12 жылдық мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмыстарының ерекшеліктері
12 жылдық оқытудағы басты мақсат:
қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті;
өзін-өзі дамытуға;
өз ойын еркін айта білуге;
өз қалауымен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім;
жоғары білімді, шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру.
Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының формалары
Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының формалары
Кәсіптік бағдар беру бағдарламасы үш деңгейде жүзеге асады. Кәсіптік бағдар беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету орталығы болуы керек, оларға қажет мамандар: психолог, әлеуметтік педагог және қосымша білім беретін педагогтар.
Кәсіби бағдар беруді жүзеге асыру жолдары:
Кәсіби бағдар беруді жүзеге асыру жолдары:
Кәсіби ақпараттандыру – әртүрлі аймақтағы топтарды қазіргі заманғы өндіріс түрлерімен, еңбек нарығының жағдайымен, кәсіби нарықтың даму перспективалары және мазмұндарымен таныстыру. Оларды меңгерудің формалары және шарттары, мамандықтар бойынша адамдар талабы, мамандық аясында кәсіби біліктіліктің өсуі және еңбек ету барысында өзін-өзі дамытудың мүмкіндіктерімен таныстыру.
Кәсіби кеңес – тәрбиеленушілерге психологиялық ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және қоғам қажеттілігіне сай мамандықты дұрыс таңдауға көмек беру.
Мамандықты таңдау – мамандықтардың мүмкін бағыттары туралы ұсыныстарын тәрбиеленушілерге ұсыну.