Қаратаев М., Нұртазин Т., Қирабаев С. Қазақ совет əдебиеті. Алматы, 1987



Pdf көрінісі
бет14/14
Дата06.03.2017
өлшемі0,95 Mb.
#8380
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

 
өлшеміне
 
айналдырды

Сыңаржақты
  авторлық  баяндаудан  бас  тартып, 
кейіпкердің
 
«өзін-өзі 
тануына
», 
«өзін-өзі 
əшкерелеуіне
», өзінің рухани болмысына бойлап,  ақ-
қарасын
  ажыратуына  жол  ашты.  Осыған  орай  
көркем
  характерге    рухани-эстетикалық  категория 
ретінде
  ерекше  мəн  беріліп,  ұлттық  характер 
концепциясын
 
қалыптастыруға
 
басты
 
назар
 
аударылды

1960-жылдардағы  роман    жанрындағы  көркемдік 
ізденістер 
қазақ 
əдебиеті 
дамуының 
 
негізгі 
тенденцияларын  айқындайды.  Бұл  ретте    М.Əуезовтің  
«Өскен  өркен»  (1962),  Т.Ахтановтың «Боран»  (1963),  
Т
.Əлімқұловтың    «Ақ    боз    ат»    (1962)  романдарынан 
өзгеше ізденіс, өзгеше көркемдік сипат  танылады.  
Қазақ  халқының  дарынды  ұлдарының  бірі,  кешегі  қан 
майданда Отанын қорғап, замандастарымен қатар қазақтың 
жауынгерлік  рухын  көтерген,  сол  ерлікті  қарымды 
қаламының  күшімен  ақ  қағазға  айғақтаған,  əдебиетіміздің 
тарихында айтарлықтай із қалдырған Тахауи Ахтанов есімі 
елімізге, алыс-жақын, шет жақ жұртқа көптен əйгілі. 
Тахауи  Ахтанов  1923  жылғы  25  қазанда  Ақтөбе 
облысының Шалқар ауданы, Шетырғыз ауылында дүниеге 
келген. Кейіндер өзі қайта-қайта оралып жазған, жырлаған 
Ұлы  Отан  соғысы  бұрқ  еткен  «қаһарлы  күндері»  жас 
Тахауи 
Қазақтың 
Абай 
атындағы 
Мемлекеттік 
педагогикалық  институтының  екінші  курсында  оқып 
жүрген-тін. Ел басына қатер төнген сын сағатта Тахауидің 
ер  тəуекел  мінезі  тұңғыш  рет  жарқ  етіп  көрінді:  жас  жігіт 
өзі  тіленіп  қан  майданға  аттанды.  Елге  аман-  есен  оралса, 
қалам  иесі  атануы  тиіс  екенін  сұрапыл  соғыстың 
окоптарында  сезінді,  отаншыл  жүрек  тебіренісін  майдан 
газеті беттерінде өлең, очерк түрінде ұшқындатты. 

 108 
 
 
онда  тарихи  тақырыптан  гөрі  өндіріс,  ауылшаруашылығы  
тақырыптарына ерекше  мəн берілді  жəне  бұл туындылар  
көркем    түйіні,  философиялық  тереңдігінен    гөрі 
тақырыбының    өзектілігімен    өлшенді.    Мұны  əдебиет  
сыншылары да кемшілік деп танып, əр кез сын нысанасына  
айналдырған.    Тақырып    өзектілігін    қуамыз    деп,  көркем  
дүниелердің  үстірт  шыққан  тұстары  да  аз  емес.  Ауыл 
шаруашылығында  еңбек  етіп  жүрген  адамдардың  мінезін 
даралаймын  деп,  қала    өміріне  кереғар    құбылыстарды 
тəптіштеп суреттеу сəттері де кездеседі. 
Бұл  əдебиетте  өмір  шындығын  партиялық,  таптық 
тұрғыдан  бейнелеу принципінен туындаған құбылыс екені 
бүгінде  ешкімге  жасырын  емес.  Кез-келген    туынды  
уақыттың,  дəуірдің,  тарихи кезеңнің  шындығын  көркем  
игеруімен    құнды    дейтін  болсақ,  сол  шындықты  ашудағы  
суреткердің  ізденістері    мен  іркілістері  обьективті 
тұрғыдан  бағалануы тиіс. 
60-  жылдары  проза  жанрында  халық  өмірінің 
əрқилы
  шындығын  бейнелеген    романдар  көптеп 
жазылды
.  Өмірдің  əдебиеттегі  бояма  көріністері 
сыналғаннан
  кейін  қаламгерлер қоғам дамуындағы 
қайшылықты
,  келеңсіз  құбылыстарға  ден  қойды. 
Жаңа
  заман    тақырыбын    игеру,  жаңа    адамның  
образын
  жасау  қаламгерлердің  басты  міндеттерінің  
қатарынан
  саналды. 
Бұл 
тұста 
жазушылар 
образ 
логикасы 
мен 
диалектикасын  көрсетуге,  өмір  шындығын  характерге 
психологиялық  талдау  жасау  арқылы  ашуға  бағыт  алды. 
Кеңестік  жүйенің  дамуындағы  қайшылықтарды  тереңінен 
суреттемесе  де,  астарлы  оймен  жеткізуге  мүмкіншілік 
алды. 
60-жылдар    тарих,  қоғам,  адам  шындығын  ашуда 
жаңа
  поэтикалық  түрлер  мен  бейнелеу  құралдарын 
əкелді
.Жазушылар  гуманизмді    көркем  характер 
 101 
 
