«Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп -гимназиясының» кмм pisa халықаралық зерттеуіне дайындық



бет16/16
Дата22.10.2022
өлшемі1,49 Mb.
#44873
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Сұрақ 8
Аспан денелерінің бірі — Ай белгілі бір мөлшерде Жерге әсер етеді. Сен жалғыз өзің ешқандай тіршілік белгісі жоқ аралға тап болдың. Айдың көмегін қалай пайданар едің?
______________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________






ТЕМПЕРАТУРА

Бізді қоршайтын әлемдегі кейбір физикалық құбылыстар денелерді қыздыру немесе суытуымен байланысты. Қыздыру кезінде суық су жылынып, одан кейін қайтадан суитынын білеміз. «Суық», «жылы», «ыстық» сөздерінің көмегімен біз дененің қызу дәрежесін ажыратамыз, физикада бұл сөздер денелердің әр түрлі температурада тұрғанын білдіреді. Ыстық судың температурасы суық судың температурасынан жоғары болады. Жаздағы ауаның температурасы қыстағы ауаның температурасынан жоғары болады.
Денелер температурасын термометр көмегімен, өлшемі градус Цельсий (0С) арқылы өрнектейді.
Жоғары температурада диффузия жылдам өтетінін білеміз. Бұл молекулалардың қозғалыс жылдамдығы мен температурасы өзара байланысты екендігін білдіреді. Дененің температурасы артқан сайын молекулаларының қозғалыс жылдамдығы өседі, температура төмендеген сайын- кемиді.
Сонымен, дене температурасы молекулалардың қозғалыс жылдамдығынан тәуелді.

Сұрақ 1.
Сау адам денесінің абсолют температурасы неге тең?



  1. 36,6 К

  2. 309,6 К

  3. 100 К

  4. 237,6 К

Жауап: В
Сұрақ 2.
Дененің қызу дәрежесін сипаттайтын шама

  1. Жұмыс

  2. Энергия

  3. Жылдамдық

  4. Температура

Жауап: D


Сұрақ 3.
Ыстық және суық су молекулаларының айырмашылығы неде?

  1. Атомдар санында

  2. Молекулалар өлшемінде

  3. Молекулалардың қозғалыс жылдамдығында

  4. Молекулалардың массасында

Жауап: С
Сұрақ 4.
Неге Артиканы зерттейтін ғалым сынап термометрге қарағанда спирт термометрді қолдануды ұйғарады?

Себебі спирт термометр дәлірек көрсеткіштерді береді


Иә/жоқ


  1. Себебі сынаптың қатаю температурасы спирттің қатаю температурасынан төмен

Иә/жоқ


  1. Себебі спирттің қатаю температурасы сынаптың қатаю температурасынан төмен

Иә/жоқ


Жауап: 1-жоқ; 2-жоқ; 3-иә

Сұрақ 5.
Келтірілген шкала бойынша Мадагаскар аралының температурасын Цельсий және Фаренгейтпен анықтаңдар

Жауап: 200С; 680 F



Сұрақ 6.
Алматы оқушылары ауа райын тыңдаған соң, ауаның температурасы туралы пікір таласып отыр. «Бүгін радио бойынша сағат 12-де ауа температурасы -10°C деп айтқан. Бірақ бұл дұрыс емес. Абай даңғылынан жоғары тұратын ағам үйіндегі термометр -8°C көрсетті» -деді Досбол. Оған Әлия қарсы шықты: «Райымбек даңғылынан төмен тұрамын. Біздің термометріміз сағат 12-де -12°C көрсетті». Балалардың екеуі де дұрыс айтып тұр: Алматының әр түрлі жерлерінде орналасқан термометрлер бір уақытта әр түрлі температураны көрсетеді. Осыны қалай түсіндіре аласыңдар?
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жауап: суық ауа жылы ауадан ауыр. Қыста салқын ауа жоғарыдан төмен түседі, сондықтан төменде ауаның температурасы төмен болады. Қазастандағы Алматы қаласы Алатау етегінде орналасқан, сондықтан қаланың оң түстік жағы солтүстік жағынан жоғары орналасқан. Сондықтан бір уақытта Алматының әр түрлі жерінде әр түрлі температура байқалады.
Сұрақ 7.
Тұщы су 0°C температурада қатады. Қазақстандағы Балқаш көлінің бір бөлігі тек қатты аяздарда, ал екіншісі 0°C қатып қалатыны неліктен? Бұл құбылысты қалай түсіндіре аласыңдар?
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жауап: Бұл Балқаш көлі. Оның батыс жағы тұщы ал шығыс жағы ащы болады. Себебі батыс жағынан оған Ілі өзені құяды, ал көл ортасынан Балқан түбегімен екіге бөлінген

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет