі бағыттары.
Кәсіптік бағдар жүйесінің бағыттары.
Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының формалары
Кәсіп, кәсіптік бағдар, кәсіптік бағдар беру түсініктері.
Кәсіп, кәсіптік бағдар, кәсіптік бағдар беру түсініктері.
Кәсіптік бағдар – оқушыларда мамандықты саналы таңдауға ішкі қажеттіліктері мен дайындығын қалыптастыруда мұғалімнің мақсатты бағытталған іс-әрекеті.
Кәсіптік бағдар – бұл мамандық таңдаудағы жеке икемділіктері, қызығушылығы, кәсіптік ынтасы және қоғамның әртүрлі деңгейдегі кәсіби біліктіліктің және әртүрлі мамандық кадрларына сұранысымен жасөспірімдерді дайындауға бағытталған іс-әрекеті.
Кәсіп (лат. «pofessio» – белгілі бір іс-әрекеттің көрсеткіші, мамандық, «profiteer» – өзімнің ісім деп қарастырамын) – белгілі бір еңбек іс-әрекеті.