 
Əбілқайырдың  хатшысы  Құдабай  секілді  екіжүзді 
сатқындарды  сыртқы  жау  өз  пайдасына  шебер    пайдалана  
білген.  Сатқындық    мотиві  осы  образға  қатысты  көрініс  
береді. 
Құдабай 

Əбілқайыр 
ханмен 
Орынбор  
губернаторы 
Неплюевтің 
арасында 
жүрген 
адам. 
Əбілқайыр 
Құдабайдың 
сатқындығын, 
екіжүзді 
жымысқылығын  білсе  де,  Неплюевтің  ішкі  сырын  білу 
үшін маңында ұстайды. Сырт қарағанда көзі ашық, сауатты 
қазақ  көрінгенімен,  өмірде  жағдайдың  өзгеруіне  қарап 
жалт беріп, опасыздық жасауға бейім. 
Құдабай-сол    кездегі  қазақ  қоғамының  дертіне 
айналған  екіжүзді  азғындардың  жиынтық    образы. 
Қазақтың түбіне жеткен де осы- іштегі дерт. 
Жазушы  романда  аңыз,  шежіре  материалдарын  сол 
қалпында  пайдаланбай  көркем  «өңдеуден»  өткізген. 
Мысалы,  Абылайға  қатысты    тұста    аңыздан    гөрі  
реалистік    əдебиетке  тəн  тəсілдер  бірден  аңғарылады. 
Абылайдың  түс  көруі  мен оны жорудың сипаты ханның  
ұрпақтарының  тағдыр-талайымен астастырылады. Абылай 
əлемінің    күрделілігін,    жұмбағын  ашатын  эпизод 
мазмұнды берілген. Абылайдың  монологтарында, Абылай 
мен  Бұқардың  диалогтарында    мемлекет,  халық,  ұлт 
тəуелсіздігі  туралы  концепциялары  айқын  көрінеді.  Мінез 
логикасын  ашатын да осы көркемдік компоненттер. 
Абылайдың
  өлер  алдындағы:  «…өкінішім  –  үш 
жүздің
  басын  қоса  алмадым,  аз  елге  хан  болдым. 
Қазаққа
  мал  емшегін  емізгенмен,  жер  емшегін  емізе 
алмадым
…  өзге  жаудан  қазақтың  жерін  қорғаймын 
деп
  жүрегенімде  дүние  құрғыр  өтіп  кетіпті  ғой»  - 
деген
  сөзінен  өмір  бойы  ұстанған  принциптері, 
позициясы
 білінеді. 
Романдағы Батыр  Баянның өз інісі Ноянды атып 
өлтіруі аңыз-жыр  желілеріндегі  оқиғаларға сəйкес  

 102 
 
 
суреттелген.  Автор  Баянның  шешімінің  психологиялық  
жағдайы  мен  дəлелін  терең  ашуға  ден  қояды.  Өкініші  
кетпейтін  ағат  іс  істегенін  сезген  Баянның  жан  азабын,  
трагедиясын  үлкен  сезімталдықпен  суреттеген,  оның  
əлеуметтік,  психологиялық  мотивтеріне  айрықша  мəн  
берген.  Бұл  эпизод  романның  тарихи  негізін  нығайтып,  
халықтық  сипатын тереңдетіп  тұр. 
Романда  Жоңғарияның  жаулаушылық  тарихынан, 
қазақтарға  шабуылды  қалай  əзірлегенінен,  соғысынан 
шежіре шертіліп, қазақтың ауыр қасіретке душар болғаны, 
кейін  қазақтардың  бірігіп  Бұланты  өзені  мен  Алакөл 
бойында  жеңіске  жеткені  суреттеледі.  Сонымен  бірге 
Бұқар  Жыраудың  əңгімесі  арқылы  өткен  тарихтың- 
Хақназар  хан  тұсындағы  жағдайы  мен  қазақ  жұртының 
Бұхар  ханы  Абдолла  əскерінен  Сауран  қаласын  қалай 
сақтап  қалған  тарихы  қозғалады.  Əрі  қарай  Əбілқайыр, 
Бөгенбай  бастаған  қазақтың  Ордабасында  жоңғарларды 
күйреткені,  Əбілқайырдың  орыс  патшасының  қоластына 
енуі, Барақтың Əбілқайырды өлтіруі сөз болады. 
Романның  соңында  Абылай  бастаған  қолдың  қазақ 
жерін  жоңғар  мен  Қоқан  билеушілерінен  азат  ету 
жолындағы  даңқты  күресі,  Абылайдың  дербес  хандықты 
тəуелсіз  ету  жолындағы  ірі  істері  баяндалады.  Шығармада 
Абылайдың  дүниеден  қайтар  алдындағы  Бұхар  Жырау 
екеуінің арасындағы диалогпен бітеді.   
Романда  қазақтың  жоңғар  басқыншыларына  қарсы 
азаттық  күресінің  шешуші  кезеңдері  бейнеленген.  Бұқар 
 107 
 
 
Жоспары

1.
 
Т
.Ахтановтың 
шығармашылығы

Əңгіме
-
повестері
. Психологизм, лиризм. 
2.
 
Т
.Ахтанов  романдарындағы  тарихи  шындық 
жəне
 көркемдік шешім.  
3. Т.Ахтановтың драматургиясындағы тартыс жəне 
характер

4. Тахауи Ахтановтың сын мұрасы. 
 
1. 
Т
.Ахтановтың 
шығармашылығы

Əңгіме
-
повестері
.  Психологизм,  лиризм.  1960-жылдары  қазақ 
əдебиетіне  жазушылардың  жаңа  легі  келді:  М.Мағауин, 
Қ.Жұмаділов,  С.Мұратбеков,  Д.Исабеков,  Д.Досжанов, 
Т.Нұрмағамбетов, 
Ə.Кекілбаев, 
О.Бөкеев, 
С.Сматаев, 
Қ.Ысқақов,  Р.Тоқтаров,  Ш.Мұртаза,  Ə.Тарази,  С.Жүнісов 
т.б.  Олар  қазақ  прозасына  көркем  ойдың  тың    үлгілерін, 
жаңа өлшемдерін əкелді.  
60-жылдардағы  проза  дегенде,  біз  бұған  дейінгі 
классикалық  əдебиет  үлгілерінен  қол  үзбейміз,  керісінше, 
алдыңғы  дəуірлердегі  əдебиеттің  заңды  жалғасы  ретінде 
қараймыз. 
Ерекше  бір  атап  өтерлік    жəйт  –  бұл  əдеби  кезеңнің 
М.Жұмабаев, 
М.Дулатов, 
А.Байтұрсынов, 
Ш.Құдайбердіұлы,  Ж.Аймауытов  т.б.сынды  көркемсөз 
алыптарының  мектебінен  қол  үзіп  қалғандығы.  Бұл 
құбылыс  90-жылдарға  дейін  жалғасты,  яғни,  еліміз 
егемендігін  алып,  арыстарымызды  ақтап  алғанға  дейін  өз 
үстемдігін құрды. 
Дегенмен, 
қаламгерлеріміз 
қоғам 
дамуындағы 
қайшылық-тарды сезді, мүмкіндігінше астарлы түрде болса 
да,  айтуға  тырысты.  Жазушылар  жадағай  мақтаудан  гөрі, 
өмірдің  қайшылықты,    көлеңкелі    жақтарына    көңіл    бөле  
бастады.  Кеңес  жүйесіндегі  əдебиеттің  бір  ерекшелігі  – 

 106 
 
 
5.
 
Сыдықов т. Қазақ тарихи романы.-Алматы,1996. 
6.
 
Рахымжанов  Т.  Романның  көркемдік  əлемі.-
Алматы, 1994. 
7.
 
Майтанов  Б.  Қазақ  романы  жəне  психологиялық 
талда.-Алматы,1996. 
8.
 
Хамзин М. Қазіргі қазақ романы.-Қарағанды, 2002. 
9.
 
Қазақ  əдебиетінің  тарихы.  3-том,  2-кітап.-Алматы: 
Ғылым, 1975. 
10.
 
Қаратаев М., Нұртазин Т., Қирабаев С. Қазақ совет 
əдебиеті.-Алматы, 1987. 
11.
 
Қирабаев  С.  Кеңес  дəуіріндегі  қазақ  əдебиеті.-
Алматы: Білім, 1998. 
12.
 
Дəдебаев  Ж.  Қазіргі  қазақ  əдебиеті.  Лекциялар 
курсы.- Алматы, 2003. 
13.
 
Қазақ  əдебиетінің    тарихы  (1956-90  жж.).  9-том.-
Алматы, 2005. 
Қосымша
 əдебиеттер: 
1.
 
Алпысбаев  Қ.  Тарихи  шығарма:  таным  жəне 
көркемдік шешім.-Алматы, 2000. 
2.
 
Əшімбаев  С.  Шындыққа  сүйіспеншілік.  –Алматы, 
1985. 
3.
 
Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы.-Алматы, 1994. 
4.
 
Дəдебаев Ж. Қазіргі қазақ əдебиеті.-Алматы, 2002. 
5.
 
Кəрібаева  Б.  Қазіргі  қазақ  əдебиетінің  көркемдік 
даму арналары.-Астана, 2002. 
6.
 
Қирабаев  С.  Ұлт  тəуелсіздігі  жəне  əдебиет.-
Алматы, 2001.  
7.
 
Жұмаділова 
Н. 
1960-90-жылдардағы 
қазақ 
романы.-Қарағанды,2003. 
 
 
Лекция
 
5. 
Т
.Ахтановтың 
өмірі
 
мен
 
шығармашылығы
 
 
 103 
 
 
жыраудың  4  əңгімесі  арқылы  Хақназар,  Тəуекел,  Есім 
хандар  кезіндегі  қазақ  елінің  ахуалы,  соғыстар  жайлы 
деректер 
берілген. 
Сонда 
роман 
ХҮІІІ 
ғасырмен 
шектелмей, арғы дəуірге де барады.  
«Жанталаста»  кейіпкер  соны  көп,  ал  негізгі  сюжет 
үстінде  көрінетіні  санаулы  ғана.  Ал  басқалары  белгілі  бір 
оқиға үстінде көрініп, кейін қалып жатады. Едəуір қомақты 
шыққан:  Елшібек,  Қияқ,  Бөгенбай,  Баян  батырлар, 
Əбілқайыр, Абылай, Барақ хан, сұлтандар. 
Əбілқайыр  –  ақылды,  əскери  дарындылығы  бар, 
табанды,  айлакер  қаһарман  түрінде  көрінген.  Оның  ойы, 
арманы  үш  жүзге  хан  болу  еді,  бірақ  ол  арманы 
орындалмайды.  Ресей  патшалығы  оны  кіші  жүздің  ханы 
деп  қана  таниды.  Романда  Əбілқайырдың  осы  кезіндегі 
мүшкіл  халі  суреттеген.  Əдеттегі  өр  мінезін  Орынбор 
губернаторы Неплюевпен кездесу кезінде ұсақтатып алады. 
Ол  патшалықтың  алдында  енді  кішірейіп,  жалынып 
сұрайтын  күйге  жетеді.  Оның  бұл  əрекеті    мінез  қырына 
сай көрінген. 
Романда  айқын  көрінген  тұлға  –  Абылай.Абылай 
алғаш  Төле  бидің  түйесін  бағу  үстінде  көрінеді. 
Жоңғарларға  қарсы  соғыстағы  даңқты  істері  баяндалады. 
Жазушы  Абылай  образын  жасауда  көп  тер  төккені 
байқалады. Тарихи жырларды, шежірені пайдаланған. 
Абылай  –  Бұқар  Жыраудың  желісінде  екі  кейіпкердің 
де тұлғасы кеңінен тұлғаланған, сомдалған. 
Кесек  көрінетін  қаһарман  –  Батыр  Баян.  Баянның  2-3 
жорығы, көзсіз ерлігі, намысшылдығы баяндалады. Қалмақ 
қызының азғыруына ерген інісі Ноянды атып өлтіргенде де 
Баян елдік дəстүр тұрғысынан көрінеді.  
Тұлғасы дара көрінген образ - Əбілқайырдың хатшысы 
Құдабай.  Құдабай  Неплюевтің  тыңшысы  еді.  Құдабай 
бейнесінің тасасында көп шындық бар. Патшалық Ресей əр 
елдің  көкірегі  ашық  адамдарын  сатқындыққа  бейімдеп, 

 104 
 
 
шовинистік мақсатын жүзеге асыруға пайдаланған. Оларда 
ұлттық, халықтық  мүдде  деген  түсінік  болмайды.  Құдабай 
осы  деңгейде  көрінген.  Романда  тарихи  оқиғаларды 
бағалау,  саралау,  түсіндіруде  авторлық  тұрғы  (позиция) 
берік сезіледі.  
Ілияс 
Есенберлиннің 
«Көшпенділер» 
роман-
трилогиясы,  «Алтын  Орда»  (1983)  романы  -  қазақ 
əдебиетінің  тақырыптық  өрісін  ғана  емес,  көркемдік  биік 
сапасын,  өресін  айқындайтын  туындылар.  Жазушының 
суреткерлік  шеберлік  сырларын  саралау,  даралау  –  бүгінгі 
əдебиеттану  ғылымының  алдындағы  сүбелі  де  күрделі 
мəселе. 
Қаламгердің  өзгеге  ұқсамайтын,  өзіне  ғана  тəн 
суреткерлік ерекшеліктерін бағдарлап, пайымдаудың өзі де 
- оңай іс емес. Бұл нəтижеге əдеби туындының көркемдік-
эстетикалық бітімін, поэтикалық жүйесін зерделеу арқылы 
қол  жеткізуге  болады.  Ол  үшін  бір  шығарма  аясында 
қалмай, басқа да романдармен салыстыра қарастыру қажет. 
І.Есенберлиннің тарихи романдары қазақ прозасына 
жаңа өріс, жаңа көркемдік бағыт ашты. Бұл жылдардың 
айрықша сипаты – тарихи оқиғаларға, деректілікке ден  
қойған туындылар қатарының көбеюі. Тіпті бұл тарихи 
романдарды өз алдына бір көркемдік мектеп десе, асыра 
айтқандық болмас.  
І.Есенберлин мектебінен үйренген қазақ романшылары 
осы дəстүрді əрі қарай жалғастырып, тарихи роман 
 105 
 
 
жанрындағы тұлға концепциясын  шешудің сан қырлы 
үлгілерін ұсынды. Өткен тарихи дəуірді жеке адам 
факторы арқылы зерттеуді қолға алып, осы бағытта қол 
жеткен тың дүниелерді əкелді. Ол шығармалар өзінің 
көркемдік-эстетикалық, философиялық-психологиялық, 
танымдық құндылығы жағынан  оң бағаға ие болып келе 
жатыр. 
І.Есенберлин  роман-трилогиясында  қазақ  ұлтының 
қалыптасуы  мен  даму  процесінің  кезеңдеріне  мəн  береді. 
Оның образдарының, образ жүйелерінің өзгешелігі осында. 
Хронологияық  ретпен  суреттеудегі  сараңдық,    адам 
аттарының  молдығы  мен  оқиғаның  қоюлығы,  ішкі 
монологтың  күштілігі  –  осының  бəрі  қазақ  мелекетінің 
іргесі  қалана  бастаған  дəуір  жайында  неғұрлым  көбірек 
материал  беруге  талаптанудан  туған.  Роман-хроника, 
роман-шежіреден  бұдан  артықты  күтудің  реті  жоқ.  Осы 
тұрғыдан  келгенде  «Көшпенділерге»  өзінің  жанрлық 
құрылымымен  үйлеспейтін  талаптар  қою  ретсіз.  Роман  
ХҮ-ХІХ ғғ. оқиғаларын қамтыған. 
 
Негізгі
 əдебиеттер: 
1.
 
Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы.-Алматы,1994. 
2.
 
Бердібаев Р.Қазақ романы.-Алматы,1975. 
3.
 
Елеукенов Ш. Əдебиет жəне ұлт тағдыры.-Алматы, 
1996. 
4.
 
Дəдебаев  Ж.  Өмір  шындығы  жəне  көркемдік 
шешім.-Алматы,1991. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет